Известные имена

Рамазан Д.Ә.

Рамазан Думан Әмірғалиұлы (1967) - жазушы, журналист, аудармашы, зерттеуші, драматург.

1967 жылғы 1 тамызда қазіргі Шығыс Қазақстан (бұрынғы Семей) облысы, Абай ауданы, Қызылту кеңшарында дүниеге келген. 1985-92 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Журналистика факультетінде оқыған. Одан соң М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының аспирантурасын тәмамдаған. Ұзақ жыл республикалық «Халық Кеңесі», «Қазақ әдебиеті» газеттерінде қызмет істеген. Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық Балалар мен жасөспірімдер театрында Әдебиет бөлімінің меңгерушісі және Қазақстан Саяси зерттеулер орталығының бас директоры қызметтерін атқарған.

Қазір «Әлем әдебиеті» журналының бас редакторы. «Көкжал», «Хан Кененің қазасы», «Алланың әмірі», «Жылап аққан тамшылар» атты кітаптардың және «Кенесары хан» деректі фильмі сценарийінің авторы. Харуки Мураками, Юкио Мисима, Джон Голсуорси, Уильям Сароян сияқты әлемге әйгілі қаламгерлердің шығармаларын қазақ тіліне аударған. «Кенесары-Күнімжан», «Апат», «Бала Қазыбек», «Жүрек қалауы» атты драмалық шығармалары бар.

2010 жылы Астанадағы Қалибек Қуанышбаев атындағы драма театрында және 2011 жылы Жамбыл атындағы Шығыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрында «Кенесары-Күнімжан» пьесасы сахналанды. Осы пьесасы 2011 жылы Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына арналған республикалық театр фестивалінде ең үздік драма атанды.

   

Қазақстан Жастар одағы мен Журналистер одағының Баубек Бұлқышев атындағы сыйлығының лауреаты. Кенесары хан атындағы республикалық әдеби конкурстың және «Жылдың ең үздік прозасы» аталымы бойынша «Алтын қалам» байқауының бас жүлдегері. Президенттік және Мемлекеттік стипендияның иегері.

Д. Ә. Рамазан шығармалары

Произведения Рамазана Д. А.

Кітаптар- Книги

Рамазан, Д. Хан Кененің қазасы [Мәтін] / Д. Рамазан. - Алматы : Қазақпарат, 2002. - 240 б.

Рамазан, Д. Алланың әмірі [Мәтін] : әңгімелер / Д. Рамазан. - Алматы : Жазушы, 2008. - 239 б.

Рамазан, Д. Жылап аққан тамшылар [Мәтін] : әңгімелер / Д. Рамазан. - Алматы : ҚазАқпарат, 2011. - 320 б.

Рамазан, Д. Көктамыр [Мәтін] : көсемсөз, әдеби сын, тарихи зерттеулер және сыр-сұхбаттар / Д. Рамазан. - Астана : Фолиант, 2013. - 312 б.

Рамазан, Д. Абылай ханның арманы [Мәтін] : пьесалар, аудармалар, жолжазбалар / Д. Рамазан. - Астана : Фолиант, 2014. - 320 б.

Рамазан, Д. Пешене / Д. Рамазан. - Алматы: Дәуір, 2020. - 248 б.

Д. Ә. Рамазанның аудармалары

Переводы Рамазана Д. А.

 

Акутагава, Р. Тозақ азабы / Мураками, Х. Лексингтондағы елестер [Мәтін] / Р. Акутагава ; аударған Д. Рамазан. - Астана : Аударма баспасы, 2011. - 344 б.

 

Д. Ә. Рамазанның мерзімді басылымдар мен жинақтардағы жарияланымдары

Публикации Д. А. Рамазана  в периодических изданиях и сборниках

1997

Рамазан, Д. Қуанып барып Омбыға [Мәтін] : [Ресейдегі қазақтардың қоғамдық мәдени-ағарту орталық алқалы мәжілісінің өткені туралы] / Д. Рамазан // Қазақ әдебиеті. - 1997. - № 17. - Б. 13.

1998

Рамазан, Д. Әкеңді өлтіргеннен құн сұрама, баласын апиынға үйрет [Мәтін] : [нашақорлық, есірткілік заттар] / Д. Рамазан // Қазақ әдебиеті. - 1998. - № 17. - Б. 6-7.

Рамазан, Д. Көңілдегі күдікті ойлар сейіліп [Мәтін] : [«Жазушы» баспасы жайында] / Д. Рамазан // Қазақ әдебиеті. - 1998. - № 17 . - Б.10.

Рамазан, Д. Жатырқама, жасқама жас ұрпақты [Мәтін] : [бүгінгі қазақ жастары жайында ] / Д. Рамазан // Қазақ әдебиеті. - 1998. - № 20. - Б.10-11.
Рамазан, Д. Соңғы дем [Мәтін] : [әңгіме] / Д. Рамазан // Қазақ әдебиеті. - 1998. - № 22. - Б. 8-9.

Рамазан, Д. Шерлі жүрек [Мәтін] : [әңгіме] / Д. Рамазан // Қазақ әдебиеті. - 1998. - № 22.- Б. 8-9.
Рамазан, Д. Қанды із [Мәтін] : [атаман Анненковтың жазалау жорықтары туралы ] / Д. Рамазан // Қазақ әдебиеті. - 1998. - 28 тамыз.- Б. 10-11.


