Известные имена

Қасымов А.

Қасымов Айтмұхамбет Қасымұлы – жазушы, журналист, аудармашы, ғалым, Қазақстанның Құрметті журналисі, Қазақстан Республикасының Жазушылар одағы мен Журналистер одағының мүшесіҚасымов Айтмұхамбет Қасымұлы (1950 ж.) – жазушы, журналист, аудармашы, ғалым, Қазақстанның Құрметті журналисі, Қазақстан Республикасының Жазушылар одағы мен Журналистер одағының мүшесі, Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, филология ғылымдарының кандидаты, С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің «Тарих, филология және халықаралық қатынастар» факультетінің «Қазақ, орыс филологиясы және журналистика» кафедрасының аға оқытушысы.

А. Қасымов 1950 жылы 29 шілдеде Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Аюды ауылында дүниеге келген. 1973 жылы С. М. Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университетін (қазіргі әл-Фараби атындағы Ұлттық университет) аяқтаған. Катон-Қарағай ауданының Парамоновка ауылы Абылай атындағы орта мектепте мұғалім, директордың орынбасары, кейін директор қызметін атқарған.

Айтмұхамбет Қасымұлының негізгі еңбек жолы «Дидар» (бұрынғы – «Коммунизм туы») облыстық газетімен тығыз байланысты. Ең алдымен 1977 жылы әдеби қызметкерліктен бастаған. Кейін бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы, бас редактордың орынбасары және 2009 жылдан – бас редактор болып қызмет етті. 2012 жылы А. Қасымов «Шығыс ақпарат» БАҚ директорының орынбасары қызметінде болды. 2013 ж. тамыз айынан ШҚО мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Шығыс Қазақстан өнер мұражайы» коммуналдық мекемесіне ауысып, 2018 жылдың мамыр айына дейін мемлекеттік тілдің аудармашы-редакторы қызметін атқарады.

2009 жылы «Шығыс Қазақстан облыстық газетінің қалыптасу, даму кезеңдері (1931-2006 жж.)» / «Становление и развитие Восточно-Казахстанской областной казахской газеты (1931-2006 гг.)» атты кандидаттық диссертациясын қорғады.

Айтмұхамбет Қасымұлы 10-нан астам кітап пен журналистика саласы бойынша екі ғылыми басылымның авторы. Жазушының шығармашылық мұрасынан келесі кітаптар орын алады: «Алтайдан ұшқан ақиық» (1999), «Арулар әлемі» (2000), «Үміт патшалығына саяхат» (2003), «Қызыл қырғынның құрбаны» (2004), «Қазақ халқының тұңғыш әскери ұшқышы Жақыпбек Малдыбаев» (2007), «Тарихи жол» монографиясы (2006), «Әмбебап журналист» – ағылшын журналисті Дэвид Рендоудың «Универсальный журналист» кітабының мемлекеттік тілдегі аударма басылымы. 2016 жылы жазушының Шығыс Қазақстанның Таинты болысындағы 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс туралы «Орайшөп көтерілісі» атты жаңа тарихи жинағы жарыққа шыққан. 2017 жылы осы аталған кітап толықтырылып, қайта басып шығарылады. 2019 жылы «Абай әлемі» кітап сериясына А. Қасымовтың жаңа шығармалар жинағы жарыққа шықты.

Аудармашы ретінде Айтмұхамбет Қасымов «Шығыс Қазақстан өнер музейі қор коллекциясының каталогы» басылымын және Шығыс Қазақстаннан шыққан суретшілердің төрт сурет каталогын қазақ тіліне аударды. А. Қ. Қасымов қоғамдық жұмыстарға да белсене араласады. Облыстық кітапханалармен тұрақты түрде қызметтестік орнатып, көпшілік іс-шараларды өткізуде ат салысып, шығармашылық жастар мен әдеби шығармашылықты қолдауға бағытталған «Әдеби HUB» жобасының жұмысына да көмек береді. Айтмұхамбет ҚасымұлыҚазақстан Жазушылар одағының Шығыс Қазақстан облыстық филиалының мүшесі ретінде облыс әкімі Даниал Ахметовтың бастамасымен жүзеге асып жатқан облыстық «Абай әлемі» кітап сериясы облыстық әдеби жобасының редакциялық ұжымының құрамында. «Шығыс ақпарат» ЖШС-нің Бақылаушы кеңесінің мүшесі.

