Сидоров Иван Степанович (1920-ө.ж.б.) – Өскемен ТМК аға электролизник маманы, түсті металлургия ардагері, Ұлы Отан соғысына қатысқан, Социалистік Еңбек Ері.
1920 жылы Пермь облысы Кочевск ауданы Юксеево селосында дүниеге келген. Еңбек жолын 1940 жылы Пермь облысы Соликамск қаласында магний зауытында бастаған. 1941 жылы 4 маусымында Совет Армиясы қатарына әскери борышын өтеуге аттанды. Ұлы Отан соғысы жылдары Волхово, Солтүстік-Батыс, Ленинград, Калинин, 2-ші Прибалтика және 1-Украина майдандарына қатысты. 1944 жылы - 14-жеке атқыштар бригадасы, 1-атқыштар батальонының миномет ротасының хатшысы, ефрейтор.Жеңіс Күнін Берлинда қарсы алды. Соғыстан кейін 1945-1962 жж. Соликамск магний зауыты цехында аппаратшы болды. 1962 жылы И.С.Сидоров Өскемен титан-магний комбинатына шақырылып, құрал-жабдықтар орнату және іске-қосу жұмыстарын атқарады. Кейін Октябрь революциясының 50-жылдығы атындағы Еңбек Қызыл Ту орденді Өскемен титан-магний комбинаты (қазір Өскемен ТМК АҚ) цехында 15 жыл жұмыс істеп, электролиз цехында мастер, бригадир болады.
1965 жылы Иван Степанович басқаратын электролизниктер бригадасы цехтарды іске қосуды табысты аяқтап, Өскемен титан-магний комбинаты елімізге алғашқы өнімін береді.
И.С.Сидоровтың бригадасы бірлескен №1 цехтың өндірістік емес көрсеткішін жақсартуға мүмкіндік жасады: 1967 ж. магний өндіру 1966 ж. салыстырғанда 102,3 пайыз өсті, 1968 ж. - 103,4, 1969 ж., - 105,1, 1970 ж. - 107,2 пайыз ұлғайды. Түсті металлургия саласында кадрлар әзірлеу, өндірісті жетілдірудегі табысты еңбегі үшін КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1971 жылғы наурыз Жарлығымен И.С. Сидоровқа Социалистік Еңбек Ері атағы беріліп, Ленин ордені және «Орақ пен Балға» Алтын медалі тапсырылды.
1971 жылы зейнетке шықты.
Ленин ордені (1971), 1-дәрежелі Отан соғысый степени (1985), «Ерлігі үшін», «1941 - 1945 жж. Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін», «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысы жеңісінің жиырма жылдығы», «Қарулы күштерге 50 жыл», «Еңбектегі ерлігі үшін» медальдарының иегері. «Владимир Ильич Лениннің 100 жылдығын еске алу» және екі «Еңбек үздігі» медальдарымен марапатталды.
Өскемен қаласында тұрды.
Қайтыс болған жылы және күні белгісіз.
Деректер
Источники
Шығыс Қазақстан облысы [Мәтін] : энциклопедия. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2014. - Сидоров Иван степанович: б. 698.
Герои Социалистического труда – казахстанцы [Текст]. - Алма-Ата : 1985.
Сидоров Иван Степанович[Электронный ресурс] // Герои страны : сайт. - Режим доступа : http://www.warheroes.ru/hero/hero.asp?Hero_id=20310 (11.01.2018)