Известные имена

Есімдер

Как лечить гастрит быстро. Как лечить гастрит желудка дома. Как лечить гастрит народными средствами. Лечение и профилактика кариеса. Быстрая профилактика кариеса зубов. Профилактика кариеса у взрослых. Питание во время беременности. Какое правильное питание во время беременности. Режим питания во время беременности. Почки симптомы болезни. Главные признаки болезни почек. Питание при болезни почек. Как доставить удовольствие девушке. Как доставить девушке больше удовольствия днем. Как доставить максимум удовольствия девушке. Грудные мышцы в домашних условиях. Быстрые домашние упражнения для грудных мышц. Тренировка грудных мышц. Йога для начинающих видео. Качественная йога для беременных. Уроки йоги для начинающих. Народное лечение простата. Главные средства лечения аденомы простаты. Лечение простатита и аденомы простаты.

Марченко М. А.

Марченко Михаил Аверьянович – «Алтайсвинецстрой» тресі «Заводстрой» құрылыс басқармасының плотник-бетоншылар бригадирі, Социалистік Еңбек Ері.Марченко Михаил Аверьянович (1934 ж.) – «Алтайсвинецстрой» тресі «Заводстрой» құрылыс басқармасының плотник-бетоншылар бригадирі, Социалистік Еңбек Ері.

1934 ж. 15 мамырында Белорусия ССР-і Могилев облысы Черниковский ауданы Тойков ауылында дүниеге келген.

1951 жылдан бастап Минск құрылысында плотниктер бригадирі болып жұмыс істеді. 1953-1956 жж. Совет Армиясы қатарында әскери борышын өтеді. 1956 ж. комсомолдық жолдама бойынша Өскемен титан-магний комбинаты құрылысына келді. 1958 ж. «Алтайсвинецстрой» тресі «Заводстрой» құрылыс басқармасының плотник-бетоншылар бригадасын басқарды. 1958 ж. бастап КПСС мүшесі.

М. А. Марченко екі онжылдық бойы коммунистік еңбек ұжымы - «Алтайсвинецстрой» тресі «Заводстрой» құрылыс басқармасының плотник-бетоншыларкомсомол жастар бригадасын басқарды. Ол Өскемен титан-магний және қорғасын-мырыш комбинаты, ТЭЦ/ЖЭС-ның бесінші және алтыншы кезектерін, Семей және Өскемен цемент зауыттары, Жібек маталар комбинаты және аспаптар зауыты құрылыс индустриясы нысандарын, жеңіл және тамақ өнеркәсібі, ауылшаруашылығы, тұрғын-үй, коммуналдық және мәдени-тұрмыстық бағыттағы нысандардың құрылысына елеулі үлесін қосты.

М. А. Марченконың басқаруындағы бригада еңбекте ерлік үлгісін көрсетті. Еңбекті дұрысұйымдастыру және жұмыс күнінің барынша тығыздығына байланысты,  ұжымдағы ауысымнормалары 120-130 пайызды құрады. Озат әдіс-тәсілдерді қолдану, құрылыс өндірісін жетілдіру, өнетабыстық  ұсыныстаренгізу есебінен 1971 ж. 10,5 мың сом экономикалық тиімділікке қол жеткізіліп, еңбек өнімділігі 8,2 пайызға өсті.

Бригада 1972 ж. барлық жұмыстар есебінен. күніне адам басына 1,0 кубметр мөлшерінде монолит бетонын құйды және шатыр жабындысын 18 шаршы метр көлемде орындады, келесі жылдары бұл көрсеткіш өсе түсті.  1975ж. соңына қарай нақтылы мөлшердегі өнімділік 2,95 кубметрге өсіп,  жоспардың 155 пайызын құрады. Бұл ретте, құрылыс материалдарын үнемдеу жыл сайын 15-20 мың сом құрады.

Бұл басшы М. А. Марченконың үлкен ерлігі еді. Михаил Аверьянович құрылыс мамандығына 150-дей адамды үйретіп, 30-дан аса өнертабыс жаңалығын енгізді.

Сегізінші бесжылдық  құрылысы бойынша өндіріс обьектілері мен қуатын іске қосып, тапсырманы аса табысты орындағаны үшін «Алтайсвинецстрой» тресі «Заводстрой» құрылыс басқармасының плотник-бетоншылары  бригадирі КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1971 ж. 5 сәуір Жарлығымен Марченко Михаил Аверьяновичке Социалистік Еңбек Ері атағы беріліп, Ленин ордені және «Орақ пен Балға» алтын медалі тапсырылды.   

М. А. Марченко КПСС XXIII съезі, Қазақстан Компартиясы XIV съезі, Қазақстан ВЛКСМ ХVІІ съезі, Қазақстан кәсіподақтарының Х съезінің делегаты болды.  Бірнеше рет Шығыс Қазақстан обком партиясы мүшесі болып сайланды, Бүкілодақтық бригадалар кеңесі және коммунистік еңбек екпінділері жиынына, бригадирлер слетіне қатысты. 

«Еңбектегі ерлігі үшін»медалі (1960), Ленин ордені (1965), «За доблестный труд. В ознаменование 100-летия со дня рождения Владимира Ильича Ленина» (1970) медалі, «Тоғызыншы бесжылдық екпіндісі», «Жастар тәлімгері» белгілерімен марапатталды.

 

Деректер

Источники

Шығыс Қазақстан облысы [Мәтін] : энциклопедия. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2014. - Марченко Михаил Аверьянович: б. 519.

Герои Социалистического труда – казахстанцы [Текст]. - Алма-Ата : 1985.

Марченко Михаил Аверьянович [Электронный ресурс] // Герои страны : сайт. - Режим доступа : http://www.warheroes.ru/hero/hero.asp?Hero_id=20303 (10.01.18)

Марченко Михаил Аверьянович [Электронный ресурс] : [биография] // Государственный архив Восточно-Казахстанской области : сайт. – Режим http://e-arhiv.vko.gov.kz/kk/SiteGallery/Album?albumId=42 (09.01.2018)