Керейбаев Біләл (1928 ж.) – шопан, қойшы, Социалистік Еңбек Ері.
1928 жылы Шығыс Қазақстан облысы Марқакөл ауданы (қазір Күршім ауданы) Тақыр ауылында шаруа отбасында дүниеге келген.
Еңбек жолын 12 жасында «Свобода» колхозында (қазір Боран совхозы) шопанның көмекшісі болып бастаған.
Ол әр қойдан 1962 жылы - 122, 1963 - 121, 1964 - 141, 1965 ж. - 144 -тен қозы алды.
Шопан еңбегін партия мен үкімет жоғары бағалады. Қой шаруашылығын дамытудағы ерен еңбегі үшін 1966 жылы 22 наурызда КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумы Жарлығымен Біләл Керейбаевқа Социалистік Еңбек Ері атағы берілді.
Біләл Керейбаев осы жылдары 12 мыңнан аса қозы алып, мемлекетке 30 мыңнан аса жоғары сапалы жүн өткізді.
Біләл Керейбаев қоғамдық жұмыстарға белсене қатысты. Шығыс Қазақстан обкомы және Марқакөл ауданы райкомы мүшесі, Еңбекшілер депутаттарының аудандық Кеңесінің депутаты болды. Оның есімі Қазақ ССР-інің Құрметті Алтын кітабына енгізілген.
Деректер
Источники
Шығыс Қазақстан облысы [Мәтін] : энциклопедия. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2014. – Керейбаев Біләл: б. 392.
Герои Социалистического Труда - казахстанцы [Текст].
Т. 1. - Алма-Ата : Казахстан , 1969.
Мусин, М. Солнце светит всем [Текст] : очерк / М. Мусин // Рудный Алтай. - 1967. - 4 июня.
Керейбаев Бляль [Электронный ресурс] : [биография] // Государственный архив Восточно-Казахстанской области : сайт. – Режим доступа : http://e-arhiv.vko.gov.kz/kk/SiteGallery/Album?albumId=42 (10.01.2018)