Аухадиев Сайлаухан Әбілханұлы (1939 ж.т.) – қалалық ақсақалдар кеңесінің төрағасы, Өскемен қаласының, Күршім, Катонқарағай және Тарбағатай аудандарының Құрметті азаматы.
1939 жылы 24 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Бестерек ауылында дүниеге келген.
1957 жылы орта мектепті бітіргеннен кейін Алматы қаласындағы Қазақ мемлекеттік ауыл шаруашылығы институтына агрономия факультетіне оқуға түседі. Кейін Алматы жоғары партия мектебін сырттай аяқтайды.
1963 жылдан 1980 жылға дейін Шығыс Қазақстан облысының Большенарым және Марқакөл аудандарында колхоз бен совхоздардың бас агрономы, директоры болып жұмыс істейді. Тарбағатай аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы болып он жыл қызмет атқарады. 1990 жылдардың басында Шығыс Қазақстан облысының Монополияға қарсы саясат жөніндегі мемлекеттік комитетін басқарды. Содан кейін Облыстық нан инспекциясын басқарады.
1999-2006 жылдары С. А. Аухадиев Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Шығыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясы бөлімінің бастығы болды.
Аудандық және облыстық халық депутаттары Кеңесінің депутаты, сондай-ақ Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланды.
«Еңбек Қызыл Ту» орденімен, алты медальмен марапатталған. 2000 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін – Өскемен қаласы мен Шығыс Қазақстан облысы Ардагерлер кеңесінің мүшесі, ШҚО бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясының қалалық жұртшылық кеңесінің және қоғамдық келісім кеңесінің мүшесі, Өскемен қалалық Ақсақалдар кеңесінің төрағасы. 2020 жылы Сайлаухан Аухадиевке Өскемен қаласының дамуына қосқан ерекше үлесі үшін «Өскемен қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді.
С. А. Аухадиевтың қатысуымен шыққан басылымдар
Издания, вышедшие при участии Аухадиева С. А.
Его дела не подвластны времени : к 85-летию со дня рождения А. К. Протозанова : сборник воспоминаний / сост. Л. Б. Шик. - Усть-Каменогорск : Издательство ВКГУ, 1999. - 159 с.
Аухадиев С. А. туралы әдебиет
Литература об Аухадиеве С. А
Кітаптар – Книги
Аухадиев Сайлаухан Абильханович // Книга почёта. Город Усть-Каменогорск = Құрмет кітабы. Өскемен қаласы / автор идеи и рукодовитель Коротин С. В. - Алматы : Print House Gerona, 2021. - С.154-155.
Мақалалар - Статьи
Азмухамбетов, Ш. Эпопея тучных колосьев : [О С. Аухадиеве - главном государственном хлебном инспекторе] / Азмухамбетов Ш. // Рудный Алтай. - 1999. - 23 дек. - С. 3
Шик, Лео Богданович. В конкретных делах быть отличником : это характеризует Сайлаухана Аухадиева всю жизнь. / Л. Б. Шик. // Рудный Алтай. - 2019. - 21 декабря. - С. 3.