Известные имена

Подойников А. С.

Подойников Алексей Семенович – комбайншы, Социалистік Еңбек Ері.Подойников Алексей Семенович (1929-ө.ж.б.) – комбайншы, Социалистік Еңбек Ері.

 

1929 жылы Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы Прапорщиково ауылында дүниеге келген.

 

Еңбек жолын 1945 жылы Глубокое ауданы С. М. Киров атындағы колхозда бастады. 1950-1953 жж. Совет Армиясы қатарында әскери борышын өтеді. 1956 жылдары Ленин орденді  С.М.Киров атындағы колхозда комбайнер болып жұмыс істеді. А. С. Подойников жыл сайын астық бастыруда жоғарғы көрсеткіштерге қол жеткізді. 1971 жылы жоспардағы 5600 центнердің орнына, 9920 центнер астық бастырды. 1972 жылы 11 066 центнер, ал, 1973 жылы 10 834 центнер бидай орды. Атақты егінщі бесжылдық жоспарын 194.5 пайыз орындап, жоспардағы 21, 000 центнердің орнына, 40 855 центнер орындады. Егін шаруашылығындағы қажырлы еңбегі үшін КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1973 жылғы 10 желтоқсан Жарлығымен А. С. Подойниковке Социалистік Еңбек Ері атағы берілді.    

 

1975 жылы Еңбекшілер депутаттарының Глубокое аудандық Кеңесінің депутаты, ал, 1976 жылы колхоз басқармасының мүшесі болып сайланды.

 

Екі Ленин ордені, «Құрмет белгісі» ордені, медальдармен марапатталды. Қайтыс болған жылы мен күні белгісіз. 

 

 

 

Деректер

Источники

 

Шығыс Қазақстан облысы [Мәтін] : энциклопедия. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2014. - Подойников Алексей Семенович: б. 616.

Герои Социалистического труда – казахстанцы [Текст]. - Алма-Ата : 1985. 

Подойников Алексей Семенович [Электронный ресурс] // Герои страны : сайт. - Режим доступа : http://www.warheroes.ru/hero/hero.asp?Hero_id=20306 (11.01.2018)