1999

Рамазан, Д. Сәкен Иманасов «Көбік те болса, көп болсын демеймін..» [Мәтін] : [Сәкен Иманасов шығармашылығы туралы] / Д. Рамазан // Қазақ әдебиеті. - 1999. – 2 сәуір. - Б. 7.
Рамазан, Д. Шераға [Мәтін] : [Шерхан Мұртаза шығармашылығы жайлы] / Д. Рамазан // Қазақ әдебиеті. - 1999. - 2 сәуір. - Б. 7.

Рамазан, Д. Ханның сүйегі қайда ? Көсемге туған топырақ қашан бұйырады ? [Мәтін] : [Кенесары ханның сүйегі қайда деген сұраққа жауап ] / Д. Рамазан // Қазақ әдебиеті. - 1999. - 15 қазан. - Б. 7.


2000

Рамазан, Д. Алматыда 25 кітапхана жабылды [Мәтін] / Д. Рамазан // Қазақ әдебиеті. - 2000. - 14 қаңтар.- Б.
Рамазан, Д. Кенесары бабамның басы қайда? [Мәтін] / Д. Рамазан // Қазақ әдебиеті. - 2000. - 11,18 тамыз;  1 қыркүйек.
                                                             

2001

Рамазан, Д. Қазақтың әні қаға беріс қала бере ме? [Мәтін] / Д. Рамазан // Қазақ әдебиеті. - 2001. - 11 мамыр. - Б. 4-5.

Рамазан, Д. Талантты адал күзетуші [Мәтін] : [қаламгер Тұрсын Жұртбайдың шығармашылығы жөнінде] / Д. Рамазан // Қазақ әдебиеті. - 2001. - № 12. - Б.14.
                                                              2002

Рамазан, Д. Хан Кененің қылышы [Мәтін] : [Кенесары Қасымов пайдаланған қару-жарақтар жөніндегі тарихи деректер] / Д. Рамазан // Қазақ әдебиеті. - 2002. - 19 шілде. - Б. 6.
Рамазан, Д. Махаббат тойы [Мәтін] : [Қозы Көрпеш - Баян сұлу лиро-эпосына -1500 жыл] / Д. Рамазан // Қазақ әдебиеті. - 2002. - 23 тамыз. - Б. 6.
Рамазан, Д. Атажұртты аңсап келген ағайын, қасиетті Түркістанда бас қосты [Мәтін] / Д. Рамазан // Қазақ әдебиеті. - 2002. - 25 қазан. - Б. 3.
Рамазан, Д. Құрылтай өтті... [Мәтін] / Д. Рамазан // Қазақ әдебиеті. - 2002. - 1 қараша. - Б. 3.
Рамазан, Д. Әнді жүрекпен айтқанды ұнатамын [Мәтін] / Д. Рамазан // Қазақ әдебиеті. - 2002. - 22 қараша. - Б.13.


2003

Рамазан, Д. Әдебиетті таланттар ғана жасайды [Мәтін] / Д. Рамазан // Қазақ әдебиеті. - 2003. - 18 шілде. - Б. 3.

2010


Алтын қалам [Мәтін] : [жинақ]. - Алматы : Өнер, 2010. - 240 б. - Д. Рамазан.

Рамазан, Д. Сүйген жүрек [Мәтін] / Д. Рамазан // Жұлдыз. - 2010. - № 8. - Б. 3-36.
                                                              

2011

Рамазан, Д. Жар астында [Мәтін] : әңгіме / Д. Рамазан // Ана тілі. - 2011. - 13-19 қаңтар. - Б.10.

2014

Рамазан, Д. Құса [Мәтін] : [Мағауия туралы көлемді әңгіме] / Д. Рамазан // Абай. - 2014. - № 5. - Б. 88-92.

2015 

Рамазан, Думан. Хан Кененің қылышы [Мәтін] : [Кенесары ордасында сыйлы адамдар мен әскерилер қызыл қылыш асынған.] / Д. Рамазан // Ертіс өңірі. - 2015. - 21 қазан.- Б.12.

2016 

Рамазан, Думан. Қажырлы қайраткер немесе Бектің Орынбегі кім еді? [Мәтін] / Д. Рамазан // Жұлдыз. - 2016. - Б. 187-201.

Рамазан, Думан. Кейкінің бас сүйегіне қатысты көңілде күмәнді ойлар бар екенін жасырмаймын. [Мәтін] / Д. Рамазан; сұхбат: Арай Сүгірбай // Ертіс өңірі . - 2016. - 26 қазан. - Б.8.

2019

Рамазан, Думан. Абайды есеңгіреткен - елінің бұлдыр болашағы [Мәтін] / Д. Рамазан  // Дидар. - 2019. - 16 мамыр.- Б.13.

 

Д. Ә. Рамазан туралы әдебиет

 Литература о Рамазане Д. А.

 

Шығыс Қазақстан облысы [Мәтін] : энциклопедия. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2014. - Рамазан Думан Әмірғалиұлы: б. 628.

Қазақ әдебиеті [Мәтін] : энциклопедиялық анықтамалық / Қазақстан Республикасы мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі. - Алматы : Аруна, 2005. - (Мәдени мұра). – Рамазан Думан: б. 440.

Қазақстан жазушылары. ХХ ғасыр [Мәтін] : анықтамалық. - Алматы : Ана тілі, 2004. - Рамазан Думан: б. 254-255.

Қазақстан жазушылары [Мәтін] : анықтамалық / құрастырғандар  С. Қамшыгер; Қ. Жұмашева. - Алматы : Ан Арыс, 2009. - Рамазан Думан: б. 326.

***

Литература Казахстана[Текст] : знциклопедический справочник / Министерство связи и информации Республики Казахстан; Комитет информации и архивов. -  Алматы : Аруна : Қазығұрт, 2010. - (Мәдени мұра). - Рамазан Думан: б.409.