Екибасова Майраш Шайзадиновна (1957 ж. т.) - Өскемен қаласының Құрметті азаматы.
1957 жылы 6 мамырда Шығыс Қазақстан облысы Бұқтырма ауданының Братск ауылында дүниеге келген.
1981 жылы Өскемен педагогикалық институтын бітірді. Шығыс Қазақстан облысының Самар ауданында математика пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеді, белсенді комсомол және партия қайраткері болды.
1991 жылы Алматы саясаттану және басқару институтын, 2012 жылы Халықаралық бизнес университетін тәмамдады.
Майраш Шайзадинқызы әртүрлі жылдары Өскемен қаласы әкімдігінің «Істер басқармасы» КМҚК-ның төртінші және тоғызыншы филиалдарын басқара жүріп Өскемен қаласының аумақтық өзін-өзі басқару жүйесін дамытуға баға жетпес үлес қосты. 2011-2013 жылдары М. Ш. Екібасова «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының партиялық бақылау комиссиясының төрайымы болды. Содан кейін өзін-өзі басқару жүйесіне қайта оралып, бір жылға жуық Өскемен қаласы әкімдігінің «Істер басқармасы» КМҚК басшысының орынбасары болып жұмыс істеді.
Майраш Шайзадинқызы Өскемен қалалық мәслихатының IV және V шақырылымдарының депутаты болып сайланды, соңғы уақытта «Нұр Отан» партиясының Өскемен қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарды. «Құрмет Белгісі» орденімен, «Ерен еңбегң үшін» медалімен және «Белсенді қызметі үшін» төсбелгісімен марапатталған.
М. Ш. Екибасова туралы әдебиет
Литература о Екибасовой
Кітаптар - Книги
Екибасова Майраш Шайзадиновна // Құрмет кітабы. Өскемен қаласы = Книга почёта. Город Усть-Каменогорск / автор идеи и руководитель проекта Коротин С. В. - Алматы : Print House Gerona, 2021. - С. 160-161.
Мақалалар - Статьи
Чех, Евгения. Бороться и искать, найти и не сдаваться!: [об общественном деятеле Майраш Екибасовой] / Е. Чех. // Устинка плюс. - 2022. - 17 февраля. - С. 13.