Оспанов Мұратбек Қабиденұлы (1962 ж.) – журналист, ақын, Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі, бірнеше ақындар айтысының жеңімпазы.
1962 жылы 26 наурызда Семей облысы (қазіргі Шығыс Қазақстан), Абай ауданы, Қарауыл ауылында дүниеге келген. С. М. Киров атындағы ҚазМУ-дың (қазіргі Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ) журналистика факультетін аяқтаған соң, Абай аудандық «Совхоз туы» газетінде қызметкер, жауапты хатшы болған.
1985-1987 жылдар аралығында әскер қатарында болған.
1988 жылы оқуын ойдағыдай аяқтап, сол кездегі Семей облыстық «Семей таңы» газетінің редакциясына жоғары білімді жас маман ретінде арнайы жолдамамен қызметке шақырылды.
1990 жылы республикалық «Лениншіл жас» газетінің шақыртуымен осы басылымның Шығыс аймағындағы меншікті тілшісі қызметін атқарады. 1992 жылы Семейде ұлы Абайдың 150 жылдық тойы қарсаңында «Абай» журналын қайта қолға алып, шығару мәселесі көтерілгенде алдыңғы буын қайраткер, зиялы ағалармен қоса Мұратбек те журналдың жауапты хатшысы қызметіне шақырылды. Қазір есімі журналды қайта шығарушы топтың қатарында аталады. Сол алғашқы жылдан бастап, 2002 жылға дейін жауапты хатшы қызметін мінсіз атқарып келді.
2003 жылдың қараша айынан бастап журналдың Бас редакторы қызметіне тағайындалды.
Өлеңдері «Аудитория» (1984) атты жастардың ұжымдық жинағына енген, «Сандықтас» (1997), «Дүние дидар» (2004), «Сүмбіле» (2005), «Тәңір сыйы» (2005), «Таңдайдағы тамшылар» (2008), «Құт» (2012), «Айна» (2012) атты еңбектері жарық көрді.
2012 жылы «Айна» атты кітабы ақынның 50 жасқа толған мерейлі мезетіне орай Новосібір қаласынан жарық көрді.
2012 жылдан бері Семейдің Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті филология факультетінің журналистика кафедрасында аға оқытушы болып қызмет атқарады.
2007 жылы ШҚО Мәдениет басқармасы жариялаған «Свободной музы приношенье» атты екінші аймақтық поэтикалық сайыста лауреат атанып, бірінші дәрежелі дипломды иеленді. ШҚО әкімінің «Құрмет грамотасымен» және Семей қаласы әкімінің «Құрмет грамоталарымен» бірнеше мәрте марапатталған. ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің N 246-к 04.12.2009 ж. бұйрығы бойынша «Мәдениет қайраткері» атағын алды.
2012 жылғы Шығыс Қазақстан облысындағы мәдениет пен өнердің дамуына қосқан үлесі үшін "Әдебиет ісі" номинациясы бойынша облыс әкімінің сыйлығымен марапатталған.
Бірнеше республикалық жыр мүшәйраларының жүлдегері. 2015 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Ы.Алтынсарин» төсбелгісімен марапатталған.
2016 жылы ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісімен және Семейдегі Абайдың Мемлекеттік қорық-мұражайының арнайы әзірлеген «Абай» медалін иеленді.
2020 жылы «Семей қаласына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталған.
Семей қаласы Әкімінің жанындағы «Үйлестіру кеңесінің» мүшесі.
М. Оспанов шығармалары
Произведения М. Оспанова
Кітаптар - Книги
Оспанов, М. Сандықтас [Мәтін] : өлеңдер, балладалар, толғаулар / М.Оспанов.- Алматы: Жанар, 1997. - 155 б.
Оспанов, М. Дүние дидар [Мәтін] / М. Оспанов. - Семей, 2004. - 288 б.
Оспанов, М. Таңдайдағы тамшылар [Мәтін] : өлеңдер мен поэмалар / М. Оспанов. - Астана : Астана-полиграфия, 2008. - 232 б.
Оспанов, М. Айна [Мәтін] / М. Оспанов. - Новосібір : Эврика, 2012. - 380 б.
Оспанов, М. Құт [Мәтін] : өлеңдер, балладалар, одалар, элегиялар мен сонеттер және поэмалар /М.Оспанов. - Алматы: Жауһар, 2012.- 280 б.
Мерзімді басылымдар мен жинақтардағы жарияланымдары
Публикации в периодических изданиях и сборниках
Оспанов, М. Абай ескерткiшi алдында [Мәтін : өлең / М.Оспанов // Семей таңы. - 1979. - 15 сент. - Б. 2.
Оспанов, М. Көлеңкедегі көшет [Мәтін] : повесть / М.Оспанов // Жалын. - 1992. - 17 маусым.
Оспанов, М. "Өнерпаз болсаң арқалан"... [Мәтін] : [ұлы Абайдың туғанына 150 жыл толуына арналған көркемөнерпаздар байқауы туралы ] / М.Оспанов // Семей таңы. - 1994. - 23 сәуiр. - Б. 2.
