Известные имена

Қасенов Т.

Қасенов Тұрлыхан (1902-1940) - ақын, педагог, публицист.Қасенов Тұрлыхан - ақын, педагог, публицист

1940 ж. Қандығатай болысы, Теректі өңірінің №19 ауылында (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы, Қапанбұлақ ауылы) дүниеге келген. Ақынның әкесі Қасен Қажы екі рет Меккеге барған, оқымысты әрі білімді адам болған. Тұрлыхан білімін ауыл молдасынан бастап, рухани нәр алып, кейін ақсүйек мұғалімнен сабағын жалғастырған. 1920 жылы Тұрлыхан Семейге келіп, мұғалімдер курсына түседі. 1921-1924 жж. Т. Қасенов мектепте жұмыс істейді. 1925 ж. ол Семей педагогикалық техникумына түседі. Семейдегі оқуын аяқтаған соң, жас ұстаз туған ауылына оралып, Шығыс Қазақстанда алғашқы мектептің бірін ашады. Тұрлыхан Қасенов араб, латын, орыс жазуын жетік меңгерген. Бүгінгі күні Қапанбұлақ ауылындағы мектепке Тұрлыхан Қасеновтың есімі берілген.

Дарынды ағартушы сауатсыздықты жоюға, жаппай оқуды жүзеге асыруға үлкен үлес қосқан, Аягөз, Көкпекті аудандарында халыққа білім беру ісіне жетекшілік еткен, 1930 жылы Семейде ашылған колхоз жастарының алғашқы мектебінде директор болған. Ол студенттік кезден-ақ қолына қалам алған.

1934 ж. Т. Қасенов Қазақстан Жазушылар одағы құрамына енген. Ол қазақ әдебиетінің классиктері С. Сейфуллин, Б. Майлин, І. Жансүгіровтермен бірге жұмыс істеген.

Жас ақын асқан шабытпен туындыларын газет, журнал беттерінде жариялап, өз заманын, туған өлкедегі алғашқы үлкен құрылыс жұмыстарын жырларына арқау еткен. Тұрлыхан Қасеновтың «Түрксіб» поэмасы «Қазақ әдебиеті» журналының 1934 жылғы екінші санында (қазіргі «Жұлдыз» журналы) жарық көрген. 30-жылдары ақынның көптеген өлең, поэмалары «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш»), «Социалды Шығыс», «Екпінді» (қазіргі «Семей таңы») т.б. газеттерде жарық көрген.

Қазақстан Жазушылар одағының Шығыс Қазақстан облыстық бөлімін басқарған, «Еңбек» әдеби альманағын ұйымдастырған. Жалынды публицист Т. Қасенов өз ой-пікірін ашық айтатын. Кейін, сол себепті 35 жасында ұлтшыл деген айып тағылып, қуғын-сүргін көрген. Тұрлыхан Қасенов «халық жауы» ретінде  репрессияға ұшырап, ГУЛАГ-та қайтыс болады.

«Кім күшті» (1929), «Нүкен» (1935), «Ерлер әңгімесі» (1934),  поэм «Радио сөзі», «Оспан комсомол» (1934) әңгімелері, «Әріп ақын», «Әдебиет жұмысына ат салысайық» ғылыми зерттеулерінің  авторы. Александр Затаевичтің «500 казахских песен и кюйев» кітабына Тұрлыхан Қасенов орындаған 13 халық әні жазылған, олар: «Ардақ», «Қайрма», «Түлкітымақ», «Қарагөз-ау» т.б.

Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданының Қапанбұлақ ауылындағы мектеп Тұрлыхан Қасеновтың есімімен аталады.

 

 

 

Т. Қасеновтың мерзімді басылымдар мен жинақтардағы мақалалары

Публикации Т. Касеновав периодических изданиях и сборниках

 

 

Қасенұлы,Т. Ахаңның шығармашылық даралығы [Текст] : [А. Байтұрсыновтың мысалдарының қазақ әдебиетіндегі орны] / Т. Қасенұлы // Жұлдыз. - 1994. - № 7. - Б. 181-185.

 

Жарма ақындары [Мәтін] : антологиялық жинақ. 1-ші кітап / құрастырғанМ. Иманжапаров, М. Зүкенұлы. - Семей : Үш биік, 2010. - 328 б. - Т. Қасенұлы.

 

 

Т. Қасеновтың өмірі мен шығармашылығы туралы әдебиеттер

Литература о жизни и творчестве Т. Касенова

 

Кітаптар - Книги

 

Рысбекұлы Қ. Қайтпас қайсар қазақпын [Мәтін] : [ақын, жазушы, қоғам қайраткері Тұрлыхан Қасенұлы туралы]. – Астана : Ер-Дәулет, 2002. – 216 б.

Қазақстан жазушылары. ХХ ғасыр [Мәтін] : анықтамалық. - Алматы : Ана тілі, 2004. – Қасенұлы Тұрлықан: б. 183.

Қазақ әдебиеті [Мәтін] : энциклопедиялық анықтамалық / Қазақстан Республикасы мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі. - Алматы : Аруна, 2005. - (Мәдени мұра). – Қасенұлы Тұрлықан: б. 323. 

