Известные имена

Есімдер

Как лечить гастрит быстро. Как лечить гастрит желудка дома. Как лечить гастрит народными средствами. Лечение и профилактика кариеса. Быстрая профилактика кариеса зубов. Профилактика кариеса у взрослых. Питание во время беременности. Какое правильное питание во время беременности. Режим питания во время беременности. Почки симптомы болезни. Главные признаки болезни почек. Питание при болезни почек. Как доставить удовольствие девушке. Как доставить девушке больше удовольствия днем. Как доставить максимум удовольствия девушке. Грудные мышцы в домашних условиях. Быстрые домашние упражнения для грудных мышц. Тренировка грудных мышц. Йога для начинающих видео. Качественная йога для беременных. Уроки йоги для начинающих. Народное лечение простата. Главные средства лечения аденомы простаты. Лечение простатита и аденомы простаты.

Айдарханов Б.

Айдарханов Бике – коммунистік еңбек екпіндісі, Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген металлургі, Социалистік Еңбек Ері.Айдарханов Бике (1918-1970) – коммунистік еңбек екпіндісі, Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген металлургі, Социалистік Еңбек Ері.

1918 жылы Павлодар облысы Лебяжі ауданы Қазантай селосында дүниеге келген.

Еңбек жолын 1937 жылы Лениногорск қаласы (қазір Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласы) Лениногор полиметалл комбинатының (қазір Казцинк ЖШС құрамында) қорғасын зауытында бастады. Бастапқы кезде агломерация цехында, кейін – Сокольск кенішінде көмір шығарушы, пешші, бригадир жұмыстарын атқарды.

1954 жылдан бастап шихтовщик болды.

Б. Айдарханов Ұлы Отан соғысы жылдары қорғаныс жұмысындағы міндеттемені мерзімінен тыс орындау үшін социалистік жарыс ұйымдастырды.

Б. Айдарханов жаңа агломерация цехын іске қосуға қатысып, жаңа құрал-жабдықтармен жұмысты игеріп, табысты еңбегі үшін Еңбек Қызыл Ту ордені, медаль, грамоталармен марапатталды.

Социалистік жарыс озаты Б. Айдарханов көптеген өнертабыстық жаңалықтар ұсынды, соның ішінде, өндіріске технологиялық шихта әзірлеудің ерекше әдісін енгізуі нәтижесінде жоғары сапалы агломерат алынды.  

1966 жылы 20 мамырда КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен Бике Айдархановқа Социалистік Еңбек Ері атағы берілді.

Б. Айдарханов бірнеше мәрте қалалық партия комитетіне мүше және Еңбекшілер депутаттарының Лениногорск қалалық Кеңесіне депутат болып сайланды.

«1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы қажырлы еңбегі үшін» медалі, Қазақ ССР-і Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталды.

1970 жылы 28 қазанда қайтыс болды.

Риддер қаласының бір көшесі Бике Айдарханов есімімен аталады.

Деректер

Источники

Шығыс Қазақстан облысы [Мәтін] : энциклопедия. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2014.

Герои Социалистического Труда - казахстанцы [Текст].

Т. 1. - Алма-Ата : Казахстан , 1969.

Город рабочей доблести [Текст] : сборник статей и очерков. - Алма-Ата : Казахстан, 1986. - 328 с.

Лениногорскому полиметаллическому комбинату - 50 лет [Текст] : дела и люди комбината. - М. : Б.и., 1968. - 106 с.

Немцев, М. Свинцовый характер [Текст] / М. Немцев // 7 дней. - 2015. - 28 мая.

Интернет-сілтемелер

Интернет-ссылки

Бике Айдарханов [Электронный ресурс] : [биография] // Википедия – открытая энциклопедия : сайт. – Режим доступа : https://ru.wikipedia.org/wiki/Айдарханов,_Бике (09.01.2018)

Бике Айдарханов [Электронный ресурс] : [биография] // Шығыс Қазақстан облысының ардагерлері : сайт. – Режим доступа : http://veteran-vko.kz/kz/home_front01_01.htm (09.01.2018)

Бике Айдарханов [Электронный ресурс] : [биография] // Государственный архив Восточно-Казахстанской области : сайт. – Режим http://e-arhiv.vko.gov.kz/kk/SiteGallery/Album?albumId=42 (09.01.2018)