«Ерен еңбегі үшін» үкіметтік медалімен және «Тәуелсіздіктің 20 жылдығы», «Астананың 10 жылдығы» мерейтойлық медальдарымен марапатталған.

Айтмұхамбет Қасымов дала халқының көшпелі өмір салты дәстүрлері туралы Георгий Гребенщиковтың кітаптарын қазақ тіліне аударғаны үшін 2021 жылғы Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының «Ғылыми-көпшілік жұмыс» номинациясының иегері.

 

  А. Қасымов (А. Қасымұлы) шығармалары
Произведения А. Касымова
Кітаптар – Книги

 

Қасымұлы, А. Алтайдан ұшқан ақиық / А. Қасымұлы. - Өскемен : Шығыс Баспа, 1999. - 181 б.
Қасымұлы, А. Арулар әлемі  / А. Қасымұлы. - Усть-Каменогорск : Шығыс баспа, 2000. - 121 б.
Қасымов, А. "Үміт" патшалығына саяхат / А. Қасымов. - Өскемен, 2003. - 90 б.
Қасымов, А. Қызыл қырғынның құрбаны  / А. Қасымов. - Алматы, 2004. - 91 б.
Қасымов, А. Тарихи жол: Шығыс Қазақстан облыстық "Дидар"  газетінің даму жолдары / А. Қасымов. - Өскемен : Рудный Алтай, 2006. - 194 б.
Қасымов, А. Қазақ халқының тұңғыш әскери ұшқышы Жақыпбек Малдыбаев / А. Қасымов ; редактор С. Байхонов. - Өскемен : Альфа-Пресс, 2007. - 69 б.
Қасымов, А. Қ. Шығыс Қазақстан облыстық газетінің қалыптасу, даму кезеңдері (1931-2006) : [Мәтін] : филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның авторефераты / Қасымов А. Қ. - Алматы, 2008. - 30 б.
Қасымов, А. Арман қуған сағынышты жылдар-ай / А. Қасымов // Байдельдинов В. Менің мектебім. - Өскемен : Либриус, 2010. - Б. 61-67.
Қасымов, А. Тарихи жол: Шығыс Қазақстан облыстық "Дидар"  газетінің даму жолдары / А. Қасымов. - Өскемен : Шығыс Ақпарат, 2011. - 232 б.
Қасымов, А. Туған жер әуендері: жинақ / А. Қасымов. - Өскемен : Шыгыс Полиграф, 2015. - 268 с.
Орай шап көтерілісі / ред.: А. Қасымов. - Өскемен: Б.ж., 2017. - 363 б.
Қасымов, Айтмұхамбет. Жол үстіндемін : ғұмырнама / А. Қасымов. - Өскемен : Шығыс Полиграф, 2020. - 356 б.
Қасымов, А. Қ. Журналистік шеберлік : дәрістер жинағы / А. Қ. Қасымов. - Өскемен : КАСУ, 2021. - 145 б.
Қаламгер : (жазушы Ғаббас Қабышұлының 90-ға толуына арналды) / құраст.: Айтмұхамбет Қасымов. - Алматы : Дәуір, 2024. - 328 б.

 

А. Қасымовтың аудармалары

Переводы А. Касымова

 

Рэндалл, Д. Әмбебеп журналист / Д. Рэндалл; ауд. А. Қасымов. - Өскемен : Шығыс-Полиграф, 2014. - 157 б. 

