Известные имена

Сақабаев К.

Сақабаев Көкей (Көпжасар) журналист, жазушы

 

Сақабаев Көкей (Көпжасар) (1930-1995 жж.) – журналист, жазушы, КСРО Журналистер одағының және Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі.

1930 жылы 1 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы, Самар ауданы, Көкжыра ауылында орта шаруа отбасында дүниеге келген. Әкесі - Сақабай Байпақов, 1878 жылы туған, Қазан төңкерісіне дейін мал шаруашылығымен айналысқан.
1936 жылы Көкей Сақабаевтың отбасы Самар ауылына көшті. 1949 жылы К. Сақабаев Өскемен қаласындағы Жамбыл атындағы орта мектеп-интернатын бітірген. Сол жылы Ленинград тау-кен институтына оқуға түсті. Ленинградта тау-кен факультетінің екі курсын бітіріп, 1952 жылы өзінің жеке өтініші бойынша К. Сақабаев Алматы қаласындағы Қазақ тау-кен металлургия институтына ауыстырылды.
1954 жылы Қазақ тау-кен институтын аяқтаған соң (Алматы қ.), Жезқазған кен басқармасында ауысым бастығы, 1955 жылдың мамыр айынан Самар ауданының «Казолово» кен басқармасында: тау жұмыстары меңгерушісі, учаске бастығы, кен бастығы, кен басқармасы бас инженерінің орынбасары лауазымдарында жұмыс істейді.
1958 жылдың желтоқсан айынан бастап көптеген жылдар бойы Көкей Сақабаевтың өмірі Риддер қаласымен (бұрынғы Лениногорск) тығыз байланысты болды. 1979 жылдың ақпан айына дейін К. Сақабаев Лениногор полиметалл комбинатының жобалау-конструкторлық бөлімінде инженер-конструктор, аға инженер-конструктор, сектор бастығы қызметтерін атқарған.
Осы жылдар ішінде инженер-кенші жұмысымен бірге шығармашылықты да қатар алып жүрген. Шығармаларын қазақ және орыс тілдерінде жазған. Туындылары облыстық, жергілікті, республикалық газеттерде, "Жұлдыз", "Простор"журналдарында жарияланған.
Автордың «Жазушы» баспасынан жарық көрген алғашқы әңгімелер жинағы «Өткел аузында» (1964 ж.) атты кітабында замандастары, шахтерлер, металлургтер, техникалық зиялылар жайлы сыр шертеді. Облыстық «Коммунизм туы» газеті редакциясында жұмыс істеп жүріп, «Кенші келбеті» (1981 ж.) очерктер жинағын, Шығыс Қазақстанның кенші-металлургтері жайлы жазылған «Көктас» (1984 ж.) романын жариялайды. Міне осы Риддер қаласында (бұрынғы Лениногорск) Кеңес Одағының Батыры Төлеген Тоқтаров туралы деректер жинау бойынша үлкен іздестіру жұмыстарын жүргізді.
1984 ж. К. Сақабаев өзінің бұрынғы жұмысына қайта оралып, 1990 жылға дейін Өскемен қаласында «Казгипроцветмет» мемлекеттік жобалау институтында жобаның бас инженері қызметін атқарған.
1995 жылы Көкей Сақабаев Қазақстан Жазушылар одағының мүшелігіне қабылданды.
Жоғары өндірістік көрсеткіш көрсетіп, өндіріске өнертабыстық ұсыныс енгізгені үшін, белсенді шығармашылық жұмысы үшін облыстық атқару комитеті, облыстық кәсіподақ кеңесі, Лениногорскі полиметалл комбинатының құрмет грамоталарымен марапатталған.
1970 жылы "В.И. Лениннің туғанына 100 жыл толуына орай «Ерен еңбегі үшін" мерейтой медалімен, 1989 жылы Қ. Сақабаев ұзақ жылдар бойы адал еңбегі үшін "Еңбек ардагері"медалімен марапатталған.
1995 жылы тамызда Көкей Сақабаев кенеттен қайтыс болды.
Кеңес Одағының Батыры, жерлесіміз Төлеген Тоқтаров туралы "Намыс" кітабын жазушының достары, оның отбасы мүшелері облыс әкімінің, облыстық қаржы басқармасының, Облыстық мәдениет, спорт және туризм басқармасының қолдауымен 2000 жылы, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 55 жылдығына орай шығарды. 

