Нұқаев Тұрғазы (1937-2001 жж.) - ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі.
Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданының Егінсу ауылдық кеңесіне қарасты Тұяқ ауылында 1937 жылы 27 -ші маусымда дүниеге келген.
1955 - 1960 жылдары Қазақтың Абай атындағы педагогика институтында оқып, осы оқу орнының тарих-филология факультетін тәмамдайды.
1960-1968 жылдары Ұлан ауданы мектептерінде мұғалім, мектеп директоры болып жұмыс істейді. Бұл жылдары Тұрғазының өлеңдері, балладалары, мақалалары облыстық, республикалық баспасөзде жиі жарияланып тұрды.
Ол 1966 жылы облыстық газетке жұмысқа ауысады. Дарынның шыңдалар тұсы да дәл осы жылдардан бастау алды. Міне содан бергі кезеңде оның шығармашылық қызметі «Дидар» газеті ұжымымен тікелей байланысты өтті.
Ол редакцияда әдеби қызметкерден бастап, редактордың орынбасарына дейінгі жолдан өтті. Мұнда істеген жылдар ішінде Т. Нұқаевтан тәлім тәрбие алып республикамыздың сан қиырында журналист, жазушы болып жүргендер қаншама.
Тұрғазы Нұқаев баршамызға қаламы ұшталған тәжірибелі журналист- публицист, ақын — жазушы ретінде таныс. Ол «Тұңғыш», «Ұлы даланың ұлымын», «Әз ағамыз Әнекең», «Анаға тағзым», «Жарқыраған қос жұлдыз» атты ғұмырнамалық кітаптардың авторы. Ақын Жазушылар одағының мүшесі. Ақын жырлары байсалды, өлеңдерінде бекзаттық, азаматтық әуен басым.
1978 жылы «Жалын» баспасынан «Тұңғыш» атты жыр кітабы жарық көрді. Кітапқа Кенді Алтайдың келісті келбеті, замандастарымыздың жарқын бейнесі, ой-арманы мен жан сезімі арқау болған. «Туған жермен сырласу» атты жырында халқы алдындағы азаматтық абзал ісін өтеу мақсаты айқын аңғарылады. «Марқакөлдің ажары», «Рахман жаңбыры», «Қаба» деген өлеңдерінен ел деп соққан жүректі, ел үмітін ақтап шықсам деген өршіл тілек пен туған жерге деген махаббатты сезінеміз.
Жылдар өткен сайын ақын талай күрделі тақырыптарды игерді, өлеңдерінің көркемдік қасиеттерін жетілдіре түсті. Шығармалары әрдайым нақты өмір тәжірибесінен алынған шынайылығымен оқырман жүрегінен орын алған. «Ауыл», «Жол үстінде», «Тау тарланы» т.б лирикалық дастандары мен толғаулары осының айқын куәсі. Сондай – ақ Т. Нұқайұлының көптеген шығармаларында ел бірлігі, өзара ынтымақ мәселері айқын, анық айтылып, береке бірлік, ынтымақты нығайтуға шақырады.
Тұрғазы Нұқайұлы З.Баянов атындағы облыстық журналистер жүлдесінің иегері. Алдағы уақытта да ақынның жырлары әдебиет сүйер қауымның көңілінен шығатынына сеніміміз зор.
Т. Нұқаев (Т. Нұқайұлы) шығармалары
Произведения Нукаева Т.
Кітаптар - Книги
Нұқаев, Т. Тұңғыш [Мәтін] : өлеңдер / Т. Нұқаев - Алматы : Жалын, 1978. - 32 б.
Нұқайұлы, Т. Әз ағамыз-Әнекең [Мәтін] / Т. Нұқайұлы - Өскемен : Полиграфия, 1994. - 52 б.
Нұқайұлы, Т. Ұлы даланың ұлымын [Мәтін] : өлеңдер,баллада,толғаулар. / Т. Нұқайұлы. - Өскемен : Полиграфия, 1995.
