Бақтыбаев Хайролла (1925 - 2020 жж.) - металлург, Социалистік Еңбек Ері, Ұлы Отан соғысына қатысқан.
1925 жылы 20 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Покровка ауылында (қазір Маңырақ) дүниеге келген. Еңбек жолын 1941 жылы туған ауылында шопан болып бастаған. 1942-1947 жж. Кеңес Армиясының қатарында әскери міндетін өтеген. Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1947-1951 жж. – «Завет Ильича» колхозында шопан болған. 1951 ж. бастап В.И. Ленин атындағы Өскемен қорғасын-мырыш комбинатында (қазір Казцинк) балқытушы болды. 1951 ж. сәуірден тамыз айына дейін комбинаттың жөндеу-механикалық базасында құюшы болып жұмыс істеді. 1951 ж. тамызынан бастап – комбинаттың мырыш зауытында балқытушы. 1975 ж. бастап дербес зейнеткер.
1954 жылы, қорғасын балқыту процесін игерудің ауыр кезеңінде Хайролла Бақтыбаев Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты (қазір Казцинк) дирекциясы мен қоғамдық ұйымдардың үндеуін қолдап, қорғасын зауытының ең бір жауапты учаскесі – балқыту цехында көрікші болды.
Х. Бақтыбаев қорғасын балқытудың барлық процесін жете білді және пештердің апатсыз жұмысын қамтамасыз етіп, технологиялық процестердің бұзылуына жол бермеді. Өндірістік тапсырмаларын жүйелі түрде орындап, әсіресе сегізінші бесжылдықта ерекше еңбек көрсеткішіне қол жеткізді. Жанкешті еңбегінінің нәтижесінде озат балқытушының еңбек өнімділігі - 1966 ж. - 103,2 пайызды, 1967 ж. - 104,9, 1968 жылы -104,5, 1969 ж. -102,1, 1970 ж. - 105,3 пайызды құрады. Өндіріс озаты Хайролла Бақтыбаев социалистік міндеттемелерін 1970 ж. 1 қарашасына мерзімінен бұрын орындап, жоспардан тыс 667 мың. руб соманың өнімін берді.
1962 ж. бастап КПСС мүшесі.
Х. Бақтыбаев бірнеше рет комбинат парткомы, цех және зауыт кәсіподақ комитеті, обком және металлургия өнеркәсібі жұмысшыларының кәсіподағы құрамына сайланды. ВЦСПС делегаты, Өскемен қалалық халық депутаттары Кеңесінің депутаты болды.
КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1971 ж. 30 наурыздағы Жарлығымен түсті металлургия саласында қол жеткізген толағай табыстары мен еңбектегі ерлігі үшін Хайролла Бақтыбаевқа Социалистік Еңбек Ері атағы беріліп, Ленин ордені, «Орақ пен балға» алтын медалі табысталды.
Қызыл Жұлдыз ордені, 2 дәрежелі Отан соғысы, Еңбек Қызыл Ту, Ленин ордендері және Социалистік Еңбек Ерінің Алтын Жұлдызы, «Құрмет» ордені; «Ерен еңбегі үшін» медалі; Владимир Ильич Лениннің 100 жылдығын атап өту «Еңбек ардагері», «Құрметті металлург» белгілерімен марапатталды.
2020 жылы 27 шілдеде дүниеден өткен.
Х. Бактыбаев туралы әдебиеттер – Литература о Х. Бактыбаеве
Кітаптар - Книги:
Барқытбелдің баурайында : Тарбағатай ауданына 70 жыл. - Өскемен : Б.и., 1998. - 157 б.
Шығыс Қазақстан облысы [Мәтін] : энциклопедия. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2014. - Бақтыбаев Хайролла: б. 244.
Герои Социалистического труда – казахстанцы [Текст]. - Алма-Ата : 1985.
Мақалалар - Статьи
Сәдібеков, Б. Тұғырынан түспеген тұлға : [Мәтін] / Сәдібеков Б. - Текст : непосредственный // Дидар. - 2005. - 18 қаңтар. - Б. 1
***
Ермакова, Н Герой труда - Бахтыбаев / Ермакова Н. - Текст : непосредственный // Металлург. - 1941. - 1 мая.
Оркушпаева, Н. Вдвоем с тобой... : [о Герое Соц. труда, заслуженном металлурге Х. Бахтыбаеве] / Н. Оркушпаева. - Текст : непосредственный // Рудный Алтай. - 2012. - 26 окт. - С. 5.
Губанов, А. Хайрулла Бахтыбаев: "Я никогда не хныкал" : [имеются биограф. данные о Х. Бахтыбаеве] / А. Губанов. - Текст : непосредственный // Усть-Каменогорск. - 2015. - 22 янв. - С. 8.
Интернет ресурстар
Интернет ресурсы:
Бахтыбаев Хайрулла [Электронный ресурс] : [биографическая справка] // Тенгриньюс : сайт. - Режим доступа : https://tengrinews.kz/pobediteli/veteran/1540/