Известные имена

Семенова К. Ф.

Семенова Клавдия Федоровна – құрылысшы, сылақшы, Социалистік Еңбек Ері.Семенова Клавдия Федоровна (1922 ж.) – құрылысшы, сылақшы, Социалистік Еңбек Ері.

1922 жылы Псков облысы Боровики селосында шаруа отбасында дүниеге келген. Еңбек жолын Арал балық тресінде бастады. Кейін Лениногорскіде (қазір Риддер, Шығыс Қазақстан облысы) сылақшының көмекшісі болды. 1949 жылы «Лениногорсксвинецстрой» тресінде сылақшы-әрлеуші бригаасына жетекшілік етті.

К.Семенованың бригадасы алғашқының бірі болып мәскеуліктердің бастамасына қолдау беріп, коммунистік еңбек атағына ие болды. Бригада жоспардағы міндеттемелерін 115-134 пайыз орындады. К.Ф.Семенованың бастамасымен бригада шаруашылық есепке көшіп, басқа ұжымдарды ілестірді.

Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1960 ж. 7 наурыз Жарлығымен К.Ф.Семеноваға Социалистік Еңбек Ері атағы берілді.

К.Семенова қорғасын зауыты, байыту фабрикасы, электростанция, тұрмыстық комбинат, тұрғын-үй т.б. құрылыстарына қатысты. Мерейтой жылы коммунистік бригада жетекшісі коммунист К.Ф.Семенова бригадасы жаңа мырыш зауытын салуға қатысып, көшпелі қызыл жалауша иегері болды.

Клавдия Федоровна Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің екі шақырылымына депутат, қалалық партия комитетіне мүше, «Заводстрой» құрылыс басқармасының әйелдер кеңесіне басшы болды. Бірнеше рет Еңбекшілер депутаттары облыстық және қалалық Кеңесінің депутаты болып сайланды, партия және кәсіподақ конференциялары, жергілікті комитет делегаты болды.

Құрмет грамоталары, «Үздік сылақшы» және «Үздік құрылысшы» белгілерімен марапатталды, Құрметті құрылысшы атағының иегері.

 

 

 

 

Деректер

Источники

 

 

Шығыс Қазақстан облысы [Мәтін] : энциклопедия. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2014. – Семенова Клавдия Федоровна: б. 694.

Герои Социалистического Труда - казахстанцы [Текст].

Т. 1. - Алма-Ата : Казахстан , 1969.

Семенова Клавдия Федоровна [Электронный ресурс] : [биография] // Государственный архив Восточно-Казахстанской области : сайт. – Режим доступа : http://e-arhiv.vko.gov.kz/ru/Page/Index/1656 (10.01.2018)

Семенова Клавдия Федоровна [Электронный ресурс] : [биография] // Государственный архив Восточно-Казахстанской области : сайт. – Режим доступа : http://e-arhiv.vko.gov.kz/kk/SiteGallery/Album?albumId=42 (10.01.2018)