Түгел Сәдібек (1955 ж.) – жазушы, публицист, ҚР Жазушылар одағының мүшесі, ҚР Гуманитарлық ғылымдар академиясының академигі, педагог, қоғам қайраткері.
Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы, Амангелді ауылында дүниеге келген. С. М. Киров атындағы ҚазМУ-дың журналистика факультетін сырттай аяқтайды (1982). Әскери борышын өтеген соң (Германия), Алматы мақта-иіру фабрикасында темір ұстасы, Ұланның аудандық «Расцвет – Өркен» газетінде аудармашы-тілші, аудандық Халық депутаттары кеңесінің атқару комитетінде ұйымдастыру бөлімінің нұсқаушысы, Қазақстан ЛКЖО Ұлан аудандық комитетінің бірінші хатшысы, Қазақстан компартиясы Ұлан аудандық комитетінің ұйымдастыру бөлімі меңгерушісі қызметтерін атқарған. Алматы Жоғары партия мектебінің саясаттанушы және әлеуметтанушы мамандығын аяқтаған соң, Ұлан ауданы халықтық бақылау комитеті төрағасы,Ұлан аудандық «Ұлан таңы – Уланские зори» газетінде бас редактор болған.
1994 ж. «Қазақстанның телеарна және радио корпорациясы» аппаратына ауысады, 1998 ж. Астана әкімінің (ол кезде Ақмола) бірінші баспасөз хатшысы болып тағайындалады.
Келесі қызметтерді атқарған: «Менің Қазақстаным» халықтық-патриоттық қозғалысының төрағасы, ҚР Ұлттық ат спорты түрлері қауымдастығының бас хатшысы, Астана қаласының Халықаралық баспасөз орталығы жетекшісі, «Астана дауысы» Ақпараттық агенттігінің бас директоры, ҚР Парламенті Сенат бөлімінің меңгерушісі. 2006 ж. қаңтар айынан шығармашылық және қоғамдық жұмыстармен шұғылдануда: «Қазанат» республикалық ғылыми-танымал журналының шеф-редакторы, ҚР Ұлттық Спорт түрлері қауымдастығының бірінші вице-президенті, ҚР Ұлттық Ат Спорты Федерациясының президенті.
Қазақ халқының салт-дәстүрінен сыр шертетін «Құлыным» журналының (2010) бас редакторы. 17 кітаптың авторы. «Қазанат» кітабы (К. Ракишевпен бірлескен) - «Искусство книги» Халықаралық сайысының жеңімпазы (Мәскеу қ., 2006), 2006 жыл қорытындысы бойынша Қазақстанның үздік кітабы деп танылған. Екі деректі фильмнің, 1000-ға жуық очерк пен мақаланың авторы. Музыка және ән мәтіндерінің авторы, Бүкілодақтық Авторлық құқық жөніндегі Агенттіктің 14 авторлық куәлігін иеленген. «Ұлы дала қырандары» әлеуметтік-мәдени қоғамдық қозғалысының және Ұлы даланың Даңқ мұражайы жобаларының бастамашысы.
«Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» жоғары атағымен, ҚР Президентінің екі мәрте Алғыс хатымен және «Астана» медалімен, журналистика саласы бойынша ҚР Президенті Грантының (2008) және "Халықтың сүйіктісі" ұлттық сыйлығының (2017), спорттық журналистика саласы бойынша Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың иегері.
ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, ҚР құрметті спорт қызметкері, Ұлан ауданының Құрметті азаматы, Л. Гумилев атындағы ЕҰУ профессоры.
ҚР Тұңғыш Президентінің гранты мен «Халықтың сүйіктісі» ұлттық сыйлығының иегері (2017).
Қазақстан Республикасының Республикалық «Парасат жолы» орталығының басшысы.
С. Түгел шығармалары
Произведения С. Тугел
Кітаптар - Книги
Түгел, С. Көк күмбезді Астана [Мәтін] : Деректі повесть / С. Түгел - Астана : Фолиант, 2004. - 140 б.
Түгел, С. Қайдасың қазағымның қазанаты [Мәтін] : Деректі повесть / С. Түгел . - Астана : Фолиант, 2004. - 208 б.
