Известные имена

Баукова А.

Баукова Александра Петровна – фабрика флотаторы, Социалистік Еңбек Ері.Баукова Александра Петровна (1928-1998) – фабрика флотаторы, Социалистік Еңбек Ері.

 

1928 ж. Саратов облысы Петров ауданы Грачевка деревнясында дүниеге келген. Еңбек жолын 1947 ж. Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы Ертіс полиметалл комбинатының Белоусовка кен-байыту фабрикасында бастады. Жыл бойы насосшы, кейін флотатар және смена мастері болды. 1975-1980 жж. – осы кәсіпорында сынамашы болып, 1980 жылы зейнетке шықты.  

 

А. П. Баукова Белоусов кен-байыту фабрикасында отыз жылдан аса еңбек етті. Аға флотатор жұмысында ол кен байыту әдістерін жақсы игерді. Александра Петровна білімі мен күш-қуатын жоғары экономикалық тиімділікке жетуге мүмкіндік беретін озық технологияны дамыту ісіне арнады. Оның қатысуымен жаңа өнім – барит концентраты игерілді. Ол бір жылда шамамен миллион руб. қосымша кіріс кіргізді.      

 

Сегізінші бесжылдық жылдары А. П. Баукова жұмыс істеген смена қорғасын алу жоспарын 101,6 пайыз, мырыш -  105,5, мыс - 102,4 пайыз орындады. Ал, концентратқа металл өндіру бойынша: қорғасын  -  102,2 пайыз, мырыш - 105,3, мыс - 112,1 пайыз. Өндірістік тапсырмаларын табыспен орындап, А.П. Баукова өнертапқыштық жұмыстарға белсене араласты. Оның тек 12 ұсынысы – 7,4 мың рубль.     ғана экономикалық тиімділік берді.

 

Александра Петровна жас мамандарға қолдау беріп, өзінің өндірістік іс-тәжірибесі және білімімен бөлісті,  флотатор мамандығына шамамен 40 адамды оқытып-үйретті. Кәсіпорынның тәжірибелі тәлімгері, коммунист А. П. Баукова коммунистік еңбек екпіндісі атағына ұсынылды. 1963 ж. бастап КПСС мүшесі. 1969 ж.  КСРО ВДНХ СССР көрмесіне қатысты.  

 

А. П. Баукова Шығыс Қазақстан облыстық және Глубокое аудандық халық депутаттары Кеңесінің депутаты болып сайланды, КПСС XXIII съезінің делегаты және Қазақстан Компатиясы райкомының бюро мүшесі болды.

 

КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1971 ж. 30 наурыздағы  Жарлығымен түсті металлургия саласында қол жеткізген толағай табыстары мен еңбектегі ерлігі үшін Баукова Александра Петровнаға Социалистік Еңбек Ері атағы беріліп, Ленин ордені, «Орақ пен балға» алтын медалі табысталды.

 

«Еңбек Қызыл Ту»  ордені (1960), «За трудовое отличие» (1954), «Ерлік еңбегі үшін. Владимир Ильич Ленинніңтуғанына 100 жылтолуы құрметіне»  медальдарымен марапатталды (1970).  

 

1988 ж. 5 сәуірде қайтыс болды.

 

 

 

Деректер

 

Источники

 

 

Герои Социалистического труда – казахстанцы [Текст]. - Алма-Ата : 1985.

 

 

***

 

 

Шығыс Қазақстан облысы [Мәтін] : энциклопедия. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2014. - Баукова Александра Петровна: б. 255.