Нұқаев, Т. Анаға тағзым [Мәтін] : хикаят / Т. Нұқаев - Өскемен : Полиграфия, 1996. - 91 б.
Нұқайұлы, Т. Жарқыраған қос жұлдыз [Мәтін] : ғұмырнама / Т.Нұқайұлы - Өскемен : Полиграфия, 1999. - 173 б.
Нұқайұлы, Т. Ұлы даланың ұлымын [Мәтін] : өлеңдер, балладалар, толғау, дастандар / Т. Нұқайұлы. - Өскемен : С. Аманжолов атындағы ШҚМУ баспасы, 2014. - 260 б.
Т. Нұқаевтың мерзімді басылымдар мен жинақтардағы жарияланымдары
Публикации Т. Нукаева в периодических изданиях и сборниках
1990 –
Нұқаев, Т. Тегіне тартқан тарлан ер [Мәтін] : [Қаракерей Қабанбай батырдың туғанына 300 жыл] / Т. Нұқаев // Дидар. - 1991. - 8 тамыз.
Нұқаев, Т. Қолдасын ата аруағың [Мәтін] : [Қаракерей Қабанбай батырдың 300 жылдық мерейтойы] / Т. Нұқаев, Ә. Қайырбаев // Дидар. - 1991. - 25 қыркүйек.
Нұқаев, Т. Қабанбай батыр [Мәтін] / Т. Нұқаев // Арай. - 1991. - 24 тамыз.- Б.3
Нұқаев, Т. Батыр мерейі - халық мерейі [Мәтін] : [Қаракерей Қабанбайдың 300 жылдық тойы] / Т. Нұқаев // Дидар. - 1991. - 10 шілде
Нұқаев, Т. Атадан жеткен асыл сөз [Мәтін] : [өлкеміздегі жер аттары тарихына шолу ] / Нұқаев Т. // Дидар. - 1994. - 29 қараша. - Б.3.
Нұқайұлы, Т. Ғалым мұрасы - ғибратты қазына [Мәтін] : [тіл білімінің білгірі С.Аманжолов жайында] / Нұқайұлы Т. // Дидар. - 1994. - 26 мамыр. - Б.2.
Нұқайұлы,Т. Ақын мен уақыт [Мәтін] / Т.Нұқайұлы // Дидар. - 1995. - 23 қараша. - Б. 4.
Нұқайұлы, Т. Қазақ жұртына тілеу [Мәтін] : [Өлең] / Т.Нұқайұлы // Дидар. - 1995. - 1 қаңтар. - Б.2.
Нұқайұлы, Т. Қалбадағы қаламгер тойы [Мәтін] : [Өткір тілді сықақшы Ғ.Қабышевтің туған жері - Ұлан ауд. 60 жасқа толу мерейтойы тойланды] / Т.Нұқайұлы // Дидар. - 1995. - 17 тамыз.- Б. 4.
Нұқайұлы, Т. Майдангер сөзі [Мәтін] : [Өлең] / Т.Нұқайұлы // Дидар. - 1995. - 18 ақпан. - Б.3.
Нұқаев, Т. Өткен өмір елестері [Мәтін] : деректі повестен үзінді / Т. Нұқаев // Дидар. - 1995. - 19, 26 қыркүйек. - Б. 4.
Нұқайұлы, Т. Ақынның оралуы [Мәтін] : [Катонқарағайлық ақын А.Нұрбаевтың "Сырымды айтам..." жинағы жайлы] / Т. Нұқайұлы // Дидар. - 1996. - 10 қыркүйек. - Б. 3.
Нұқайұлы, Т. Ізгілік іздері [Мәтін] : [жаңа шығармадан үзінді] / Т. Нұқайұлы // Дидар. - 1996. – 11, 13, 15 маусым. - Б. 4.
