Известные имена

Есімдер

Ремонт ноутбука своими руками. Быстрый и гарантийный ремонт ноутбуков. Срочный ремонт ноутбуков. Ремонт компьютеров на дому. Быстрый ремонт компьютеров своими руками. Настройка и ремонт компьютеров. Java уроки для начинающих. Лучшие java уроки. Учим язык Java с нуля. Обзор смартфонов samsung. Качественный обзор смартфонов samsung galaxy. Обзор смартфона samsung galaxy s4. Фото картинки приколы. Самые новые картинки приколы. Лучшие приколы картинки. Скачать аддоны для wow. Самые новые аддоны для wow скачать. Скачать аддоны для wow быстро и без реги. Видео уроки python. Лучшие python уроки. Учим язык python с нуля. Скачать шаблоны для Joomla. Самые новые joomla шаблоны. Бесплатные шаблоны для Joomla.

Оспанов О.

Оспанов ОмарғазыОспанов Омарғазы, аудармашы (1910 - 1988)

Оспанов Омарғазы, 1910 жылы 8 қарашада Семей облысының Бесқарағай ауданындағы Семияр стансасында туған. 1921 жылы сол жерде үш жылдық мектеп бітіріп, молдадан қазақша (төте жазу) хат таныған.
Техникум, рабфак, жоғары оқу орнына түсуге даярлық курстарынан кейін, ауыл шаруашылығы институтына түскен. Екі курсын бітіріп, газет жұмысына ауысқан. 1932 жылы Семей облыстық газетінің ауыл шаруашылығы бөлімінің меңгерушісі, 1933–1935 жж. Алматы облыстық газетінің, 1935–1937 жылдары «Қазақ әдебиеті» газетінің жауапты хатшысы болған. Осы кезден бастап көркем әдебиет аудармасымен айналысқан. 1942 жылы О.Оспановтың аударуында М.Горькийдің әңгімелері жеке кітап боп шыққан. 1943–1944 жылдары Қазақ КСР Радио және телевизия хабарлары мемлекеттік комитетінің төрағасы, 1957–1958 жж. Қазақстан кинeматографистер одағының хатшысы, қалған уақытта республикалық баспа орындарында қызмет істеген.
Орыс классиктерінің шығармаларын қазақ тіліне аударған. А.Пушкиннің, М.Горькийдің, И.Тургеневтің, А.Новиков-Прибойдың, С.Айнидің, С.Залыгиннің, Д.Граниннің, И.Шуховтың көптеген шығармаларын қазақшалаған.
Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1943 жылы Қызыл Жұлдыз , 1985 жылы Отан соғысы ордендерімен, «За трудовую доблесть» және тағы да басқа көптеген медальдармен, Құрмет граматосымен (1986) марапатталған.

Интернет ресурстар:

Қазақстан Жазушылар Одағы -  http://writers.kz/odak_musheleri/?CURENT=%D0%9E&ID=1107