Известные имена

Первак П. В.

Первак Петр Васильевич – тракторшы, «Бородулиха» совхозының механизаторы, Социалистік Еңбек Ері.Первак Петр Васильевич (1932-ө.ж.б.) – тракторшы, «Бородулиха» совхозының механизаторыСоциалистік Еңбек Ері.

1932 жылы Украина ССР-і Хмельницкий облысы Чухели Волочисский селосында дүниеге келген.

Еңбек жолын 1954 жылы Семей облысы Новошульба ауданы (қазір Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы) Тельман атындағы МТС-те тракторшы болып бастаған. Тельман атындағы МТС жабылған соң «Бородулиха» совхозының Стеклянка селосында механизатор болып жұмыс істеп, совхоздың үздік механизаторы атағына ие болды.

Петр Васильевич Первак егіс техникасын баптап ұстап, астық жинауда жоғарғы көрсеткішке қол жеткізді. Ол, әсіресе, тоғызыншы бесжылдық жылдары ерекше еңбегімен көрінді. 1971 жылы П.В.Первак көктемгі егіс, мал-азығын дайындауда өнімді еңбек етіп, жер жырту жұмыстары кезінде 1000 гектардың орнына 1675 гектар жер жыртты. СК-4 комбайнымен 317 гектар орнына 980 гектар дән егіп, 121000 центнер астық бастырды. 1972 жылы өнім өндіру әр тракторға жоспардағы 1236 орнына 1480 құрады. Егін жинау кезінде жоспардағы 303 гектардың орнына 709 гектардан дән жинап, 15 600 центнер дән бастырды. Петр Васильевич екі жылда 2520 килограмм жанар-жағар май үнемдеді. Еңбекте көрсеткен ерлігі үшін КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1972 жылғы 13 желтоқсандағы Жарлығымен Петр Васильевич Первакқа Социалистік Еңбек Ері атағы беріліп, Ленин ордені және «Орақ пен Балға» алтын медалі тапсырылды.

Еңбекшілер депутаттары аудандық Кеңесінің депутаты болды. Ленин ордені, Октябрь революциясы, Халықтар достығы ордендері және «Құрмет белгісімен» марапатталған.

Қайтыс болған жылы мен күні белгісіз.

 

 

 

 

Деректер

Источники

 

 

Шығыс Қазақстан облысы [Мәтін] : энциклопедия. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2014. - Первак Петр Васильевич: б. 612.

Герои Социалистического труда – казахстанцы [Текст]. - Алма-Ата : 1985. 

Первак Петр Васильевич [Электронный ресурс] // Герои страны : сайт. - Режим доступа : http://www.warheroes.ru/hero/hero.asp?Hero_id=20317 (11.01.2018)