Известные имена

Есімдер

Как правильно класть плитку. Как класть плитку на стену быстро. Класть плитку своими руками. Как выбрать ламинат для квартиры. Какой лучше выбрать ламинат сегодня. Какого цвета выбрать ламинат. Как правильно клеить обои. Как клеить обои на потолок вертикально. Как правильно клеить углы обоями. Интересные самоделки своими руками. Качественные самоделки своими руками фото. Самоделки для дома своими руками. Как сделать потолок в доме. Чем лучше утеплить потолок дома на сегодняшний день. Утепление потолка дома своими руками. Бизнес идеи с минимальными вложениями. Успешные идеи малого бизнеса с нуля. Прибыльные бизнес идеи. Как сделать мебель своими руками. Сделать деревянная мебель своими руками. Сделать мебель своими руками видео. Опалубка для фундамента. Как сделать опалубку для фундамента быстро. Опалубка для фундамента купить.

Сүлейменұлы Н.

Ноғайбай Сүлейменұлы (1855-1923)

Ноғайбай Сүлейменұлы 1855 жылы Бұрынғы Семей облысы Зайсан уезі Маңырақ болысының 4-ауылында Ноғайбай қыстағанда (қазіргі Зайсан ауданы Қарабұлақ ауылдық округі) дүниеге келген. 6-7 жасар кезінде шешекпен ауырып, екі көзінен айрылған.

1916 жылы шетелге ауған елмен бірге Қытайға өтіп кеткен. Ноғайбай атының ұмытылмай әдебиет тарихында қалуына себепкер болған орыстың белгілі этнографы- А. Ивановский. 1889 жылы Зайсан өңірінде болып, сол жылы Мәскеу университетінде шығарылатын «Этнографическое обозрение» журналында «Киргизский народный поэт-певец Ногайбай» деген мақала жазады. 1937ж. Жамбыл шығармашылығының 75 жылдығы аталып өтілді. Сол тойда Қазақстанның түкпір-түкпірінен небір жезтаңдай іншілер, шақырылыпты. Сол тойда Жамбыл: «Іштеріңде Ноғайбайдың әндерін білетіндерің бар ма?» деп сұрағанда, ешкім жауап бере алмапты. Сонда Жамбыл: «Япырай, осы жұрттың кемтарларды елемейтіні бар. Әйтпесе қазақта Шөже мен Ноғайбайдан асқан ақын бар ма?» деген екен.
Құдайым көзімді алды көрмесін деп,
Соңынан зұлымдықтың ермесін деп.
Құлақ берді естуге сақ болсын деп,
Қол-аяқ қуат берді өлмесін деп.- деп жырлаған зағип ақынды жыр алыбы Жамбыл дүлдүлдердің қатарына тегін қоспағаны анық.
Ноғайбай ақынның өлеңдері жазбаша емес, ел аузында сақталған. Ноғайбай ақынның өлеңдерін жинақтаушы С. Сырымбетов. (Ертіс өңірі. - 04.05.2011ж).
Бүгінде Ноғайбай ақынның 18 өлеңі, 1ән, 1 поэм, 2 айтысы ғана мәлім.Ол тек қара өлеңнің ғана тарланы емес, асқан әнші, домбырашы, сазгер, үлкен айтыскер ақын болған.
1923 жылы 68 жасында ШҰАР Алтай аймағы Бурылтай өңірінде қайтыс болған.

Н. Сүлейменұлының (Ноғайбай ақын)шығармалары

Произведения Сулейменова Н.

 

Кітаптар - Книги

 

Сүлейменұлы, Н. Шығармалар жинағы [Мәтін] : өлеңдер, айтыстар, ақын туралы мақалалар / Н. Сүлейменұлы. - Алматы : Ел-шежіре, 2007. - 168 б.

 

Н. Сүлейменұлының (Ноғайбай ақын)мерзімді басылымдар мен жинақтардағы мақалалары

Публикации Н. Сулейменовав периодических изданиях и сборниках

 

Өлеңдері - Стихи

 

 

Ноғайбай ақын. Ноғайбай; Құдайым көзiмдi алды көрмесiн деп; Құдiреттi күшiм болса; Жұмбақ шай; Ноғайбай мен Айбаланың айтысы [Мәтін] : өлеңдер / Ноғайбай ақын // Жас қазақ. - 1992. - 25 қараша.