 

А. Қасымовтың (А. Қасымұлы) мерзімді басылымдар менжинақтардағы мақалалары
Публикации А. Касымова в периодических изданиях и сборниках
1980-1999

 

Қасымов, А. Революция жауынгері  : [Л. Тауэр туралы] / А. Қасымов // Коммунизм туы. - 1980. - 6 ноябрь.
Қасымов  А. Хирург : [Т. Әбілмәжінов туралы] / А. Қасымов // Коммунизм туы. - 1982. - 18 июнь.
Қасымов, А. Мәдени ескерткіштер - халық байлығы / А. Қасымов // Коммунизм туы. - 1983. - 16 август. - Б. 4.
Қасымов  А. "Үлбі" іске кірісті: [Өскемен қаласында зейнеткерлерге арналған орталық ашылды] / А. Қасымов  // Дидар. - 1993. - 22 шілде
Қасымұлы, А. Өмірдің өлшемі: [Ұлы отан соғысының ардагері,Ұлан ауд.тұрғыны Қ.Тұраров жайында] / А. Қасымұлы // Дидар. - 1994. - 5 мамыр. - Б. 4.
Қасымұлы, А. Жұмыс тоқтамаса екен...: [Таврия ауд. Ленин атындағы колхоздың шөп шабу науқанынан репортаж] / А. Қасымұлы // Дидар. - 1994. - 5 шілде. - Б. 4.
Қасымұлы, А. "Алтыналмастың" өгей баласы ма?: Белогор кен-байыту комбинатындағы нарық қиыншылықтары / А. Қасымұлы // Дидар. - 1994. - 17 қараша.- Б. 4.
Касымов, А. К взаимовыгодному сотрудничеству: [вВКО с деловым визитом побывала делегация Алтайского округа СУАР КНР] / А. Касымов // Рудный Алтай. - 1995. - 20 июня. - С. 1.
Касымов,А. "Мне тем дорог твой стих..." : [неопубликованные письма П.Кузнецова к Джамбулу] / А. Касымов // Рудный Алтай. - 1996. - 30 марта. - С. 4.
Қасымұлы, А. Күш алып келеді: ["КазТюмень" акц. қоғамының (бұрынғы Лениногор қорғасын заводы) бүгінгі тынысы] / А. Қасымұлы // Дидар. - 1998. - 3 ақпан. - Б. 4.
Қасымұлы, А. Ырыс алды - тірлік  / А. Қасымұлы // Дидар. - 1998. - 7 ақпан. - Б. 4.
Қасымұлы, А. Мәңгі бала бейне: [Өскемен қаласындағы Жамбыл атындағы облыстық орыс драма театры актерлерінің сахнаға шығарған "Ләйла-Ай қызы"  атты қазақ спектакльі туралы] / А. Қасымұлы // Дидар. - 1998. - 27 қараша. - Б. 4.

2000-2007

 

