Бікеұлы Мүрсейіт (Нұрсейіт) (1860 - 1917) – Абай шығармаларын тұңғыш жинаушы әрі көшіруші.
Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы өңірінде дүниеге келген. Семейдегі 4 жылдық орыс мектебін аяқтайды. Біраз уақыт Семей уезі кеңсесінде хатшы әрі тілмаш болған. Абайдың хатшысы болғанға дейін, мектеп ашып, ауыл балаларын оқытумен шұғылданған. Абай Құнанбаевтың жас немере інісі Шәкәрім Құдайбердіұлының алғашқы ұстазы болған. Абайдың қалауымен оған орыс тілін үйреткен. Мүрсейіт Бікеұлы - Абай шығармаларын тұңғыш жинап, көшіруші және оның хатшысы. Абай еңбектерінің түпнұсқасы бізге Бікеұлының 1905, 1907, 1910 жылдары жазылған қолжазбалары арқылы жеткен.
Мүрсейіт Бікеұлы қолжазбалары алғаш рет 1909 жылы қырым-татар ағартушысы Ильяс Бораганский басып шығарған Петербургке дейін жеткен. Құжаттар өзге де құнды қолжазбалармен бірге Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясы қорында сақталған.
Ұлы ақын көмекшісінің абайтануға қосқан баға жетпес үлесін Мұхтар Әуезов ерекше атап өткен.
Бікеұлы Мүрсейіт (Нурсеит) туралы әдебиеттер
Литература о Быкеулы Мурсеите (Нурсеите)
Абай [Мәтін] : энциклопедия / ред. Р. Н. Нұрғалиев. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы; Алматы : Атамұра, 1995. - 720 б. - Бікеұлы Мүрсейіт: б. 422.
Абайдың әдеби хатшысы [Мәтін] : зерттеу мақалалар мен естелік пікірлер. - Семей, 2009. - 179 б. - М. Бікеұлы туралы.
Әбуова, Г. Абайдың тұңғыш кітабы [Мәтін] : М. Бікеұлы туралы / Г. Әбуова // Парасат. - 2015. - № 5. - Б. 17.
Серікқазиева, С. Шыңғыстауға саяхат [Мәтін] : М. Бікеұлы туралы / С. Серікқазиева // Ертіс өңірі. - 2015. - 5 тамыз. - Б. 2.