Воронин Иван Семенович (1924-1981) - инженер-металлург, Ұлы Отан соғысына қатысқан, Социалистік Еңбек Ері.
1924 ж. 28 тамызда Алматы қаласында дүниеге келген.
Ұлы Отан соғысына қатысып, жарақат алған. 1947-1948 жж. Шығыс Қазақстан облысы Өскемен мырыш зауыты цехының ауысым бастығы, кейін цех бастығының орынбасары қызметін атқарған.
1950 ж. КПСС мүшесі.
1952-1957 жж. – Болгарияның ірі химия-металлургия өнеркәсібінің бас инженері, кейін директоры болды. 1957 ж. - ВНИИцветмет қорғасын зауытының бас инженері, 1960-1963 жж. - Ленин орденді, Октябрь Революциясы орденді В. И. Ленин атындағы Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты (немесе Өскемен Қорғасын-мырыш комбинаты, қазір Казцинк).
Өндіріс технологиясын үнемі жетілдіру комбинаттың әлемдік нарыққа шығуына және ондаған мемлекетке қорғасын, мырыш, кадмий шығаратын өндіріс орнына айналуына мүмкіндік берді. Бұл ретте еңбек жолын Өскемен мырыш зауытында бастаған комбинат директоры И. С. Ворониннің еңбегі айтуға тұрарлық.
Комбинат ұжымы көптеген ірі инженерлік жаңалықтар енгізді, олар: мырыш концентратын оттекті ыдыста күйдіру, елімізде бірінші болып қалдық ұшыру құрылғысын игеру, реактор-сепаратор құрылғысын құру және онда кадмий өндіру технологиясын жасау, мырыш ерітіндісін тазарту схемасын әзірлеу және енгізу, алтынды күміс құйма алу үшін күміс көбікті өңдеу әдістерін енгізу тәжірибесі т.б. жұмыстар еліміздегі және шетелдік қорғасын-мырыш зауыттарында кеңінен таралды.
И. С. Воронин сегізінші бесжылдық жылдары жаңа техника нысандары мен технологияны жетілдіруге басты назар аударды. Ол көптеген жаңа және жоғары тиімді технологиялық процестерді әзірлеп, енгізуге өзіндік үлесін қосты. Оған өнертабыстық жетістіктері үшін он авторлық куәлік ұсынылды.
Бесжылдық жылдары И. С. Воронин басқаратын комбинат ұжымына жарыс жеңімпазы болғаны үшін КСРО Министрлер Кеңесі мен КСРО Түсті металдар министрлігі (ВЦСПС) және металлургия өнеркәсібі жұмысшыларының кәсіподағы, Қазақ ССР Түсті металдар министрлігі мен Казсовпрофтың ауыспалы Қызыл туы 14 рет берілген.
И. С. Воронин қоғам жұмысына белсене қатысқан, Қазақстан Орталық Комитеті, облыстық партия комитеті және комбинат партия комитетінің мүшесі, КСРО Жоғарғы Кеңесі, Шығыс Қазақстан облыстық және Өскемен қалалық Халық депутаттары Кеңесінің депутаты болған.
Түсті металлургия саласын дамытудағы жетістіктері үшін И. С. Воронинге КСРО Жоғарғы Кеңесінің 1971 ж. 30 наурыздағы Бұйрығымен Социалистік Еңбек Ері атағы берілді.
Екі Ленин ордені, екі Еңбек Қызыл Ту ордені, Қызыл Жұлдыз ордені, Болгария Халық Республикасының Алтын Еңбек ордені, КСРО медальдарымен марапатталды.
1981 ж. 6 наурызда қайтыс болды.
Деректер
Источники
Шығыс Қазақстан облысы [Мәтін] : энциклопедия. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2014. - Воронин Иван Семенович: б. 301.
Герои Социалистического труда – казахстанцы [Текст]. - Алма-Ата : 1985.