Қасымұлы, А. Астанадағы екі күн: [Шығыс Қазақстан облысынан сенатқа, мәжіліске сайланған депутаттардың қызметі туралы] / А. Қасымұлы // Дидар. - 2000. - 8 сәуір. - Б. 3.
Қасымұлы, А. "Үміттің" жаңа достары  / А. Қасымұлы // Дидар. - 2002. - 2 қаңтар. - Б. 2.
Қасымұлы, А. Майқапшағай мен Жеменейдегі салтанат: [Зайсан кеден учаскесі ретінде жұмыс істеген жүз жылдан аса тарихы бар Майқапшағай кеденінің жұмысы туралы] / А. Қасымұлы // Дидар. - 2002. - 26 наурыз. - Б. 1.
Қасымұлы, А. Гепатит және оның алдын алу / А. Қасымұлы // Дидар. - 2002. - 30 шілде. - Б.4
Қасымұлы, А. Арасанның суы - шипа,батпағы ем: [Жарма жеріндегі Арасан көлінің емдік қасиеті туралы] /А. Қасымұлы // Дидар. - 2002. - 10 тамыз. - Б.4
Қасымұлы, А. Аудан тарихын сақтаушы: [Георгиевкадағы тарихи өлкетану музейінің директоры Нұрбек Мұхаметжанұлы туралы] / А. Қасымұлы // Дидар. - 2002. - 10 қыркүйек. - Б. 3
Қасымұлы, А. Балапанды күзде санайық: [Риддердегі білім беру мекемелерінің жұмысы туралы] / А. Қасымұлы // Дидар. - 2003. - 11 қаңтар. - Б. 2.
Қасымұлы, А. Алғашқы редактор / А. Қасымұлы // Дидар. - 2003. - 6 мамыр. - Б. 2.
Қасымұлы, А. "Социалистік Алтайдың" редакторлары  / А. Қасымұлы // Дидар. - 2003. - 8 шілде. - Б. 2.
Қасымұлы, А. Бейсенғали Тәйкіманов / А. Қасымұлы // Дидар. - 2003. -  22 шілде. - Б. 2.
Қасымұлы, А. Курьерліктен бас редакторлыққа дейінгі жол / А. Қасымұлы // Дидар. - 2003. - 2 тамыз. - Б. 2
Қасымұлы, А. Редактордың орынбасарлары  / А. Қасымұлы // Дидар. - 2003. - 26 тамыз. - Б. 3
Қасымұлы, А. Анна Ивановна / А. Қасымұлы // Дидар. - 2003. -  9 қыркүйек. - Б. 3.
Қасымұлы, А. Семей қаласында болды  / А. Қасымұлы // Дидар. - 2003. -  22 қараша. - Б. 1.
Қасымұлы, А. Арғынның азаматтығы: ауыл жылы / А. Қасымұлы // Дидар. - 2004. - 10 ақпан. - Б. 3.
Қасымұлы, А. Рухани байлыққа кенелтуде / А. Қасымұлы // Дидар. - 2004. - 30 наурыз. - Б. 4.
Қасымұлы, А. Ұрпағының жадында  / А. Қасымұлы // Дидар. - 2004. -  22 мамыр. - Б. 2.
Қасымұлы, А. Тараздан келген хат  / А. Қасымұлы // Дидар. - 2004. - 1 маусым. - Б. 28.
Қасымов, А. Қызыл қырғын құрбаны: Сталиндік репрессия құрбаны, "Жұмысшы" газетінің редакторы Мақсұт Тайшыбаев туралы / А. Қасымов // Жұлдыз. - 2005. - № 3. - Б. 178-186.
Қасымұлы, А. Тәуелсіздік жаршысы / А. Қасымұлы // Ақиқат. - 2006. - № 3. - Б. 43-49.
Қасымұлы, А. Абайдың ізін басқан данышпаным  / А. Қасымұлы // Дидар. - 2006. - 23 қыркүйек. - Б. 6.
Қасымұлы, А. Қарулы дос, жарасымды жар, көп болса ғой екеуіңдей асылдар!... / А. Қасымұлы // Егемен Қазақстан. - 2007. - 9 мамыр. - Б. 5, 8.
Қасымұлы, А. Ғасыр қасіретін арқалағандар / А. Қасымұлы // Дидар. - 2007. - 24 мамыр. - Б. 3.
Жантыкеев, Р. Ченгельды: память о первом казахском летчике  / Р. Жантыкеев // Рудный Алтай. - 2007. - 29 сентября. - С. 6. - А. Касымов.

 

 2010 - ...

