Известные имена

Алдабергенов Ж.

Алдабергенов Жәпек Нұрғазыұлы – металлург, рафинерші, Социалистік Еңбек Ері.Алдабергенов Жәпек Нұрғазыұлы (1932 ж.) – металлург, рафинерші, Социалистік Еңбек Ері.

1932 жылы Шығыс Қазақстан облысы Таврия ауданы (қазір Ұлан ауданы) Пролетарка ауылында дүниеге келген.

Еңбек жолын 15 жасында Канайка кен орнында түрлі жұмысшы болып бастаған.

1952 жылы В. И. Ленин атындағы Өскемен қорғасын-мырыш комбинатында (қазір Казцинк ЖШС) жұмыс істеді. Бастапқыда металл құюшы, кейін – рафинерлеуші болды.

КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1963 ж. 20 шілде Жарлығымен Социалистік Еңбек Ері атағы беріліп, Ленин ордені, «Орақ пен Балға» алтын медалімен марапатталды.

1966 жылы жоспардағы міндетін 117,2 пайыз орындады. 1967 жылы Октябрьдің 50-жылдығы құрметіне социалистік міндеттемесін асыра орындап, екі өнертабыстық ұсынысын енгізді.

ВЦСПС пленумы мүшесі, Өскемен қалалық Кеңесінің депутаты болды.

Ж. Алдабергенов бірнеше рет социалистік жарыс жеңімпазы, Құрметті металлург және социалистік жарыс үздігі, коммунистік еңбек екпіндісі атағына ие болды.

«Үздік металлург» төсбелгісімен марапатталды.

 

Ж. Алдабергенов туралы әдебиеттер – Литература о Ж. Алдабергенов

Кітаптар-книги: 

 

Герои Социалистического Труда - казахстанцы [Текст]. Т. 1. - Алма-Ата : Казахстан , 1969.

Алдабергенов, Ж. Уақыт. Тиімділік. Сапа [Мәтін] / Ж. Алдабергенов.  - Алматы : Қазақстан, 1980.

Шығыс Қазақстан облысы [Мәтін] : энциклопедия. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2014. – Алдабергенов Жәпек Нұрғазыұлы: б. 167

 

Мақалалар –статьи:

 

Наволокин, Н. Верность делу [Текст] : [о Герое Социалистического труда, металлурге УК СЦК ] /Н.  Наволокин // Рудный Алтай. - 1979. -  6 ноября.

Алдабергенов, Ж. Весна пятилетки [Текст] / Ж. Алдабергенов  // Казахстанская правда. - 1981. - №2. -  С. 40-44.

Все родное [Текст] : [о Герое Социалистического Труда  Ж. Алдабергенове] // Металлург. - 1982. -  15 сент.

 

Интернет ресурстар

Интернет ресурсы:

 

Алдабергенов Жапек  [Электронный ресурс] : [биография] // Государственный архив Восточно-Казахстанской области : сайт. – Режим http://e-arhiv.vko.gov.kz/kk/SiteGallery/Album?albumId=42 (09.01.2018)