Түгел, С. Астана - жерұйығы елімнің [Мәтін] / С. Түгел. - Астана : Фолиант, 2007. - 140 б.
Түгел, Сәдібек. Ертуған [Мәтін] / С. Түгел. - Астана : Фолиант, 2009. - 109 б.
Түгел, С. Астана хикаялары [Мәтін] / С. Түгел. - Астана : Фолиант, 2014. - 408 б.
Түгел, С. Астана баспасөзінің шежіресі [Мәтін] / С. Түгел. - Астана : "Start" баспаханасы, 2015. - 104 б.
Мерзімді басылым беттеріндегі мақалалар
Статьи опубликованные на страницах периодики
Түгел,С. Сенат- державалық палата [Мәтін] / С. Түгел // Ақиқат. - 2004. - № N.- Б.15-17.
Түгел, С. Жылқыға деген құмарлық немесе әкем Түгел туралы толғау [Мәтін] /С. Түгел // Ертіс өңірі. - 2005. - 17 ақпан.- Б.25
Түгел, С. Өсе бер, өрлей бер, Астана ! [Мәтін] / С.Түгел // Егемен Қазақстан . - 2013. - 6 шілде (№ 165). - 15
Түгел, С. Аламан бәйгедегi айрықша оқиға [Мәтін] / С.Түгел // Егемен Қазақстан.- 2014.- 15 қазан (№ 201).- Б. 7.
Түгел, С. Ертуған: әңгiме [Мәтін] / С.Түгел // Отүкен = Otuken.- 2015.- № 1.- Б.40-75.
Түгел, С. "Ұлы Дала Даңқы" мұражайын салуды қолға алдым [Мәтін] / С.Түгел; әңг. Н. Кенжеұлы // Дидар.- 2015.- 6 ақпан (№ 15).- Б.15.
Түгел, С. Қазанатты іздеген қазақ [Мәтін] / С. Түгел. // Егемен Қазақстан . - 2015.- 21 ақпан (№ 35). – Б.9.
Түгел, С. Әкем бес нәрсені қастерлеуге үйретті [Мәтін] / С. Түгел // Дидар. - 2020. - 30 сәуір.- Б.15.
С. Түгел туралы – О С. Тугел
Кітаптар - Книги
Түгел, Қ. Додада топты жарған Азаматым! [Мәтін] : деректі повесть / Қ. Түгел. - Астана : 2015. - 114 с.
Қазанат - қаным, жылқы - жаным [Мәтін] / құраст.: Қ. Исхан. - Алматы : Нур-Принт, 2015. - 122 б.
Базаров, Ж.Ұлт және Азамат [Мәтін] : сұхбаттар / Ж. Базаров. - Астана : Фолиант, 2015. - 312 б.
Мақалалар - Статьи
Маратұлы, А. "Көк күмбезді Астана" [Мәтін] /А. Маратұлы. // Дидар. - 2004. - 7 желтоқсан.- Б.4
Нығметұлы, Б. Қазанат жайлы туынды [Мәтін] / Б. Нығметұлы // Дидар. - 2004. - 7 желтоқсан.- Б.4
Сарсембайқызы, Ғ. Екі кітаптың тұсаукесері [Мәтін] / Ғ.Сарсембайқызы . // Дидар. - 2005. - 1 ақпан.- Б.2.
Батталғазиева, Ш. Олимпиадаға ұмтылған қазақтың қазанаты... [Мәтін] /Ш. Батталғазиева // Қазақстан-Заман. - 2005. - 3 маусым.- Б.5
Сейілова, А. Көзден кетіп, көңілде қалғандар [Мәтін] /А. Сейілова // Егемен Қазақстан. - 2012. - 8 мамыр (№ 216/221). – Б. 9.
Тасболатов А. Сәдібек Түгел мемлекеттік тілді еркін меңгергендігі жөнінде емтихан тапсырды/ А. Тасболатов // Егемен Қазақстан . - 2019. – 24 сәуір. - Б.1
Қалжанов А. Сәдібектің семсері [Мәтін] / С. Түгел // Астана ақшамы. - 2020. – 22 ақпан.- Б.1