 

Қасымов, А. Италияда ашылатын ескерткішке жерлесіміздің де есімі жазылатын болады : [Ш. Боранбаевтың өмірі мен ерліктері туралы тың дерек] / А. Қасымов // Дидар. - 2010. - 5 сәуір. - Б. 5.
Қасымов, А. Жерлесіміздің жер бесігіне Италия топырағы бұйырыпты: [Ш. Боранбаев туралы] / А. Қасымов // Дидар. - 2010. - 7 маусым. - Б. 3.
Жолдыбай, О. Ақырын жүріп, анық басқан  / О. Жолдыбай // Түркістан. - 2010. - 9 желтоқсан. - Б. 10.
Қасымов, А. "Жұмысшы" қазақтың қуат алар, рухын көтерер байрағы болған еді. : [облыстық "Дидар" газетіне - 80 жыл] / А. Қасымов // Дидар. - 2011. - 24 мамыр. - Б. 5.
Қасымов, А. Көне аспаптарды көздің қарашығындай сақтаған: [белгілі ұстаз Қ. Жаманбаев туралы] / А. Қасымов // Дидар. - 2012. - 26 қыркүйек. - Б. 20.
Қасымов, А. Сегіз жылғы сергелдең енді қашанға дейін созылар екен? / А. Қасымов // Дидар. - 2014. - 7 ақпан. - Б. 25.
Қасымов, А. Жаңа қылмыстық кодекс - ізгілендіруге із салу / А. Қасымов // Егемен Қазақстан. - 2014. - 12 тамыз. - Б. 1,5.
Қасымов, А. Туындылары Еуропаны елең еткізген қылқалам шебері: [суретші Қайсан Қадырбековтің шығармашылығы жайлы] / А. Қасымов // Дидар. - 2014. - 25 желтоқсан. - Б. 9.
Қасымов, А. Шығыс Қазақстан облыстық газеті Ұлы Отан соғысы жылдарында  / А. Қасымов // Материалы международной научно-практической конференции "Великая Отечественная война: история, методология, современное осмысление". - Усть-Каменогорск : ТОО ВКПК Арго, 2015. - С. 272-288.
Қасымов, А. Өнермен өрнектелген өмір : [суретші Қ. Қадырбеков туралы] / А. Қасымов // Дәстүр . - 2015. - № 1. - Б. 50-52.
Қасымов, А. Сот төрелігі: оны жүзеге асырудың сапасы мен жеделдігі артуда / А. Қасымов // Егемен Қазақстан. - 2015. - 31 қаңтар. - Б. 6.
Қасымов, А. Қайран етігім-ай! : әзіл әңгіме / А. Қасымов // Қазақ әдебиеті. - 2015. - 12-18 маусым. - Б. 12.
Қасымов, А. Әу баста археолог болуды армандаған едім: [журналист А. Қасымовпен сұхбат] / А. Қасымов // Дидар. - 2015. - 2 шілде. - Б.13.
Қасымов, А. Ауылына қойылған рухани ескерткіш іспетті : [Жерлесіміз С. Ғайсаның танымдық кітабы жарық көрді. ] / А. Қасымов  // Дидар. - 2015. - 8 қазан. - Б.21.
Қасымов, А. Тайынтыдағы "Орай шап" оқиғасы : [1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске 100 жыл] / А. Қасымов // Дидар. - 2016. - 22 қаңтар. - Б. 22.
