Известные имена

Есімдер

Ремонт ноутбука своими руками. Быстрый и гарантийный ремонт ноутбуков. Срочный ремонт ноутбуков. Ремонт компьютеров на дому. Быстрый ремонт компьютеров своими руками. Настройка и ремонт компьютеров. Java уроки для начинающих. Лучшие java уроки. Учим язык Java с нуля. Обзор смартфонов samsung. Качественный обзор смартфонов samsung galaxy. Обзор смартфона samsung galaxy s4. Фото картинки приколы. Самые новые картинки приколы. Лучшие приколы картинки. Скачать аддоны для wow. Самые новые аддоны для wow скачать. Скачать аддоны для wow быстро и без реги. Видео уроки python. Лучшие python уроки. Учим язык python с нуля. Скачать шаблоны для Joomla. Самые новые joomla шаблоны. Бесплатные шаблоны для Joomla.

Сырбаев А. Е.

Сырбаев Ахметқали Ерғалиұлы – кеме механигі, Социалистік Еңбек Ері.Сырбаев Ахметқали Ерғалиұлы (1928-1973) – кеме механигі, Социалистік Еңбек Ері.

1928 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласында дүниеге келген. Еңбек жолын 1943 жылы Ертісте кеме машинисінің көмекшісі болып бастады. 1947-1966 жылдары машинист көмекшісі, 1967 жылдан бастап «Александр Попов» кемесінің механигі болып жұмыс істеді.

Кеме механизмдеріне күтіммен қарауы арқасында А.Е.Сырбаев апатсыз жұмыс істеді. Кеменің жыл сайынғы қысқы жөндеу жұмыстарын мерзімінен бұрын және сапалы орындады. А.Е. Сырбаевтың бастамасымен кеме командасы порттар мен айлақтар тұрған кемелерге тексерулер жүргізіп, техникалық қызмет көрсетті.  

Ахметқали Ерғалиев кемелерді жаңарту жұмыстарына қатысып, қатты отыннан сұйық отынға ауыстыру, қазандық агрегаттарын басқаруды автоматтандыру, кемелерді бу құрал-жабдықтарымен жабдықтау, баржаны итеру әдісімен жүргізу әдістерін енгізді, бұл жұмыстар кеме жұмысшыларының санын 30-дан 18 адамға дейін азайтып, кемені пайдалану көрсеткішін көтерді. «Александр Попов» кемесі алғашқының бірі болып навигацияны (су жолын) ашып, жоғарғы көрсеткіштерге қол жеткізді. Сегізінші бесжылдық жылдары ұжымның еңбек өнімділігі 61 пайызға жетіп, 500 тонна жылу үнемдеді, жүк тасымалы артығымен орындалып, 60 мың рубль кіріс алынды. Кеме командасына коммунистік еңбек ұжымы атағы берілді.

КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1971 жылғы 4 мамыр Жарлығымен А.Е.Сырбаевқа Социалистік Еңбек Ері атағы беріліп, Ленин ордені және «Орақ пен Балға» алтын жұлдызы тапсырылды.

Екі Ленин ордені (171), медальдармен марапатталды.

Семей қаласында тұрды. 1973 жылы қайтыс болды.

 

 

 

Деректер

Источники

 

 

 

Шығыс Қазақстан облысы [Мәтін] : энциклопедия. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2014. - Сырбаев Ахметқали Ерғалиұлы: б. 716.

Герои Социалистического труда – казахстанцы [Текст]. - Алма-Ата : 1985. 

Сырбаев Ахметкали Иргалиевич [Электронный ресурс] // Герои страны : сайт. - Режим доступа : http://www.warheroes.ru/hero/hero.asp?Hero_id=20291 (12.01.2018)