2000 жылы облыстық мемлекеттік мұрағатта құжаттарға ғылыми-техникалық өңдеу жүргізіліп, 1984-1951, 1954-1955, 1960-1968, 1970-1973, 1975-1990, 1994-1995, 1998, 2000 жылдарға 61 іс қалыптастырылды. Мұрағат қорына 214-ші реттік нөмірі беріліп, істерге бір тізімдеме жасалды..
Көкей Сақабаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған бұрыш Риддер қаласының (бұрынғы Лениногорск) өлкетану мұражайында ашылды.
Көкей Сақабаев тұрған Риддер қаласы Гагарин көшесіндегі № 25 үйге ескерткіш тақта орнатылды.
Оның шығармашылығына арналған материалдар облыстық «Дидар» («Коммунизм туы») газеті мұражайында ұсынылған.

                                                   К. Сақабаевтың (Сақабайұлы) шығармалары
                                                                  Произведения Сакабаева К.
                                                                             Кітаптар - Книги

Сақабаев, К. Өткел аузында : әңгімелер / К. Сақабаев. - Алматы : Жазушы, 1969. - 84 б.
Сақабаев, К. Кенші келбеті / К. Сақабаев. - Алматы : Қазақстан, 1981. - 107 б.
Сақабаев, К. Көктас : роман / К. Сақабаев. - Алматы : Жазушы, 1984. - 232 б.
Сақабайұлы, К. Намыс / К. Сақабайұлы. - Өскемен : Шығыс баспа, 2000. - 64 б.
Сақабаев, К. Көктас : роман, повесть / К. Сақабаев ; Қазақстан Жазушылар одағы РҚБ. - Алматы : Дәуір, 2024. - 312 б. - (Абай әлемі)

 

                      К. Сақабаевтың (Сақабайұлы) мерзімді басылымдар мен жинақтардағы мақалалары
                                    Публикации К. Сакабаева в периодических изданиях и сборниках
                                                                                  Прозасы - Проза

Сақабаев, К.Намыс; Көкқой-Өскемен; Қошқарбай; Ұран жол; Редір; Сағым : әңгімелері / К. Сақабаев // Совет Одағының Батыры Төлеген Тоқтаров / Б. Қапанов, С. Құдабаев. - Өскемен : ШҚМУ, 2010. - Б. 128-162.
Сақабаев, К. Намыс : Ұлы Отан соғысының батыры Т. Тоқтаров жайындағы повестен үзінді / К. Сақабаев // Дидар. - 1994. - 2 маусым. - Б. 3.
Сақабаев, К. Көкқой - Өскемен : Кеңестер Одағының Батыры Т. Тоқтаров жайындағы повестен үзінді / К. Сақабаев // Дидар. - 1995. - 5 қаңтар. - Б. 3.
Сақабаев, К. Намыс : Ұлы Отан соғысының батыры Т. Тоқтаров жайлы повестен үзінді берілген / К. Сақабаев // Дидар. - 1998. - 28 тамыз. - Б. 3.


                                                                                ***
Сакабаев, К. До последнего вздоха : отрывок из повести "Тулеген Тохтаров" / К. Сакабаев // Рудный Алтай. - 1995. - 7 мая. - С. 3.
Сакабаев, К. Перед шагом в бессмертие : отрывок из повести "Тулеген Тохтаров" / К. Сакабаев // Рудный Алтай. - 1995. - 18 апреля. - С. 2.

                                                                       Мақалалар - Статьи

Сақабаев, К. Ерлік / К. Сақабаев // Социалистік Қазақстан. - 1965. - 24 ноябрь. - Б. 3.
Сақабаев, К. Арман жетегінде : очерк / К. Сақабаев // Коммунизм туы . - 1979. - 12 май.- Б. 4.
Сақабаев, К. Жаңа рейс / К. Сақабаев // Коммунизм туы . - 1979. - 5 июль.- Б. 3.
Сақабаев, К. Дәрігер мерейі / К. Сақабаев // Коммунизм туы. - 1982. - 20 май. - Б. 3.
Сақабаев, К. Ерлігі оның мәңгілік / К. Сақабаев, Қ. Сапарғалиев // Коммунизм туы. - 1982. - 9 февраль.- Б. 2.
Сақабаев, К. Ардагер азамат : [Ұлы Отан соғысының ардагері, танкист, лениногорлық Қ. Ақажанов туралы] / К. Сақабаев // Дидар. - 1995. - 25 сәуір. - Б. 3.
Сақабаев, К. Риддерде : [Кеңес Одағының Батыры Төлеген Тоқтаров туралы] / К. Сақабаев // "Казцинк" ААҚ жаршысы. - 2001. - №16.- Б.3-4.


