Известные имена

Есімдер

Как правильно класть плитку. Как класть плитку на стену быстро. Класть плитку своими руками. Как выбрать ламинат для квартиры. Какой лучше выбрать ламинат сегодня. Какого цвета выбрать ламинат. Как правильно клеить обои. Как клеить обои на потолок вертикально. Как правильно клеить углы обоями. Интересные самоделки своими руками. Качественные самоделки своими руками фото. Самоделки для дома своими руками. Как сделать потолок в доме. Чем лучше утеплить потолок дома на сегодняшний день. Утепление потолка дома своими руками. Бизнес идеи с минимальными вложениями. Успешные идеи малого бизнеса с нуля. Прибыльные бизнес идеи. Как сделать мебель своими руками. Сделать деревянная мебель своими руками. Сделать мебель своими руками видео. Опалубка для фундамента. Как сделать опалубку для фундамента быстро. Опалубка для фундамента купить.

Аңғышбаев Қ.

Анғышбаев Қойлыбай – аға шопан, Социалистік Еңбек Ері, Ұлы Отан соғысына қатысқан.Аңғышбаев Қойлыбай (1905-1991) – аға шопан, Социалистік Еңбек Ері, Ұлы Отан соғысына қатысқан.

1905 жылы Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Қызыл ту ауылында шаруа отбасында дүниеге келген.

12 жасында бай батырағы болды. 1923-1930 жж. Құйған ауылында кірпіш зауытында, кейін «Қызыл ту» колхозында жұмыс істеді. Ұлы Отан соғысына 2-ші Белорус майданының 204-ші атқыштар дивизиясында қатардағы жауынгер ретінде қатысты. Жауынгер-патриот бірнеше рет жарақат алып, жауынгерлік медальдармен марапатталды. Соғыстан кейін туған колхозына оралып, аға табыншы болып жұмыс істеді.    

1949-1957 жж. – Ворошилов атындағы колхозда, ал, 1957 ж. Маралиха совхозында шопан болды.

Қ. Аңғышбаев биік өндірістік жетістіктерге қол жеткізіп, 1947 жылы 20 биеден 20 құлын алды. Қойлыбай Аңғышбаевқа еңбекте қол жеткізген жетістіктері үшін 1948 жылы 23 шілдеде КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен Социалистік Еңбек Ері атағы беріліп, Ленин ордені және «Орақ пен Балға» медалімен марапатталды.

Аудандық Еңбекшілер депутаттары Кеңесінің депутаты болды.

Жауынгерлік медальдармен, «Құрмет белгісі» ордені, «Еңбектегі ерлігі үшін» медалімен марапатталды.

1991 жылы қайтыс болды.

Күршім ауданының бір көшесі Қойлыбай Аңғышпаев есімімен аталады.

 

 

Деректер

Источники

 

Шығыс Қазақстан облысы [Мәтін] : энциклопедия. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2014. – Аңғышбаев Қойлыбай: б. 181.

Герои Социалистического Труда - казахстанцы [Текст].

Т. 1. - Алма-Ата : Казахстан , 1969.

Ангышбаев Койлыбай [Электронный ресурс] : [биография] // Государственный архив Восточно-Казахстанской области : сайт. – Режим доступа :http://e-arhiv.vko.gov.kz/kk/SiteGallery/Album?albumId=42 (09.01.2018)