Омарбаева Дәметкен (Дәмеш) (1950 ж.) - ақын-импровизатор, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері.
Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданында дүниеге келген. Семей педагогикалық институтының филология факультетін аяқтайды.
1975-1985 жж. аудандық және облыстық айтыстарға қатысып, жүлделі орындарды иеленген. Мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ береді.
1985 ж. Алматыда өткен айтыста белгілі айтыскер Қалихан Алтынбаев Д. Омарбаеваның ақындық шеберлігін аңғарады. Қ. Алтынбаев сабақтары Дәметкеннің табиғи дарынын шыңдай түсті. Оған куә - көптеген аудандық, облыстық, республикалық айтыстардағы жеңісі.
Болашақ айтыскер өзінің қабілетін жастайынан-ақ байқаған. Бұған ықпал еткен қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі - Қанипа Бітібаева еді. Үлгілі ұстаз Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданында қызмет етсе де, оның есімі дүйім жұртшылыққа танымал болатын.
1996 ж. Д. Омарбаева Семей қаласына қоныс аударып, жас дарындыларға ақындар студиясын ұйымдастырады. Оның жетекшілігімен облыстық «Шығыс шамшырақтары» айтысы жыл сайын өткізіледі. 2002 ж. Жас ақын-импровизаторлар орталығына халықтық атағы берілді.
Дәметкен Омарбаеваның шәкірттері бүгінгі күні Қазақстанға танымал. Олар: Ринат Зайытов, Сара Тоқтамысова, Қарлығаш Әубәкірова, Әсем Жұмағазина, Дина Базылова, Нұржан Өмірбаев, Жалғас Зейнуллаев, Жасұлан Тәжиев.
Д. Омарбаеваның шығармалары
Произведения Д. Омарбаевой
Д. Омарбаеваның мерзімді басылымдар мен жинақтардағы жарияланымдары
Публикации Д. Омарбаевой в периодических изданиях и сборниках
Омарбаева, Д. Шығыс мінезі [Мәтін] / Д.Омарбаева // Семей таңы. - 2011. - 22 наурыз. - Б. 3.
Омарбаева, Д. Ақындар орталығынан 120 ақын түлеттім [Мәтін] /Д.Омарбаева // Дидар. - 2014. - 10 шілде. - Б. 8.
Омарбаева, Д. Поэзия шырағы [Мәтін] : [ақын Ф.Оңғарсыноваға арналған өлең] / Д. Омарбаева // Дидар. - 2014. - 3 ақпан. - Б. 5.
Д. Омарбаеваның өмірі мен шығармашылығы туралы әдебиеттер
Литература о жизни и творчестве Д. Омарбаевой
Семей өңірінің ақын-жазушылары [Мәтін] : био-библиографиялық көрсеткіш / Абай атындағы әмбебап ғылыми кітапхана. - Семей : Талант, 2005. - Дәмеш Омарбаева: б. 73-74.
Жарма ақындары [Мәтін] : антологиялық жинақ. 1-ші кітап / құрастырған М. Иманжапаров, М. Зүкенұлы . - Семей : Үш биік, 2010. -Омарбаева Дәметкен: б. 328.
Шығыс жұлдыздары : энциклопедиялық анықтамалық. Т. 1 : Сөз зергерлері. Мәдениет майталмандары. - Астана : Фолиант, 2011. - Омарбаева Дәметкен: б.132.
Шығыс Қазақстан облысы [Мәтін] : энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы». - 2014. - Омарбаева Дәметкен (Дәмеш): б. 588.
2000 -
Ахметбекова, А. Ұшырған көкірегінен жырдың құсын [Мәтін] : [айтыскер ақын Д. Омарбаева жайлы сыр] / А.Ахметбекова // Семей таңы. - 2002. - №28. - Б. 9.
Биданова, А. Сохраняя память предков [Текст] // Казахстанская правда. - 2008. - 1 мая.- С.3.
Зүкенов, М. Дәмештің ақындық мектебінен шыққан талант көп : [жерлес ақын Д. Омарбаеваның шығармашылығы туралы] / М.Зүкенов // Дидар. - 2011. - 14 қазан. - Б. 7.
Мақанқызы, К. Шәкірттерімен шұғылалы ұстаз : [семейлік ақын Д. Омарбаева " Бірлік" медалімен марапатталды] /К.Мақанқызы// Ертіс өңірі . - 2013. - 22 мамыр. - Б. 3.
Мектеппен қоштасу вальсі [Мәтін] : сөзі Д.Омарбаеванікі, әні О.Сейітқазінікі // Семей таңы. - 2014. - 22 шілде. - Б.6.