Оспанов, М. Ұлттық басылымдарды барласақ [Мәтін] : ұлттық басылымдардың бүгiнгi тынысы туралы / М.Оспанов // Абай. - 2001. - N 4. - Б.1-4.
Оспанов, М. Көзімнің алды көп емес... [Мәтін] / М.Оспанов // Қазақ әдебиеті. - 2004. - 17 қыркүйек. - Б.12.
Оспанов, М. Қазақтың қаны [Мәтін] : поэма / М.Оспанов // Абай. - 2004. - № 2. - Б. 94-99.
Оспанов, М. Қайықта; Кешiгу; Қарт ақынның монологы; Дала сыры / М.Оспанов : "Сүмбiле" жинағынан алынған өлеңдер / М.Оспанов // Дидар.- 2004. - 5 қазан. - Б. 4.
Оспанов, М. Өлең деген жалғыз түйiр дән едiм... [Мәтін] : Құлақ түрем поэзия - дүбiрге; Аналарды қорғасын; Аңшы; Тирде; Етiкшi; Шексiздiк; Қысқы қоста; Ана тiлiм; Қалақай; Ауылды аңсау; Дегелең дертi; Қобызға қолқа / М.Оспанов // Семей таңы. - 2004. - 5 қараша. - Б. 4.
Оспанов, М.Скрипкашы[Мәтін] :поэма / М.Оспанов // Абай. - 2004. - № 1.- Б.72-78.
Оспанов, М. Биiк шыңға бұлт үйiр [Мәтін] : Абай философ емес деушiлерге айтылар сөз / М.Оспанов // Абай. - 2009. - № 3. - Б. 33-35.
Оспанов, М.Мырзахан ақын жайлы[Мәтін] / М.Оспанов // Семей таңы.- 2009. - 21 мамыр. - Б.10.
Оспанов, М. Ақындық қуатпен дара басқаныңыз үшiн... [Мәтін] : ақын Ф. Оңғарсыноваға арналған өлең / М.Оспанов // Дидар. - 2014. - 3 ақпан. - Б. 5.
Оспанов, М. Өлеңнiң сыртқы сұлулығы емес, iшкi мағынасына ден қоямын / М. Оспанов ; әңг. Р. Нұғманбекова // Дидар. - 2014. - 4 сәуiр. - Б.8.
Оспанов, М. Айтылмай кеткен ақиқат [Мәтін] : сұрапыл соғысты да, бейбiт өмiрдi де бастан өткерген Қ.Әбенов туралы естелiк / М.Оспанов // Егемен Қазақстан. - 2016. - 7 мамыр. - Б. 8.
Өмірі мен шығармашылығы туралы әдебиеттер
Литература о жизни и творчестве
Қазақстан жазушылары [Мәтін] : анықтамалық / жауапты ред. Б. Шаханұлы. - Алматы : Ан-Арыс, 2009. - Оспанов Мұратбек: б. 315.
Семей өңірінің ақын-жазушылары [Мәтін] : био-библиографиялық көрсеткіш / Абай атындағы әмбебап ғылыми кітапхана. - Семей : Талант, 2005. -Мұратбек Оспанов: б.76.
Шығыс Қазақстан облысы [Мәтін] : энциклопедия. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы». - 2014. - Оспанов Мұратбек Қабиденұлы: б. 603.
Кудайбергенов, А. Абырой асқарындағы ақын [Мәтін] : [Абай журналының редакторы, журналист Мұратбек Оспанов туралы] / А. Кудайбергенов // Семей таңы. - 2022. - 2 сәуір.- Б.3
Кемелбаева, А. Поэзия - құдайшыл жаратылыстың тілі[М. Оспанов туралы] [Мәтін] / А. Кемелбаева // Қазақ әдебиеті. - 2022. - 15 сәуір.- Б.20
Абай журналы - Алаштың алтын қазығы [Мәтін] : Жүсіпбек Аймауытов пен Мұхтар Әуезов негізін қалаған Абай журналының қайтадан жарық көргеніне 30 жыл // Ертіс өңірі. - 2022. - 27 сәуір.- Б.8
***
Бәшей, К. Жұлдыздардың жарығымен жыр жазған [Мәтін] / М.Оспанов // Ертіс өңірі. - 2004. - 2 желт. - Б.16.
Мырзақанұлы, М. Жерұйық [Мәтін] / М.Оспанов // Ертіс өңірі. - 2005. - 9 маусым. - Б.3.
Тастағанов, М. Ақын елдің ардағы [Мәтін] / М.Тастағанов // Ертіс өңірі. – 2005. - 24 қаңтар. - Б. 27.
Сапышев, А. Төрт таған : ақынның 40 жасқа толуына орай [Мәтін] / А.Сапышев // Семей таңы. - 2002. - 26 сәуір. - Б.12.