Известные имена

Есімдер

Как правильно класть плитку. Как класть плитку на стену быстро. Класть плитку своими руками. Как выбрать ламинат для квартиры. Какой лучше выбрать ламинат сегодня. Какого цвета выбрать ламинат. Как правильно клеить обои. Как клеить обои на потолок вертикально. Как правильно клеить углы обоями. Интересные самоделки своими руками. Качественные самоделки своими руками фото. Самоделки для дома своими руками. Как сделать потолок в доме. Чем лучше утеплить потолок дома на сегодняшний день. Утепление потолка дома своими руками. Бизнес идеи с минимальными вложениями. Успешные идеи малого бизнеса с нуля. Прибыльные бизнес идеи. Как сделать мебель своими руками. Сделать деревянная мебель своими руками. Сделать мебель своими руками видео. Опалубка для фундамента. Как сделать опалубку для фундамента быстро. Опалубка для фундамента купить.

Әшірбаев Б. Ж.

Аширбаев Болат Жакыпбекович

Әшірбаев Болат Жақыпбекұлы (1964 ж.) – Тарбағатай ауданының Құрметті азаматы, композитор, әнші, республикалық жас композиторлар байқауының лауреаты, ШҚО Композиторлар одағының және Қазақстан Авторлар одағының мүшесі.

1964 жылы 17 қаңтарда Тарбағатай ауданы, Ақжар ауылында дүниеге келген. Ақжар ауылының музыка мектебінде оқып, Өскемен (Шығыс Қазақстан облысы) педагогикалық институтының музыка факультетін (1982-1989) бітіріп, «Музыка мұғалімі, тәрбиеші әдіскер» мамандығын алған.

Бірінші курстан кейін әскер қатарына шақырылады. ЖОО-да оқуға қайта оралып, «Көктем» фольклорлық ансамблін басқарады. Содан кейін Өскеменде қаласында өзі сабақ берген Жамбыл атындағы мектеп-интернат базасында «Достық» ВАА құрған. Бүкіл Қазақстанды аралап, Ленин атындағы лицей-интернат жанындағы Өнер мектебінің директоры болады.

1993–2000 жылдары №3 қазақ орта мектебі жанындағы Өнер мектебінің директоры.

2000–2003 жылдары Новоявленка ауылының орта мектебінде тәрбие жұмысы бойынша меңгеруші болып жұмыс істеген. Бірнеше ән жинағының авторы, Алматыда өткен «Үкілі үміт» Республикалық жас композиторлар байқауының дипломанты.

Қазақстандық эстрада жұлдыздары орындайтын 30-дан астам әннің авторы.

2011 жылы 13 әннен тұратын CD-дискі шығарған.

2014 жылдан – Ақмола облысы, Целиноград ауданының Мәдениет үйінің директоры.

Б. Ж. Әшірбаев туралы әдебиеттер – Литература о Б. Ж. Ашербаеве

Кітаптар-книги:

Әшірбаев Б. Тарбағатай таулары [Мәтін] : Ән жинағы / Әшірбаев Б. - Семей : СемейПечать, 1998. - 39 б.

Туған жер әуендері [Мәтін] : ШҚО композиторларының шығармалар жинағы = Земли родной напевы. - Өскемен, 2005. - Б. 49.

Қазіргі айтыс [Мәтін]. - Астана : Күлтегін, 2006

Мақалалар –статьи

Сарсембайқызы, Ғ. Сазгердің ән думаны [Мәтін] / Ғ. Сарсембайқызы  // Дидар. - 2004. - 7 желтоқсан.- Б.3

Чукатаев, Е. "Тарбағатай таулары" атты үн таспа [Мәтін] : [Сазгер Б. Әшірбаевтың үнтаспасы жарық көрді.] / Е. Чукатаев // Мәдениет жаршысы / Шығыс Қазақстан облыстық мәдениет басқармасы=Управление культуры Восточно-Казахстанской области. - Өскемен, 2011. - N 5.- Б.23

Молдабек Ш. Облыс әкімінің орынбасарын сабатқан кім? [Мәтін] : Бақытжан Әшірбаевтың сабалуы / Молдабек Ш. // Қазақстан - ZAMAN . - 2005. - 8 шілде (N 27). - Б. 5

Әліпбай, С. Әсерлі әндер [Мәтін] / С. Әліпбай // Егемен Қазақстан. - 2015. - 17 қараша.- Б. 22

***

Мустафин, С. Песни Болата Ашербаева [Текст] / С. Мустафин  // Рудный Алтай. - 2007. - 6 февраля. - С. 8

Ким Е. О хитах, рожденных в Тарбагатайских горах [Текст] : [о композиторе Б. Ашерабаеве] / Е. Ким // Рудный Алтай. - 2015. - 3 февраля. - С. 4.