Известные имена

Гребенюк В.А.

Гребенюк Василий Андреевич - металлург, Социалистік Еңбек Ері.Гребенюк Василий Андреевич (1924-2000) - металлург, Социалистік Еңбек Ері.

1924 жылы 29 қыркүйекте Ресей Федерациясының Алтай өлкесі Благовещенск ауданы Нижний Кучук селосында дүниеге келген. 1954 жылдан КПСС мүшесі. Еңбек жолын 1942 жылы «Новый путь» колхозында бастаған. Ұлы Отан соғысы жылдары Степное және Украина майдандарына қатысқан.  Соғыстан кейін туған ауылында изба-читальня меңгерушісі болды. Қазақ тау-кен институтын бітірген соң (1951, қазір Қ. И. Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университет) Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданы Зырян қорғасын комбинатына жұмысқа жіберіледі. 1951-1963 жж.  мастер, учаске бастығы, тау-кен ісі бойынша бас инженердің орынбасары,  КПСС ХХІІ партсьезі атындағы кеніштің (бұрынғы Маслянский кеніші) бас инженері және бастығы қызметтерін атқарған. 1963-1973 жж. – Лениногор Еңбек Қызыл ту орденді полиметалл комбинатының (қазір Лениногор полиметалл комбинаты)  директоры. 1973 ж. - министрдің бірінші орынбасары, 1974-1978 жж. - Қазақ ССР-і түсті металлургия министрі, 1979-1987 жж. - Қазақ ССР-і Министрлер Кеңесі Төрағасының бірінші орынбасары. 1987 ж. Мәскеу қаласына қоныс аударып, онда 1996 ж. дейін  ғылыми-техникалық «Энергосбережение» АҚ бастығы болды.  

В. А. Гребенюк – социалистік өндіріс жаңашылы және ұйымдастырушы. Оның басшылығымен КПСС XXII съезі атындағы кеніш (бұрынғы Маслянский кеніші) еліміздің озат тау-кен өнеркәсібі қатарынан орын алды. Кеніштің еңбек өнімділігі үш жылдан аса уақытта екі есе өсті, кен игерудің жаңа технологиясы енгізілді. В. А. Гребенюктің басшылығымен Тишин кеніші мен Лениногор мырыш зауытының құрылысы басталып, іске қосылды. Щекинск химия комбинатының іс-тәжірибесін қолдану, еңбекті ғылыми ұйымдастыру, жұмысшыларды екінші және аралас мамандықтарға оқытып-үйрету,  жөндеу жұмыстарына нормалық тапсырмалар беру  арқылы  бес жылда (1966-1970) Лениногор комбинатында 1500 ден аса жұмысшы босатылды. В. А. Гребенюк қалау, мырыш қалдығын өңдеу, қорғасын-мырыш қосындысын бөлу, кентаспен ұнтақтау, сульфидті кенді сатылы айыру жұмыстарына жаңа технологияны енгізуге белсене араласып, миллиондаған қаржыны үнемдеген.
Мырыш зауытында электрмен балқыту арқылы жоғары сапалы өнім алудың әдіс-тәсілдері енгізілді. Соның нәтижесінде жылына 900 мың. руб. үнемделді.

Сегізінші бесжылдық жылдарында комбинаттағы кен өндіру мен байыту 21,9%, мыс пен мырыш концентраттарын өндіру 2 есе, мырыш -3,1, кадмий -4,7 күкірт қышқылын өндіру-2,7 есе артты. В. А. Гребенюктің бастамасымен Лениногорскіде жаңадан жұмысқа қабылданған жұмысшылар үшін оқу-өндірістік комбинат ашылып, техникалық прогресс университеті ашылды.
Лениногор полиметалл комбинатының өндірістегі табыстары Кеңес үкіметінің жоғарғы марапатына ие болды. 1966 жылы комбинат Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталды.

КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1971 жылы 30 наурыздағы Жарлығымен өндірісте қол жеткізген толағай табыстары мен еңбектегі ерлігі үшін Василий Андреевич Гребенюкке Социалистік Еңбек Ері атағы беріліп, Ленин ордені, «Орақ пен балға» алтын медалі табысталды.

Октябрь революциясы, екі мәрте Еңбек Қызыл Ту ордені, ІІ дәрежелі Отан соғысы ордені және медальдармен марапатталды. КСРО Министрлер Кеңесі сыйлығының иегері.

В. А. Гребенюк Шығыс Қазақстан обком партиясы және қалалық партия бюросының мүшесі болып сайланды. Қазақстан Компартиясының XIV және XV съездерінде Қазақстан Компартиясы ОК және Бюро мүшесі болды. КПСС XXVI съезінде КПСС Тексеру комиссиясының мүшесі болып сайланды.  Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы шақыруының депутаты, КСРО Жоғарғы Кеңесінің  оныншы шақыруының депутаты, Лениногор қалалық Халық депутаттары Кеңесінің депутаты болды. 

2000 ж. Мәскеуде қайтыс болды.

 

 

 

Деректер

Источники

 

Герои Социалистического труда – казахстанцы [Текст]. - Алма-Ата : 1985.

Шығыс Қазақстан облысы [Мәтін] : энциклопедия. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2014. – Гребенюк Василий Андреевич: б. 305.