Қасымов, А. Әдемілікке құштар ақын: [ақын Г. Пуссептің мерейтойына арналған кеш өтті] / А. Қасымов // Дидар. - 2016. - 25 қаңтар. - Б. 6.
Қасымов, А. Халықтар достығы шығармаларына өзек болды: [Шығыс Қазақстан өнер мұражайында балалар шығармашылығының көрме-байқауы өтті] / А. Қасымов // Дидар. - 2016. - 29 сәуір. - Б. 29.
Қасымов, А. Алтайдан ұшқан ақиық / А. Қасымов // Ақиқат. - 2017. - №12.- 58-64 бет
Қасымов, А. Тоқырауды білмейтін қылқалам шебері  / А. Қасымов // Мәдени мұра. - 2017. - №5.- Б.9-12
Қасымов, А. Мен де тентек болыппын / А. Қасымов // Дидар. - 2017. - 4 ақпан.- Б.17.
Қасымов, А. Рухымызды өрлетудің нақыштары  / А. Қасымов // Aqiqat. - 2019. - №1.- 8-12 бет
Қасымов, А. Тұғыры биік тұлға  / А. Қасымов // Aqiqat. - 2019. - №8.- 99-106 бет
Қасымов, А. Халық жауының қызы  / А. Қасымов // Дидар. - 2020. - 18 қаңтар.- Б.4.
Қасымов, А. Шығыстағы сахна өнері  / А. Қасымов // Дидар. - 2020. - 8 ақпан.- Б.6.; 11 ақпан.- Б.3.
Қасымов, А. Көбік сөзден ада қаламгер еді... / А. Қасымов // Дидар. - 2020. - 13 мамыр.- Б.22.
Қасымов, А. "Халық жауының" қызымен әңгіме : ["Жұмысшы" газетінің бас редакторы, саяси қуғын құрбаны М. Тайшыбаевтың қызымен сұхбат] / А. Қасымов // Қазақ әдебиеті. - 2020. - 6 наурыз.- Б.8-9.
Қасымов, А. Көбік сөзден ада қаламгер еді : Дидахмет Әшімханов туралы / А. Қасымов // Арай. - 2020. - 29 мамыр.- Б.6
Қасымов, А. Тұғыры биік тұлға : [ардагер журналист Ж. Әділбаев туралы] / А. Қасымов. // Дидар. - 2021. - 22 сәуір. - Б. 10-11.
Қасымов, А. Жоқтаусыз қалған боздақтар : [саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандары туралы] / А. Қасымов. // Дидар. - 2021. - 29 мамыр. - Б. 4.
Қасымов, А. Тәуелсіздік қалай келген еді ? / А. Қасымов. // Қазақ әдебиеті. - 2021. - 19 қараша. - Б. 20
Қасымов, А. Қызылтас : ( Г . Н . Потанинге арналған ) / А . Қасымов. // Төр Алтай. - 2022. - № 2. - Б . 116 - 124
Қасымов, Айтмұхамбет. Өткен жылдардың өрнегі : [Меңғали Мусиннің туғанына 95 жыл толуына орай жазылған мақала] / А. Қасымов . // Дидар. - 2022. - 20 тамыз. - Б. 3
Қасымов, А. Қаламгерлік пен Қайраткерлікті қабыстырған : [Қазақстан жазушылар одағы Шығыс Қазақстан облыстық филиалының директоры, ақын- журналист, жазушы Әлібек Қаңтарбаев туралы] / А. Қасымов. // Түркістан. - 2022. - 22 қыркүйек. - Б. 7
Қасымов, А. Нәубет : [Сталиндік қуғын-сүргін құрбандарының рухына бағышталады] / А. Қасымов. // Тәңіртау. - 2024. - N2. - Б. 24-44
.

