Известные имена

Шмурыгин П. М.

Шмурыгин Петр Миронович – комбайншы, Ұлы Отан соғысына қатысқан, Социалистік Еңбек Ері.Шмурыгин Петр Миронович (1909-ө.ж.б.) – комбайншы, Ұлы Отан соғысына қатысқан, Социалистік Еңбек Ері.

1909 жылы Шығыс Қазақстан облысы Киров ауданы (қазір Глубокое ауданы) Прапорщиково селосында шаруа отбасында дүниеге келген.

1929-1941 жж. Киров атындағы колхозда тракторшы, комбайншы және бригадир болды.

1941-1942 жж. Ұлы Отан соғысына қатысқан. Соғыстан кейін колхозға келіп, қарапайым колхозшы, звеношы және бригадир болып еңбек етті.

1948 жылы Петр Миронович звеносы 320 гектар жерден 30 центнерден бидай өнімін алды.

1949 жылы 20 мамырда КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен П.М.Шмурыгинге Социалистік Еңбек Ері атағы беріліп, Ленин ордені және «Орақ пен Балға» алтын медалі тапсырылды.

1949 жылы Социалистік Еңбек ерінің звеносы мол өнім жинады. Бірінші участоктың әр гектарынан 30 пайыз, екіншіден – 24, үшіншіден – 15 пайыздан бидай өнімін жинап, бастырды. 38 гектар жерден орта есеппен 21 центнерден бидай өнімін алды. Тәжірибелі диқаншы ұзақ жылдар бойы дәнді-дақылдардан мол өнім жинап, биік көрсеткіштерге қол жеткізді.

Қайтыс болған жылы мен күні белгісіз.

 

 

 

Деректер

Источники

 

 

Шығыс Қазақстан облысы [Мәтін] : энциклопедия. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2014. – Шмурыгин Петр: б. 811.

Герои Социалистического Труда - казахстанцы [Текст].

Т. 1. - Алма-Ата : Казахстан , 1969.

Шмурыгин Петр Миронович [Электронный ресурс] : [биография] // Государственный архив Восточно-Казахстанской области : сайт. – Режим доступа : http://e-arhiv.vko.gov.kz/kk/SiteGallery/Album?albumId=42   (10.01.2018)