Известные имена

Колесников М.И.

Колесников Михаил ИвановичКолесников Михаил Иванович (1930) – Өскемен қаласының Құрметті азаматы.

Колесников Михаил Иванович 1930 жылы 28 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысы Панкурийский ауданы Коноваловка ауылында дүниеге келген.

40 жылдан астам Шығыс Қазақстан облыстық ауруханасында дәрігер-ординатор, ортопедия бөлімінің меңгерушісі және облыстың бас травматологы қызметтерін атқарды.
Дәрігер-ортопед, медицина ғылымының кандидаты ретінде облыстың және қаланың ортопедиялық қызметін құра отырып, Елизаров аппаратын омыртқа аурулары кезіндегі операцияларда сәтті қолданды. Жамбас буыны жөне омыртқа құрт ауруымен ауыратындарды емдеуде өте көп білім мен куш жұмсады.
Ұстаз ретінде облыс пен қаланың барлық травматологтарының өміріне тәжірибелік жолдама берді. Жеке өзі 14 мыңнан астам әртүрлі операциялар жасаған.
Медицина саласыңдағы көрнекті жетістіктері үшін Ленин, Еңбек Қызыл Ту ордендерімен, медальдарымен марапатталған. КСРО денсаулық сақтаудың үздігі, Қазақ КСР-ның еңбек сіңірген дәрігері.
2000 жылы 28 қыркүйекте жергілікті денсаулық сақтауды дамытуға және қала тұрғындарына травматологиялық көмек көрсетуді жақсартуға қосқан зор үлесі үшін М. И. Колесниковке «Өскемен қаласының Құрметті азаматы», 2023 жылдың ақпан айында облыстың дамуына қосқан зор үлесі үшін  «Шығыс Қазақстан облысының Құрметті азаматы» атағы берілді.

Колесников М. И. туралы әдебиеттер

Литература  о Колесникове М. И.


Пуссеп, Г. Н. Почетные граждане Усть-Каменогорска [Текст] / Г. Н. Пуссеп, С. С. Грекова. - У-Ка: Б. и., 2008. - 136 с.

Колесников М. И.: [Электронный ресурс]. – Режим доступа: http://oskemen.info/photo-id-3522.html