Нұқайұлы, Т. Ат тұяғын тай басар [Мәтін] : [Ұландық репрессия құрбаны болған К.Асылбаев жайлы] / Т. Нұқайұлы // Дидар. - 1997. - 6 желтоқсан. – Б. 2.
Нұқайұлы, Т. Бір кесірлі мақаланың лаңы [Мәтін] : [репрессия жылдары облыстық"Екпінді"газетінде жарияланған мақала туралы] / Т.Нұқайұлы // Дидар. - 1997. - 27 қараша. - Б. 3.
Нұқайұлы, Т. Ғалымның бағалы зерттеуі [Мәтін] : ШҚМУ доценті Ұ.С. Әлімбетовтың "Рынокке өту кезеңінде Қазақстан түсті металлургиясында үнемдеу мен қайталама ресурстарды пайдалану проблемалары" атты ғылыми зерттеу еңбегі туралы / Т. Нұқайұлы // Дидар. - 1997. - 29 қараша. - Б. 3.
Нұқайұлы, Т. Зерделі ойлар сандығы [Мәтін] : [Қ.Алтынбаевтың"Қалбатау"жинағы жайында] / Нұқайұлы Т. // Дидар. - 1997. - 6 қараша. - Б. 3.
Нұқаев, Т. Алтайым- ардағым менің [Мәтін] : [Толғау] / Т.Нұқаев // Дидар. - 1998. - 24 қараша. - Б. 2.
Нұқаев, Т. Өзіңе сенбе, жас ойшыл,тіл өнері дертпен тең [Мәтін] : [«Тарбағатай ақындары жырлайды» атты кітапқа пікір ] / Т.Нұқаев // Дидар. - 1999. - 16 желтоқсан. - Б. 4.
Нұқайұлы,Т. Пендемін деп күн кешесің [Мәтін] : [жаңа өлеңдер] / Т.Нұқайұлы // Дидар. - 1999. - 6 ақпан. - Б. 2.
***
2000 -
Нұқайұлы ,Т. Алтайдың ардақ тұтар түлегі [Мәтін] : [Зарықбай Ыбыраев ағамыз Кенді Алтайдан өмірге қанат жайған журналистер, ақындар үшін орны бөлек, ерекше қымбат тұлға. Әріптестерінің ақынның туғанына 80 жыл толуына орай ой толғаулары] / Т.Нұқайұлы // Дидар. - 2001. - 5 мамыр.- Б. 4.
Нұқайұлы, Т. Арманың аяласын Тілеубек ! [Мәтін] : ["Қазмырыш" ААҚ-на қарасты Өскемен өндірістік алаңының озат жұмысшыларының бірі, белгілі тәжірибелі анадшы Т.Заманбеков туралы] / Нұқайұлы Т. // Дидар. - 2001. - 2 маусым.- Б.2
Нұқайұлы, Т. Олар ерлікпен өткен жол [Мәтін] : [Ұлы Отан соғысының ардагерлері Әубәкір және Қайырбану Байбатшиндер туралы ] / Т. Нұқайұлы // "Казцинк" ААҚ жаршысы. - 2001. - №20.- Б.3-4; N21.-3-4.
Нұқаев, Т. Сәрсен аға [Мәтін] / Т.Нұқаев // Қазақ әдебиеті. - 2003. - 26 желтоқсан. - Б. 6-7.
Т. Нұқаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы әдебиеттер
Литература о жизни и творчестве Нукаева Т.
Шығыс Қазақстан облысы [Мәтін] : энциклопедия. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2014.- Нұқай Тұрғазы: б. 573.
***
Байбатыров, Ғ. Жүрек сөзі, жан сыры [Мәтін] : [Т.Нұқаевтың "Ұлы даланың ұлымын" атты кітабының жарық көруіне орай] / Ғ.Байбатыров // Дидар. - 1995. - 12 тамыз. - Б. 3.
