Мұқамәдиқызы Егеухан (1940 ж.) – ақын, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі.
1940 жылы 1 сәуірде Моңғол Халық Республикасы Баян-Өлгий округінде дүниеге келген.
Отыз жылдай Баяннұр орта мектебінде кітапхана меңгерушісі болды. 1960 жылдан бастап өлең жазып, айтысқа қатыса бастады. 1971 жылы Моңғолияда қазақ айтысын дамытуға қосқан үлесі үшін «Айтыс ақыны» атағын алды. Көптеген республикалық, халықаралық айтыс жеңімпазы.
«Жыр қарлығаштары» (1966), «Таң арайы» (1971), «Ақ қайың» (1971), «Қобда өзен толқыны» (1975), «Ару арманы» (1977), «Айтыс» (1979), «Бәйге» (1980), «Оң қанат» (1982) өлең жинақтары жарыққа шықты. «Қайтқан қаз», «Қос ішек» жыр жинақтарының авторы.
1983 жылы Моңғолия Журналистер Одағы, 1990 ж. – Моңғолия Жазушылар Одағы, 1993 ж. – Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі.
Моңғол Халық Республикасының екінші разрядты шахматшысы.
1-2 дәрежелі «Даңқты ана» ордені, Құрмет грамоталар, медальдармен марапатталған.
Қазір Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Көкөзек ауылында тұрады.
Е. Мұқамәдиқызының шығармалары
Произведения Е. Мукамадикызы
Кітаптар – Книги
Мұқамәдиқызы, Е. Махаббат жетегінде [Мәтін] : өлеңдер мен дастандар / Е. Мұқамәдиқызы. - Астана : Фолиант, 2010.
Мерзімді басылымдар мен жинақтардағы жарияланымдары
Публикации в периодических изданиях и сборниках
Мұқамәдиқызы, Е. Кәрi қыз [Мәтін] : лирикалық дастан / Е. Мұқамәдиқызы // Шалқар.- 1994.- сәуiр. - Б. 5.
Мұқамәдиқызы, Е. Ана тiлi - ана сүтi құнарлы; Ата-анам жатыр Бөкен құмдағында [Мәтін] : өлеңдер / Е. Мұқамәдиқызы // Қазақ әдебиетi.- 1996.- 2 көкек. - Б.11.
Мұқамәдиқызы, Е. Атамекенiн аңсаумен өткен ақын [Мәтін] : [Моңғолияда өмiр сүрген қазақ ақыны Ш. Қалқаұлы туралы] / Е. Мұқамәдиқызы // Шалқар. - 1997. - 7 ақпан. - Б. 5.
Мұқамәдиқызы, Е. Жадырап бiр жанның шөлi қанар ма?; Үржардың мекендедiм көкөзегiн [Мәтін] : өлеңдер / Е. Мұқамәдиқызы // Жұлдыз. - 1997. - № 12.- Б. 56-57.
Мұқамәдиқызы, Е. Жетпiс бес; Осы мен: өлiмiн бе, тiрiмiн бе?!; Қашан қазақ боламыз?! [Мәтін] : өлеңдер / Е. Мұқамәдиқызы // Қазақ әдебиетi. - 2009. - 6 қараша. - Б. 9.
Мұқамәдиқызы, Е. Ұлылар рухы; Туған ел - ту ұстаған ерге тiрек; Абай елi; Ежелден ер Қабанбай - елге тiрек [Мәтін] : өлеңдер / Е. Мұқамәдиқызы // Қазақ. - 2010. - 15 қазан. - Б. 5.
Мұқамәдиқызы, Е. Ана тiлiм [Мәтін] : өлең / Е. Мұқамәдиқызы // Ана тiлi.- 2010. - 18-24 ақпан. – Б. 12.
Мұқамәдиқызы, Е. Елiм-ай [Мәтін] : өлең / Е. Мұқамәдиқызы // Қазақ. - 2011. - 23 - 30 желтоқсан. - Б. 6.
Мұқамәдиқызы, Е. Қоғамдық iндет, қолға алу мiндет [Мәтін] : жалғыз басты ана, тастанды бала жайында / Е. Мұқамәдиқызы // Қазақ.- 2011.- 18-25 ақпан. - Б. 5.
Мұқамәдиқызы, Е. Ару - ана [Мәтін] : өлеңдер / Е. Мұқамәдиқызы // Жұлдыз. - 2012. - № 4. - Б.75-77.
Е. Мұқамәдиқызы туралы әдебиеттер
Литература о Мукамадикызы Е.
Шығыс Қазақстан облысы [Мәтін] : энциклопедия. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы». - 2014. - Мұқамәдиқызы Егеухан: б. 541.
Мекешұлы, Ә. Бесікпен бірге әлемді тербеткен ақын-ана [Мәтін] : ақын Егеухан Мұқамәдиқызы туралы / Ә. Мекешұлы // Түркістан. - 2015.- 31 желтоқсан. - Б. 6.