Известные имена

Ященкова А. С.

Ященкова Анисья Савельевна – Өскемен конденсатор зауытының құрастырушысы, Социалистік Еңбек Ері.Ященкова Анисья Савельевна (1926-ө.ж.б.) – Өскемен конденсатор зауытының құрастырушысы, Социалистік Еңбек Ері.

1926 жылы 24 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы Быструха селосында дүниеге келген.

1941-1947 жж. Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы «Гигант» колхозында шопан болды. 1949-1957 жж. Өскемен СЭС (су электр станциясы) мен конденсатор зауыты құрылысына қатысты.

1957-1959 жж. Өскемен конденсатор зауытында от жағушы болды. 1958 жылы Мәскеу облысы Серпухов қаласындағы конденсатор зауытына оқуға жіберілді. Курстан кейін Өскемен конденсатор зауытында құрастыру цехында пакет құрастырушы жұмысын атқарды. 1969 жылы КПСС қатарына өтті.  

Ол пакет құрастыру ісін жетік меңгеріп, бригадаға жетекші болып тағайындалды. Өндіріске жаңа техника, жаңа іс-тәжірибе енгізуге белсенді түрде қатысты. 1959-1970 жж. зауыт 100-ден аса түрлі электрлік схемалары және параметрлері бар конденсатор шығарды. А. Ященкова өнім шығарудың жаңа әдістерін тез игеріп, жоғары сапаны қамтамасыз етті. Бригада тынымсыз еңбектің үлгісін көрсетті. Жетінші бесжылдық (1959-1965) қорытындысы бойынша Ленин орденімен марапатталды. Сегізінші бесжылдық жоспарын (1966-1970) үш жыл бес айда орындап, жоспардан тыс 4 мың рубльді өнімін берді. Бес жылдағы орташа еңбек өнімділігі 147 пайыз құрады.

1971 жылы 20 сәуірде КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен А. С. Ященковаға электротехника өндірісін дамытуға қосқан үлесі үшін Социалистік Еңбек Ері атағы беріліп, Ленин ордені және «Орақ пен Балға» алтын медалі тапсырылды.

1973 жылдан бастап Өскемен конденсатор зауытының құрастыру цехында құрастырушы болды. Оның есімі бірнеше мәрте зауыттың Құрмет кітабына енгізілді. Қазақ ССР-інің 50-жылдығы құрметіне естелік белгі тапсырылды. Өнертабыстық еңбекпен айналысып, 3 өнертабыстық ұсыныс жасады. Сол арқылы шығарылатын өнім сапасын көтеріліп, еңбек жағдайлары жақсарды.

1980-жылдары еңбек демалысына шықты. Өскемен қаласында тұрды.

2 Ленин ордені (1966, 1971), медальдармен марапатталды.

Қайтыс болған жылы мен күні белгісіз.

 

 

 

Деректер

Источники

Герои Социалистического труда – казахстанцы [Текст]. - Алма-Ата : 1985.

Ященкова Анисья Савельевна [Электронный ресурс] // Герои страны : сайт. - Режим доступа : http://www.warheroes.ru/hero/hero.asp?Hero_id=20316 (17.01.18)