Быканов Василий Кузьмич (1925-1995) – сылақшы-сырлаушы, Социалистік Еңбек Ері, Ұлы Отан соғысына қатысқан.
1925 жылы Курск облысы Кривцовск ауданы Большие селосында дүниеге келген.
Еңбек жолын 1940 жылы Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданының «Пятилетка в четыре года» колхозында бастады.
1943-1947 жж. – Кеңес Армиясында әскери міндетін өтеді. Ұлы Отан соғысына қатысқан.
Бес жылдан аса уақыт Зырян қаласы құрылыстарында сырлаушы болып істеді. 1954 жылы Зыряновскстрой» тресінің сылақшы-сырлаушы бригадасын басқарды.
Василий Кузьмич бригадир болған кезде ұжым жетіжылдық жоспарды табыспен іске асырды. Бригада өндірістік нормасын 118 пайызға орындады. Осы жылдары оның бригадасында еңбек өнімділігі ауысымдағы әр адамға 38 пайызға өсті. Ол әсіресе 1963 жылдан бастап, бригада шаруашылық есепке көшкен жылдары шапшаң өсті. Асүй қабырғасы және тазалық тораптарын цемент және известь пастасымен олифа қоспай сылаудың жаңа техникасын енгізді.
КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1966 ж. 11 тамыз Жарлығымен Василий Кузьмич Быкановқа Социалистік Еңбек Ері атағы берілді.
Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің 7-ші шақырылымына депутат болып сайланған.
1995 жылы 22 қазанда Витебск қаласында қайтыс болды.
Деректер
Источники
Шығыс Қазақстан облысы [Мәтін] : энциклопедия. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2014. – Быканов Василий Кузьмич: б. 294.
Герои Социалистического Труда - казахстанцы [Текст].
Т. 1. - Алма-Ата : Казахстан , 1969.
Быканов Василий [Электронный ресурс] : [биография] // Государственный архив Восточно-Казахстанской области : сайт. – Режим http://e-arhiv.vko.gov.kz/kk/SiteGallery/Album?albumId=42(09.01.2018)