Известные имена

Есімдер

Как правильно класть плитку. Как класть плитку на стену быстро. Класть плитку своими руками. Как выбрать ламинат для квартиры. Какой лучше выбрать ламинат сегодня. Какого цвета выбрать ламинат. Как правильно клеить обои. Как клеить обои на потолок вертикально. Как правильно клеить углы обоями. Интересные самоделки своими руками. Качественные самоделки своими руками фото. Самоделки для дома своими руками. Как сделать потолок в доме. Чем лучше утеплить потолок дома на сегодняшний день. Утепление потолка дома своими руками. Бизнес идеи с минимальными вложениями. Успешные идеи малого бизнеса с нуля. Прибыльные бизнес идеи. Как сделать мебель своими руками. Сделать деревянная мебель своими руками. Сделать мебель своими руками видео. Опалубка для фундамента. Как сделать опалубку для фундамента быстро. Опалубка для фундамента купить.

Сұлтанбеков Т.

Сұлтанбеков Талап Сұлтанбекұлы (1930 ж.) - еңбек ардагері, жазушы, киноматограф

1930 жылы Алматы облысының Ақсу ауданында мұғалімдер отбасында дүниеге келген қазақтың жазушысы. Алғашқы шығармаларын спорт тақырыбына арнаған. Талап Сұлтанбеков - тұңғыш рет қазақ тілінде "Дойбы деген не?", "Дойбы, шахмат тоғызқұмалақ" атты көмекші кітап жазған спортшы, қазақ әдебиетінің тарихында ғылыми фантастика жанрына тұңғыш қалам тартқан жазушы.
Ғылыми қиял (фантастика) жанрына қалам тартып жүрген жазушы шығармаларының тақырыбы сан алуан. Жасөспірімдерге арналған "Көшпелі алтын", "Жүрек тулайды", "Жұлдыз ат", Лұқпан Хакім", "Тізгін", "Темір еліне саяхат",»Ғажайып планета» әңгімелері оқушыны қиялға, арманға жетелейді. Ол өз оқырманын ғылымның табиғи сырына үңілуге, адам миы арқылы оның құдірет күшін танып білуге, тіпті оны тізгіндеп бағындыруға да болатынын айғақтайды.
Талап Сұлтанбеков - қазақың аяулы азаматы, белгілі қаламгер, атақты ақын Ілияс Жансүгіровтің немере інісі. Оқу бітіргеннен кейін Талапты арнаулы орындар полигонның ошағы – Дегелеңнің түбіндегі Абыралы ауданының орталығы Қайнар ауылына жолдамамен мұғалімдік қызметке жібереді. Кім білсін “халық жауының” тұқымын шал-ғайға әдейі шеттеткен болар. Осы кезде Қиыр Шығыста әскерде жүріп, Владивосток мемлекеттік пединститутын сырттай бітіріп келген Сейітжан Тәбәріков туған ауылы Қайнар орта мектебінде тарих пәнінен сабақ беріп жүрген. Жаңа келген жас мұғалім Талаптың “халық жауы” Ілияс Жансүгіровтің туысы, ақын Дәмеш Берсүгірованың ұлы екенін білген соң көлеңкесінен қорқып, зәтте болып қалған жұрт үйіне жатқызуға сес-кенеді. Мектеп директоры жас мұғалімге жататын орын таппай қи¬на¬лып тұрғанда Сейітжан: “Жүр!” – деп үйіне ертіп кетеді. Көпті көрген, талай тауқымет тартқан Тәбәрік пен Қадиша бір ұлы екеу болғандай қуана қарсы алады.
Соңынан ұлын іздеп Абыралыға барған қазақтың белгілі ақыны Дәмеш Берсүгірова сол сапардың әсерінен полигон туралы поэма жазды. Өзінің Қайнарда өткен жылдарын Талап: “Қайнар шын киелі жер, қасиетті ел екен. Менің фантаст жазушы болуыма Абыралының тауы мен тасы себепкер болды. Тау биігі қиялымды шарықтатып, ұшар қанатымды қомдаған-ды. Қайнар мен үшін айтып сөзбен жеткізе алмастай өміріме бетбұрыс, жаңалық ашқан мекен”,–деп еске алады. Сол Қайнарда жүргенде денсаулығына радиация сәулесінен дақ түскен Талаптың көп жылдар бойы азап тартып келе жатқанын былайғы жұрт біле бермейді.
Талап Сұлтанбеков - дойбы ойыны жөнінен мастерлік кандидат, дойбыдан және тоғыз құмалақтан Қазақ ССР-нің экс-чемпионы. Шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ ойындары бойынша республикалық категориядағы төреші және республикалық федерациясының мүшесі.

 

Т. Сұлтанбековтың шығармалары

Произведения Султанбекова Т.

 

 

Кітаптар - Книги

 

 

Сұлтанбеков, Т. Шахмат ойнай бiлесiң бе? [Мәтiн] / Т. Сұлтанбеков. - Алматы : Қазақ мемлекеттік баспасы, 1959. - 51 б. 

 

Сұлтанбеков, Т. Көшпелi алтын [Мәтiн] : ғылыми-фантастикалық әңгiмелер / Т. Сұлтанбеков. - Алматы : Қазақ мемлекеттік көркем әдебиет баспасы, 1964. - 92 б.