Қаңтарбаев, Ә. Ғұмырлы болыңыз аға [Мәтін] : [ақын Т.Нұқаев туралы] / Ә.Қаңтарбаев // Дидар. - 1997. - 26 маусым. - Б. 2.
Алтай, Ө. Жұлдыздар жайлы сыр [Мәтін] : [Т. Нұқайұлының "Жарқыраған қос жұлдыз" атты ғұмырнамалық кітабының тұсаукесер рәсімінен] / Ө.Алтай // Дидар. - 1999. - 8 мамыр. - Б. 3.
Нұқаев, Т. Әзілхан мен Әділхан немесе қос майдангер дос туралы хикая [Мәтін] : [жазушы Ә. Нұршайықовтың кейіпкері Әділхан туралы] / Т. Нұқаев, С. Төлеуов // Семей таңы. - 2000. - 26 мамыр.- Б.3. ; Семей таңы . - 2000.; 9 маусым. - Б. 3.
Сәрсенбайқызы, Ғ. Сауыттан оқ өтпеген, сөз өткізген [Мәтін] : [Т.Нұқайға арналған мүшәйра] / Ғ.Сәрсенбайқызы // Дидар. - 2002. - 7 желтоқсан. - Б.1.
Уалханова, Р. Ақын аға, сізді іздеп жүрміз [Мәтін] : [жергілікті ақын Тұрғазы Нұқай туралы] / Р.Уалханова // Дидар. - 2002. - 30 қараша. - Б.6.
Қасенов,С. Аға рухын аңсау [Мәтін] / Қасенов С. // Дидар. - 2003. - 5 сәуір .- Б. 6.
Сәрсенбайқызы, Ғ. Нағыз дарын көмескіде қалмайды немесе ІІ облыстық мүшәйрадан соңғы ой [Мәтін] / Ғ. Сәрсенбайқызы // Дидар. - 2004. - 3 шілде. - Б. 5.
Сәрсенбайқызы, Ғ. Нағыз дарын көмескіде қалмайды немесе ІІ облыстық мүшәйрадан соңғы ой [Мәтін] / Ғ. Сәрсенбайқызы // Дидар. - 2004. - 3 шілде. - Б. 5.
Мәнәпқызы, А. Ұлы даланың ұлы [Мәтін] / А.Мәнәпқызы // Ұлан таңы. - 2007. - 21 шілде. - Б. 2.
Сәрсенбайқызы, Ғ. Өзіңе келді тәу етіп артыңда қалған жұрнағың... [Мәтін] / Ғ.Сәрсенбайқызы // Дидар. - 2008. - 20 қараша. - Б. 4.
Байхонов , С. Тұр-ағаң "Үш қоңырдың" бірі еді. [Мәтін] : [ақын Т. Нұқаев туралы] / С. Байхонов // Дидар. - 2011. - 13 маусым. - Б. 5.
Сәрсенбайқызы, Ғ. "Ұлы даланың ұлының" айтары көп [Мәтін] : [ақын Т. Нұқайұлының жыр жинағы жарық көрді] / Ғ. Сәрсенбайқызы // Дидар. - 2014. - 7 тамыз.- Б. 22.
Құмарбекұлы , М. Айыртаудың қос шыңындай асқақ болатын [Мәтін] : [ақындар С. Ғабдуллаұлы мен Т. Нұқайұлы туралы естелік] / М. Құмарбекұлы // Дидар. - 2015. - 14 қаңтар. - Б. 5.
***
Новая книга Тургазы Нукаева [Текст] : о Т.Нукаеве // Рудный Алтай.- 1999.- 11 мая. - С.2.
Поздравляем вас, Турага! : [Текст] : [журналист газ. "Рудный Алтай", первый зам. редактора обл. газ. "Дидар" Т. Нукаев принят в Союз писателей Казахстана] // Рудный Алтай.- 1996.- 25 мая. - Б. 4.