Соколов Сергей Александрович – Глубокое ауданының Құрметті азаматы, армрестлингтен ҚР спорт шебері, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, жоғары санатты армрестлинг бөлімінің аға жаттықтырушы-оқытушысы, Халықаралық санаттағы судья.
26 тамыз 1961 жылы Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласында дүниеге келген. Әкесі құрылысшы болғандықтан, отбасы ұзақ уақыт бір жерде тұрмай, нысандар тапсырылған кезде оның артында көшіп жүрген. Осылайша Сергей Соколов әкесі құс фабрикасын салған Черемшанка шағын ауылында тұрады. Сегізінші сыныптан кейін № 119 Семей ГПТУ-ға түсіп, үздік бітіреді. Үлестіру бойынша ол Қиыр Шығысқа жіберіледі, онда ол электр монтажшысы болып жұмысқа орналасады. Әскерде қызмет еткеннен кейін Сергей Александрович Черемшанкаға оралады. Мектепте дене шынықтыру мұғалімі, содан кейін құс фабрикасында спорт нұсқаушысы болып жұмыс істейді. Сонымен қатар энергетикалық техникумын аяқтайды, содан кейін ШҚМУ-да – «Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша бітіреді. Педагогикалық өтілі - 30 жылдан астам, БЖСМ – де-20 жылдан астам.
1992 жылы ағасы Олегпен бірге өз ауылында армрестлингті дамыту туралы шешім қабылдайды. Мектепте кинозалды қайта жабдықтайды. Барлық машиналар, снарядтар, гантельдер мен күрес үстелдерін өздері жасайды. Осы жылдар ішінде ағайынды Соколовтар 12 халықаралық дәрежедегі спорт шеберін, 25 спорт шеберін және 70-тен астам спорт шеберіне үміткерлерді дайындайды. Олардың тәрбиеленушілері Болгария, Канада, Жапония, Англия, Италия және АҚШ-тағы әлем чемпионаттарында, Литвадағы Еуропа чемпионатында, ТМД, Үндістан және Иран елдеріндегі турнирлерде Қазақстанның спорттық намысын қорғаған. Сергей Соколов жаттықтырушылық жұмыс пен салауатты өмір салтын насихаттаудан басқа, төрешілік бойынша семинарлар өткізеді. Ол-армрестлинг бойынша Қазақстан федерациясының аға төрешісі, халықаралық санаттағы судья, WAF төрешісі шебері.
Сергей Александрович көптеген әлем чемпионаттарындағы төрешілігі үшін дипломдармен және медальдармен марапатталған. 2015 жылы Сочиде (Ресей) өткен IWAS Дүниежүзілік ойындарында армрестлинг бойынша бас төреші болып тағайындалды.
2014 жылы Қазақстан Республикасының гір спорты және армрестлинг Федерациясы Сергей Соколовқа дене мүмкіндіктері шектеулі адамдар арасында армрестлингті дамытуды қолға алуды тапсырды. ШҚО спорт басқармасы жанынан жаңадан құрылған спорт клубы кәсіби паралимпиадашылардың қалыптасуына баға жетпес көмек көрсетті. Клубта кәсіби жаттықтырушылар мен басшылық құрам құрылды. Көптеген спорт түрлерінің ішінде командалық есепте республикалық жарыстарда көш бастап, армрестлинг берік орнықты.
VII Қысқы Азия ойындарының эстафеталық алауының алау ұстаушысы болу құрметіне ие болды. ҚР Білім және ғылым министрлігінің грамоталарымен, Еуропалық ғылыми-өнеркәсіптік палатаның дипломымен және Алтын медалімен марапатталған. Оның тәрбиеленушілері арасында Қазақстан және Азия Чемпионаттарының жеңімпаздары В.Уфимцев, Р. Байгукшинов, В. Лячина және басқа да көптеген паралимпиадашылар болды.
2012-2017 жылдар аралығында Әлем Кубогының бас төрешісі, Дүниежүзілік ойындардың бас төрешісі 2015 жылы Сочи қаласында II Бүкілодақтық халық шығармашылығы байқауының лауреаты, армрестлингтен Азия Чемпионаттарының бірнеше дүркін жүлдегері, жағажай волейболынан ҚР Спартакиадасының күміс жүлдегері, гір спортынан ҚР жүлдегері, ардагерлер арасында дартс бойынша ҚР спартакиадасының чемпионы.
Сергей Александрович Соколов бес рет қатарынан Глубокое аудандық мәслихатына сайланды. Глубокое ауданының Құрметті азаматы (1999 ж.)
С. А. Соколов туралы әдебиеттер
Литература о С. А. Соколове
Ермолаева, А. И загораются звезды : [о тренере по армрестлингу С. Соколове и его воспитанниках из с. Черемшанка Глубоковского района] / А. Ермолаева // Рудный Алтай. - 1999. - 14 января.
Соколов, С. Хроника одного путешествия : [С 23 июля по 6 мая 2001 г. продолжалось восхождение к славе еще никому не известных в Европе рукоборцев Черемшанской школы Вики Сафоновой и Александра Сергеева] / С. Соколов // Огни Прииртышья. - 2001. - 6,20 июля. - С. 6
Соколов С. Вика Бугрова - в пятерке сильнейших рукоборцев мира! : [об участнице Чемпионата мира по армрестлингу из Глубоковского района В. Бугровой] / С. Соколов // Огни Прииртышья. - 2011. - 14 янв. - С. 3.; 25 янв. - С. 3.
Соколов, С. Приключения и победы черемшанцев / С. Соколов // Огни Прииртышья. - 2012. - 13 апреля. - С. 3.
Пашке, Е. Мастер Рефери из Черемшанки : [о старшем рефери Федерации гиревого спорта и армреслинга РК, судье международной категории Master Refere WAF С. Соколове] / Е. Пашке // Рудный Алтай. - 2016. - 21 января. - С. 12
Соколов, С. "Золото" на кубке Азии - наше! / С. Соколов // Огни Прииртышья - Ақ бұлақ. - 2017. - 10 ноября №45. - С. 9.
Соколов, С. Золотой Кубок мира - у Владимира Уфимцева! / С. Соколов // Огни Прииртышья - Ақ бұлақ. - 2017. - 8 декабря.,№49. - С. 9.
Сарсембаева, Б. "Железная" рука Сергея Соколова : среди воспитанников тренера по армрестлингу Сергея Соколова немало триумфаторов чемпионатов мира и Европы, прославивших независимый Казахстан / Б. Сарсембаева // Рудный Алтай. - 2021. - 18 марта. - С.10.
Всемирно известный - наш Соколов : [депутат районного маслихата С. А. Соколов] // Ертіс алауы = Огни Прииртышья. - 2024. - 30 августа (№ 27). - С.4