 ***

Касымов, А. Добрый волшебник страны знаний: [об истории Ахмировской школыВКО] / А.Касымов, А. Кумаргажин // Рудный Алтай. - 1994. - 2 июля. -С. 4.
Касымов, А. Родом из Маркаколя: [о первом военном летчике-казахе Ж.Малдыбаеве из аула Ченгелды Маркакакольского района] / А. Касымов // Рудный Алтай. - 1997. - 13 феваля. -С. 4.
Касымов, А. Первый редактор : [о первом редакторе газеты "Дидар" М. Тайчибаеве] / А. Касымов // Рудный Алтай. - 2003. -  31 мая. - С. 3.
Касымов, Айтмухамбет. Знаменитый и таинственный Гребенщиков : 140 лет со дня рождения известного писателя-земляка Г. Гребенщикова / пер. Г. Естаевой. // Төр Алтай. - 2022. - № 2. - С. 112-116
Касымов , Айтмухамбет. Первый казахский военный летчик : [о военном летчике Жакыпбеке Молдыбаеве] / А. К. Касымов. // Тәңіртау. - 2023. - № 4. - С. 118-123 : ил.

 

 А. Қасымовтың ғылыми еңбектері
Научные труды А. Касымова

 

Қасымов, А. Қ. Шығыс Қазақстан облыстық газетінің қалыптасу, даму кезеңдері (1931-2006): филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның авторефераты / А. Қ. Қасымов. - Алматы, 2008. - 30 б.

 

А. Қасымовтың қатысуымен шыққан мақалалар  
Статьи, вышедшие при участии А. Касымова

 

Әліпбаев, С. Облысты шетелдіктерге таныстыру: [мақсатымен Өскеменге шетелдерден,Қазақстан мен Ресейден арнайы іскер топтар,фирмалар өкілдері шақырылып отыр] / С. Әліпбаев, А. Қасымов // Дидар. - 1995. - 23 қыркүйек.- Б. 2.
Әміренов, М. Елбасы Н.Назарбаевтың Шығыс Қазақстанда болуы / М. Әміренов, А. Қасымов // Дидар. - 2002. -29 маусым.- Б.1.
Қабимолдин, М. Фадиха маралшыларында : [Катонқарағай ауданы] / М. Қабимолдин, А. Қасымов // Дидар. - 1994. - 19 шілде. - Б. 4.

 

 А. Қасымов аудармалары
 Переводы А. Касымова

 

Рэндалл, Д. Әмбебеп журналист / Д. Рэндалл; аударған А. Қасымов. - Өскемен : Шығыс-Полиграф, 2014. - 157 б.
Гребенщиков, Г. Батырбектің хандығы: повесть / Г. Гребенщиков; аударған А. Қасымов // Жұлдыз. - 2015. - № 3. - Б. 93-120.

 

А. Қасымов (А. Қасымұлы) өмірі мен шығармашылығы туралы әдебиеттер
Литература о жизни и творчестве А. Касымова

 

Шығыс Қазақстан Облысы: энциклопедия. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2014. – Қасымов Айтмұхамбет. - Б. 458.
Ерқасов, К. Марқакөл маржандары / К. Ерқасов. - Алматы : Қазақпарат, 2003. - 180 б. - А. Қасымов.
Байбатыров, Ғ. Ізденіс жемісі : [А. Қасымов туралы] / Ғ. Байбатыров // Дидар. - 2004. - 29 маусым. - Б. 3.
Тоқпатаев, У. Зерделі зерттеу : [А. Қасымов туралы] / Тоқпатаев У. // Дидар. - 2006. -  11 сәуір. -  С. 4
Елубай, О. Ұстаз, қаламгер, ғалым: [А. Қасымов туралы] / О. Елубай  // Егемен Қазақстан. - 2010. - 26 маусым. - Б. 14.
Жолдыбай, О. Ақырын жүріп, анық басқан: [А. Қасымов туралы] /О. Жолдыбай // Түркістан. - 2010. - 9 желтоқсан. - Б. 10.
Қасымов, А. Әу баста археолог болуды армандаған едім: [сұхбат] / А. Қасымов // Дидар. - 2015. - 2 шілде. - Б. 13.
Бірге еді ғой жанымыз...: естелік, ғұмырнама. - Өскемен, 2018. - 252 б
Қасымов, А. Қырық жыл қалам тербеген :[А. Қасымов туралы] / А. Қасымов // Дидар. - 2020. - 25 маусым. - Б. 11.

 ***

Садибеков, Б. Истинный мастер газетного дела : [о журналисте Айтмухамбете Касымове] / Б. Садибеков // Рудный Алтай. - 2010. - 19 июня. -  С. 3.
Туған жер әуендері / А. Қасымов. - Нұр-Сұлтан : Фолиант, 2019. - 448 б. - (Абай әлемі). - ISBN 978-601-338-368-2 :  
Қасымов, Айтмұхамбет. Жол үстіндемін : ғұмырнама / А. Қасымов. - Өскемен : Шығыс Полиграф, 2020. - 356 б. - б.ж.,