Известные имена

Шелехов Н. А.

Шелехов Николай Арсентьевич – комбайншы, Социалистік Еңбек Ері.Шелехов Николай Арсентьевич (1910-ө.ж.б.) – комбайншы, Социалистік Еңбек Ері.

 

1910 жылы Шығыс Қазақстан облысы Киров ауданы (қазір Глубокое ауданы) Уварово селосында шаруа отбасында дүниеге келген.

1929 жылы Куйбышев атындағы ауыл шаруашылығы артелінде жұмыс істеді. 1931-1950 жж. Заульба МТС-те (машина-трактор станциясы) тракторшы және бригадир болды. Колхоз бастығының орынбасары, Киров ауылдық кеңесінің бастығы, мал азығын өндіру бригадасының бригадирі болды. 1958-1965 жж. колхозда комбайншы.

1948 жылы Н.А.Шелехов 112 гектар жерден 22 центнерден бидай, 138 гектар жерден 22,6 центнер қарабидай жинады.

Осындай жоғары еңбек өнімділігіне қол жеткізгені үшін 1949 жылы 20 мамырда КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен Николай Арсентьевич Шелеховке Социалистік Еңбек Ері атағы берілді.

1949 жылы коммунист Н.А.Шелехов бригадасы көктемгі егіс жұмыстарын 10 күнде ауданда бірінші болып аяқтап, жоспарын 131 пайыз орындады. Озат бригада көрші колхозға көмек беріп, облыстық Құрмет тақтасынан орын алды. Сондай-ақ, ауыспалы қызыл туды иеленді.  

Николай Арсентьевич 1957 жылғы Халық шаруашылығы жетістіктері көрмесіне қатысты. 1962 жылы оған коммунистік еңбек екпіндісі атағы берілді. Бірнеше мәрте Еңбекшілер депутаттарының ауылдық Кеңесінің депутаты болып сайланды.

ІІ дәрежелі Ұлы Отан соғысы ордені, «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы қажырлы еңбегі үшін», Құрмет грамотасы және «Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің социалистік жарыс үздігі» белгісі, «Тың жерлерді игергені үшін» медалы, Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасы, екі Ленин орденімен марапатталды.

Қайтыс болған жылы мен күні белгісіз.

 

 

 

Деректер

Источники

 

 

Шығыс Қазақстан облысы [Мәтін] : энциклопедия. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2014. – Шелехов Николай Арсентьевич: б. 808.

Герои Социалистического Труда - казахстанцы [Текст].

Т. 1. - Алма-Ата : Казахстан , 1969.

Шелехов Николай Арсентьевич [Электронный ресурс] : [биография] // Государственный архив Восточно-Казахстанской области : сайт. – Режим доступа : http://e-arhiv.vko.gov.kz/kk/SiteGallery/Album?albumId=42 (10.01.2018)