Известные имена

Мұхаметжанов Б.

Мұхамеджанов Бапан – Қазақ ССР Түсті металдар министрлігі В. И. Ленин атындағы Өскемен қорғасын-мырыш комбинатының (қазір Казцинк ЖШС)  катодшысы, Ұлы Отан соғысына қатысқан, Социалистік Еңбек Ері.Мұхамеджанов Бапан (1925 – ө.ж.б.) – Қазақ ССР Түсті металдар министрлігі В. И. Ленин атындағы Өскемен қорғасын-мырыш комбинатының (қазір Казцинк ЖШС)  катодшысы, Ұлы Отан соғысына қатысқан, Социалистік Еңбек Ері.

1925 жылы Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Бірлік ауылында дүниеге келген. 

1938-1943 жж. Ұлан ауданының «Бірлік» колхозында шопанның көмекшісі болып жұмыс істеді. 1943-1950 жж. Совет Армиясында әскери борышын өтеді. 1945 жылы – 2- Қиыр Шығыс майданы 15-армиясы 34-атқыштар дивизиясының танкке қарсы 75-дивизионының нысанашысы.Соғыстан кейін 1950-1975 жж. Өскемен қорғасын-мырыш комбинатында (қазір Казцинк ЖШС) электролит бөлімшесінің №1 цехында катодшы болып, сонда 1975 жылға дейін, зейнетке шыққанға дейін жұмыс істеді.  

Б. Мұхамеджановтың алғашқы тәлімгері, тәжірибелі катодшы Социалистік Еңбек Ері В. Д. Дегтярев болды. Ол жас жұмысшыны катодшы мамандығының қыр-сырына үйретіп, комбинаттың белгілі адамдарының қатарына шығарды. Кейін Б. Мұхамеджанов өзі де іс-тәжірибесімен бөлісіп, көптеген металлургтер тәрбиелеп шығарды. Көптеген шәкірттері ұстаз тәжірибесін игеріп, өз ісінің шеберіне айналды.   

Б. Мұхамеджанов өндірістің белсенді жаңашылы болды. Ол сегіз өнертабыстық ұсыныс жасады. Бапан Мұхамеджанов 1960 жылы қорғасын-цинк комбинатында алғашқының бірі болып коммунистік еңбек екпіндісі атанды. Оның есімі комбинаттың Құрмет кітабына жазылған. 

Еңбектегі ерлігі және социалистік міндеттемесін асыра орындағаны үшін КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1973 жылғы 29 желтоқсан Жарлығымен Б.Мұхамеджановқа Социалистік Еңбек Ері атағы беріліп, Ленин ордені және «Орақ пен Балға» алтын медалі тапсырылды.

Бірнеше рет партия бюросының мүшесі, «Металлург» газетінің белсенді тілшісі болды. 

«Ерлігі үшін» (1945), «Жапонияны жеңгені үшін» медальдары, значками «Үздік  танкист» және «Үздік атқыш» төсбелгілері,  «Қажырлы еңбегі үшін» медалімен марапатталды.

Өскемен қаласында тұрды.

Қайтыс болған жылы мен күні белгісіз. 

 

Деректер

Источники

 

Шығыс Қазақстан облысы [Мәтін] : энциклопедия. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2014. - Мұхамеджанов Бапан: б. 553.

Герои Социалистического труда – казахстанцы [Текст]. - Алма-Ата : 1985.

Мухамеджанов Бапан [Электронный ресурс] // Герои страны : сайт. - Режим доступа : http://www.warheroes.ru/hero/hero.asp?Hero_id=20304 (10.01.18)