Маковеев Леонид Иванович (1911-1998) – мүсінші, Өскемен қаласының Құрметті азаматы.
1911 жылы шаруа отбасында дүниеге келген. Еңбек жолын «Ленинградстрой» трестінде шатыршы болып бастаған. Ленинград ТКШ инженерлер институтының сәулет факультетін бітіргеннен кейін Куйбышевте жұмыс істеді. Леонид Маковеев - Ұлы Отан соғысының қатысушысы, рота командирі болған, содан кейін 353-ші атқыштар полкінің химиялық қызметін басқарған.
Қызыл Ту, Қызыл Жұлдыз ордендерімен және көптеген медальдармен марапатталған. Соғыстан кейін «Ленгипрогор» институтында 30 жылдан астам жұмыс істейді. Белгілі дизайнер және сәулетші Леонид Иванович Маковеев – Өскемен қаласының Бас жоспарының бас сәулетшісі. Оның тікелей қатысуымен Ленин (қазіргі Н. Назарбаев) даңғылының құрылысы жүргізілді. Оның жобасы бойынша қаланың орталық мәдениет үйі (Қазіргі Үлбі МҮ) салынды.
Қызыл Ту, Қызыл Жұлдыз ордендерімен және медальдармен марапатталған.
Л. И. Маковеев туралы әдебиеттер
Литература о Л. И. Маковееве
Шығыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. \Бас ред. Б.Ө. Жақып. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2014.- 848 б.
Пуссеп, Г. Н. Почетные граждане Усть-Каменогорска / Г. Н. Пуссеп, С. С. Грекова. - Усть-Каменогорск : [б. и.], 2008. - 133 с 250 экз.