Семей өңірінің ақын-жазушылары [Мәтін] : био-библиографиялық көрсеткіш / Абай атындағы әмбебап ғылыми кітапхана. - Семей : Талант, 2005. – Тұрлықан Қасенов: б. 47-48.Қазақстан жазушылары [Мәтін] : анықтамалық / құраст. С. Қамшыгер; Қ. Жұмашева. - Алматы : Ан Арыс, 2009. - Қасенұлы Тұрлықан: б. 232-233.

Мұхамедханов, Қ. Көп томдық шығармалар жинағы [Мәтін]. Т. 9 : мақалалар, зерттеулер, Абай шығармаларына түсініктемелер / Қ. Мұхамедханов. - Алматы : Ел шежіре, 2011. - 384 б. - Т. Қасенұлы (ол туралы).

Шығыс жұлдыздары [Мәтін] : энциклопедиялық анықтамалық. Т. 1 : Сөз зергерлері. Мәдениет майталмандары / құрастырушылар Ұ. Есдаулет, К. Құрмансейіт, Д. Кәпұлы. - Астана : Фолиант, 2011. - Қасенұлы Тұрлықан: б. 103.

Бұл өлең шыққан екен бірталайдан... [Мәтін] : "Біржан-Сара  айтысына" қатысты зерттеу мақалалар мен ғылыми ой-тұжырымдар . - Өскемен : С. Аманжолов атындағы ШҚМУ "Берел" баспасы, 2014. - 506 б. - Т. Қасенұлы.

Шығыс Қазақстан облысы [Мәтін] : энциклопедия. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2014. – Қасенұлы Тұрлықан: б. 455. 

 

***

 

Гайнуллина, Ф. А. Литература Семипалатинского Прииртышья [Текст] : учебное пособие / Ф. А. Гайнуллина. - Семипалатинск, 2002. - Турлыхан Касенов: с. 56-58.

Литература Казахстана [Текст] : знциклопедический справочник / Министерство связи и информации Республики Казахстан; Комитет информации и архивов. -  Алматы : Аруна : Қазығұрт, 2010. - (Мәдени мұра). – Касенулы Турлыхан: с. 270-271.

Писатели Семипалатинскогорегиона [Текст] : био-библиографический указатель / Семипалатинская универсальная научная библиотека им. Абая. - Семипалатинск : Талант, 2006. -Турлыхан Касенов: с. 32-34. 

 

 

Мақалалар - Статьи

 

 1997

 

Тұрлықан ақын [Мәтін] : деректі жинақ / құрастырған М. Айтбайқызы, Қ. Рысбекұлы, Т. Жәкітайұлы, С. Сүйіндікова. - Алматы : Ер-Дәулет, 1997. - 201 б.

 

 

2002-2003

 

Рамазанов, С. Қашанда халқымен бірге [Мәтін] : [ақын, жазушы, қоғам қайраткері Тұрлыхан Қасенұлы туралы] / С. Рамазанов // Семей таңы. - 2002. - № 13. - Б. 3.

Рамазанов, С. Осындай ақын болған [Мәтін] : [ақын, жазушы, қоғам қайраткері Тұрлыхан Қасенұлы туралы] / С. Рамазанов, Д. Сейсенұлы // Егемен Қазақстан. - 2002. - 26 маусым. - Б. 12.

Мұхамедова, Р. Қайтпас қайсар қазақ [Мәтін] : [ақын, публицист, ағартушы Тұрлыхан Қасенұлының туғанына 100 жыл толуына орай] / Р. Мұхамедова // Семей таңы. - 2002. - 30 тамыз. - Б. 2.

Мансарин, Т. Тұрлықан ақын [Мәтін] / Т. Мансарин // Қазақстан мектебі. - 2003. - № 2. - Б. 52-55

 

 

2012 - ...

 

Мұхамедханұлы, Қ. Тұрлықан Қасенұлы [Мәтін] / Қ. Мұхамедханұлы  // Қалба тынысы. - 2012. - 28 наурыз. - Б. 3.

Мұхамедханұлы, Қ. Тұрлыхан Қасенұлы [Мәтін] : [ақын, публицист Т. Қасенұлының өмірі жайлы] / Қ. Мұхамедханұлы // Ертіс өңірі. - 2014. - 22 қазан. - Б.10-11.

 

 

***

 

Бликова, Ж. Слово о Турлыхане [Текст] / Ж. Бликова, Р. Сейпилова // Спектр. - 2002. - 5 апреля. - С. 16 

Рамазанов, С. «Бесстрашен и горд…» / С. Рамазанов // Семипалатинские вести.- 2002.- 5 июля.- С.3. 

Байгужинов, К. Певец своего народа / К. Байгужинов // Семипалатинские вести.-2002.-16 августа.- С.2. 

Рамазанов, С. "Я - свободолюбивый казах, бесстрашен и горд, воспитанный тобой, мой независимый народ" [Текст] : [100 лет поэту, публицисту Турлыхану Касенову ] / С. Рамазанов // Спектр. - 2002. -16 августа. -  С.16. 

Рамазанов, Е. "Я свободолюбивый казах..." [Текст] : [к 100-летию поэта, педагога, публициста Турлыхана Касенулы] / Е. Рамазанов // Рудный Алтай. - 2002. - 24 августа. - С. 6

Биданова, А. Короткий век Турлыхана Хасенова / А. Биданова // Наше дело. - 2002.- 30 августа. - С.7.

Сергеева, Ж. Памяти Турлыхана Касенулы посвящается / Ж. Сергеева // Семипалатинские вести.- 2002.- 30 августа. - С.2.