 

Сұлтанбеков, Т. Лұхман Хакiм [Мәтiн] : ғылыми-фантастикалық әңгiмелер / Т. Сұлтанбеков. - Алматы : Жазушы, 1966. - 68 б.

 

Сұлтанбеков, Т. Шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ [Мәтін] / Т. Сұлтанбеков. - Алматы : Қазақстан, 1967. - 220 б.

 

Сұлтанбекұлы, Т. Ұстаз. Қаламгер. Қайраткер [Мәтін] / Т. Сұлтанбекұлы. - Алматы : Қағанат, 2010. - 543 б.

 

 

Т. Сұлтанбековтыңмерзімді басылымдар мен жинақтардағы мақалалары

Публикации Т. Султанбековав периодических изданиях и сборниках

 

                                                                   

Прозасы - Проза

 

Сұлтанбеков, Т. Профессор Созақов [Мәтiн] : ғылыми-фантастикалық әңгiме / Т. Сұлтанбеков // Бiлiм және еңбек. - 1960. - № 12. - Б. 8,18-19.

 

Сұлтанбеков, Т. Көшпелi алтын [Мәтiн] : ғылыми-қиял әңгiме / Т. Сұлтанбеков // Бiлiм және еңбек. - 1961. - № 4. - Б. 25-26.

 

Сұлтанбеков, Т. Темiр елiне саяхат [Мәтiн] : ғылыми-фантастикалық әңгiме  / Т. Сұлтанбеков // Лениншiл жас. - 1961. - 16, 17, 21 декабрь.

 

Сұлтанбеков, Т. Түс [Мәтiн] : ғылыми-фантастикалық әңгiме / Т. Сұлтанбеков // Лениншiл жас. - 1961. - 20 апрель.

 

Сұлтанбеков, Т. Мидағы жазу [Мәтiн] : ғылыми-фантастикалық повестен үзiндi / Т. Сұлтанбеков // Бiлiм және еңбек. - 1962. - № 3. - Б. 16-18.

 

Сұлтанбеков, Т. Хат [Мәтiн] : ғылыми-фантастикалық әңгiме / Т. Сұлтанбеков // Лениншiл жас. - 1962. - 29, 31 июль.

 

Сұлтанбеков, Т. Жүрек тулайды... [Мәтiн] : ғылыми-фантастикалық әңгiме / Т. Сұлтанбеков // Бiлiм және еңбек. - 1965. - № 11. - Б. 18-19.

 

Сұлтанбеков, Т. Жалынды планета [Мәтiн] : ғылыми-фантастикалық әңгiме / Т. Сұлтанбеков // Социалистік Қазақстан. - 1965. - 1 май.

 

Сұлтанбеков, Т. "Ғажайып планета" [Мәтiн] : ғылыми-фантастикалық әңгiме / Т. Сұлтанбеков // Бiлiм және еңбек. - 1966. - № 8. - Б. 22-25.

 

Сұлтанбеков, Т. "Қара музыка" [Мәтiн] : ғылыми-фантастикалық әңгiме / Т. Сұлтанбеков // Лениншiл жас. - 1966. - 4-5 июнь.

 

                                                      

 

Мақалалары - Статьи

 

 

Сұлтанбеков, Т. Қазақ киносының өсу жолдары [Мәтiн] : [Қазақфильм киностудиясына Ш. Аймановтың есiмi берiлуiне байланысты қазақ киносының өткенi, бүгiнi және келешегi жайлы мақала] / Т. Сұлтанбеков // Октябрь туы. - 1984. - 9 ақпан.

 

 

Сұхбаттары - Беседы

 

 

Сұлтанбеков, Т. Тоғыздар тоғысы [Мәтiн] : [Қазақстан Республикасының Президентi Н. Назарбаевтың тұңғыш ұстаздарының бiрi, фантаст жазушымен 1999 жылы 10 қаңтарда өтетiн Президенттiк сайлау алдындағы сұхбат / Т. Сұлтанбеков ; әңгімелескен Е. Кәпқызы] // Қазақ Елi. - 1999. - 8 қаңтар.

 

Сұлтанбеков, Т. "Мен оның жұлдызының жарық боларын бiлген едiм" [Мәтiн] : Президент Н. Назарбаевтың ұстазымен сұхбат / Т. Сұлтанбеков ;

 

әңг. Е. Кәпқызы // Түркiстан. - 2000. - 7 шiлде.

 

Сұлтанбеков, Т. "Асылдың сынығымын" деп мақтанамын..." [Мәтiн] : [Қазақстанның құрметтi спорт қайраткерi, журналист, жазушы, кинодраматургпен сыр-сұхбат] / Т. Сұлтанбеков ; әңг. Ш. Күмiсбайұлы // Жетiсу. - 2006. - 9 қыркүйек. - Б. 10.

 

Сұлтанбеков, Т. "Мен сынақ полигонының жәдiгерi болыппын" [Мәтiн] / Т. Сұлтанбеков ; әңг. Ш. Күмiсбайұлы // Айқын. - 2007. - 5 сәуiр. - Б. 28.