Сүлейменұлы, Н. Кең далам [Мәтін] : [халық ақыны Ноғайбайдың өлеңі] / Н. Сүлейменұлы // Ертіс өңірі. - 2011. - 4 мамыр. - Б. 17.

 

Н. Сүлейменұлының (Ноғайбай ақын)өмірі мен шығармашылығы туралы әдебиеттер

Литература о жизни и творчестве Сулейменова Н.

 

Нұғманова, Ә. Қазақтың әншілік дәстүрі [Мәтін] / Ә. Нұғманова. - Алматы : Қазақстан, 1975. - 48 б. - Ноғайбай ақын туралы.

Жұбанов, А. Қ. Ән-күй сапары [Мәтін] / А.Қ. Жұбанов. - Алматы : Ғылым, 1976. - 480 б. - Ноғайбай ақын туралы.

Байбатыров, Ғ. Шығыс Қазақстан ақындары [Мәтін] : көркем әдебиетті насихаттайтын лекторларға көмекші құрал / Ғ. Байбатыров. - Өскемен, 1981. - 22 б. - Ноғайбай ақын : б. 22.

Сүйіншәлиев, Х.Ж. Қазақ әдебиетінің тарихы [Мәтін] : оқулық / Х.Ж. Сүйіншәлиев. - Алматы : Санат, 1997. - 928 б. - Ноғайбай ақын : б. 535-540.

Төреқұл, Н. Даланың дара ділмарлары [Мәтін] / Н. Төреқұл. - Алматы : Қазақстан, 2001. - 592 б. - Ноғайбай ақын туралы.

Жеңсеханов, М. Шежірелі Зайсан [Электрондық  ресурс] : [Зайсан өңірінен шыққан батырлар мен балуандар, ғалымдар мен қоғам қайраткерлері, өнер иелері мен ақын - жазушылар туралы ] / М. Жеңсеханов. - Семей : Азербаева К., 2004. - 158 б. - Ноғайбай ақын туралы.

Қазақ әдебиеті [Мәтін] : энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы : Аруна, 2005. - 576 б. - Ноғайбай : б. 396.

Шығыс Қазақстанның мәдени мұралары (тарих, мәдениет, білім) [Мәтін]. - Өскемен : ШҚМУ, 2006. - 432 б. - Ноғайбай ақын : б. 297-300.

Құранбайұлы, Б. Шежіре шерткен шер мен сыр [Мәтін] / Б. Құранбайұлы, Е.Қ. Батталұлы. - Өскемен : Рекламный дайджест, 2007. - 332 б. - Сүлейменұлы Ноғайбай туралы.

Құранбайұлы, Б. Шежіре шерткен шер мен сыр [Мәтін] / Б. Құранбайұлы, Е.Қ. Батталұлы. - Өскемен : Рекламный Дайджест, 2008. - 330 б. - Сүлейменұлы Ноғайбай туралы.

Шығыс Қазақстан Облысы [Мәтін] : энциклопедия. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2014. - 848 б. - Сүлейменұлы Ноғайбай : б. 713-714.

                                                       

***

Ноғайбай соқыр [Мәтін] : [ХІХ ғ. аяғында өмір сүрген зайсандық ақын туралы] // Жұлдыз. - 1996. - № 9-10. - Б. 133-139.

Раев, Қ. Алтайдың алып шынары [Мәтін] : [ақын Ноғайбай Сүлейменұлы туралы] / Қ. Раев // Қазақ әдебиеті. - 2004. - 23 қаңтар. - Б. 6-7.

Жеңсеханов, М. Шығыстың Шөжесі [Мәтін] : [халық ақыны Ноғайбай Сүлейменұлы туралы] / М. Жеңсеханов // Ертіс өңірі. - 2011. - 4 мамыр. - Б. 17.

Қарабасов, Ж. Ноғайбай шешеннің Абаймен кездесуі [Мәтін] / Ж. Қарабасов // Ақиқат. - 2014. - № 9. - Б. 73-77.

                                                     

***

Литература Казахстана [Текст] : энциклопедический справочник / Министерство связи и информации Республики Казахстан ; Комитет информации и архивов. - Алматы : Аруна; Қазығұрт, 2010. - 528 с. - Ногайбай : с. 367.