                                                                                      ***
Сакабаев, К. Перед шагом в бессмертие : (Отрывок из повести "Тулеген Тохтаров") / К. Сакабаев// Рудный Алтай. - 1995. - 18 апр.
Сакабаев, К. Дуэль со снайпером : об участнике Великой Отечественной войны, орденоносце Д. К. Титове из г. Усть-Каменогорска / К. Сакабаев // Рудный Алтай. - 1995. - 27 апреля. - С. 3.
Сакабаев, К. До последнего вздоха : (Отрывок из повести "Тулеген Тохтаров") / К. Сакабаев // Рудный Алтай. - 1995. - 7 мая

                       К. Сақабаевтың (Сақабайұлы) өмірі мен шығармашылығы туралы әдебиеттер
                                              Литература о жизни и творчестве Сакабаева К.

Қазақстан жазушылары ХХ ғасыр : анықтамалық. - Алматы : Ана тілі, 2004. - 392 б. - Сақабаев Көкей (Көпжасар): б. 262.
Қазақ әдебиеті : энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы : Аруна, 2005. - 576 б. - Сақабаев Көкей (Көпжасар): б. 450.
Қазақстан жазушылары : анықтамалық / жауапты ред. Б. Шаханұлы. - Алматы : Ан-Арыс, 2009. - 480 б. - Сақабаев Көкей (Көпжасар): б. 335.
Құмарбекұлы, М. Намыс : Көкей Сақабаев туралы / М. Құмарбекұлы // Совет Одағының Батыры - Герой Советского Союза Төлеген Тоқтаров / Б. Қапанов, С. Құдабаев. - Өскемен : ШҚМУ, 2010. - Б. 127.
Шығыс жұлдыздары : энциклопедиялық анықтамалық. Т. 1 : Сөз зергерлері. Мәдениет майталмандары. - Астана : Фолиант, 2011. - 304 б. - Сақабайұлы Көкей (Көпжасар): б. 144.
Шығыс Қазақстан Облысы : энциклопедия. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2014. - 848 б. - Сақабаев Көкей (Көпжасар): б. 650.
Әміренов, М. Ескерткіш тақта орнатылды / М. Әміренов // Дидар. - 2007. - 23 қаңтар. - Б. 3.


                                                                                  ***
Немцев, М. С. Лениногорск литературный : биографический справочник / М. С. Немцев. - Лениногорск : Полиграф-Сервис, 2002. - 167 с. - Сакабаев Кокей (Копжасар): с. 87-88.
Литература Казахстана : энциклопедический справочник / Министерство связи и информации Республики Казахстан ; Комитет информации и архивов. - Алматы : Аруна; Қазығұрт, 2010. - 528 с. - Сакабаев Кокей (Копжасар): с. 420.
Қапанов, Б. Совет Одағының Батыры - Герой Советского Союза Төлеген Тоқтаров / Б. Қапанов, С. Құдабаев. - Өскемен : ШҚМУ, 2010. - 254 с. - Сакабаев Кокей (Копжасар): с. 126.
Немцев, М. С. Литературный Риддер : биографический справочник / М. С. Немцев. - Усть-Каменогорск : Медиа - Альянс, 2012. - 245 с. - Сакабаев Кокей (Копжасар): с. 139.
Азмухамбетов, Ш. Рудознатец, писатель, журналист : он оставил о себе добрую память : установлена мемориальная доска на доме № 25 по улице Гагарина в Риддере, где жил инженер-горняк, писатель и журналист Кокей (Копжасар) Сакабаев/ Ш. Азмухамбетов // Рудный Алтай. - 2007.- 25 января. - С. 24.