Известные имена

Ярох Е. Н.

Ярох Елена Нестеровна – звеношы, Социалистік Еңбек Ері.Ярох Елена Нестеровна (1908 – ө.ж.б.) – звеношы, Социалистік Еңбек Ері.

1908 жылы Шығыс Қазақстан облысы Таврия ауданы (қазір Ұлан ауданы) Таврия селосында шаруа отбасында дүниеге келген.

Еңбек жолын 1930 жылы «Красный Октябрь» колхозында бастады. 1946-1949 жж. егіс бригадасының бригадирі. Сауыншы, аспазшы жұмыстарын атқарған.

Ярох Еленаның звеносы тынымсыз еңбегінің нәтижесінде мол егін жинап, әр гектардан 30 центнерден аса таза бидай орды.

1948 жылы 28 наурызда КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен Е. Н. Ярох Социалистік Еңбек Ері атағымен марапатталды.

1948 жылы құрғақшылыққа қарамастан 20 гектар жерден 23,6 центнерден бидай жинаса, көрші колхоздар өнімді үш есе аз жинады.  

Кейінгі жылдары да Е. Н. Ярох колхоздың басқа шаруаларымен айналыса жүріп, жоғары өнімге қол жеткізді. Бірнеше мәрте Еңбекшілер депутаттарының аудандық Кеңесіне депутат және халық сотының мүшесі болып сайланды.

«1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы қажырлы еңбегі үшін» медалі, екі Ленин орденімен, колхоз басқармасының сыйлықтарымен марапатталды.

 

 

 

Деректер

Источники

 

 

Шығыс Қазақстан облысы [Мәтін] : энциклопедия. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2014. – Ярох Елена: б. 840.

Герои Социалистического Труда - казахстанцы [Текст].

Т. 1. - Алма-Ата : Казахстан , 1969.

Ярох Елена Нестеровна [Электронный ресурс] : [биография] // Государственный архив Восточно-Казахстанской области : сайт. – Режим доступа : http://e-arhiv.vko.gov.kz/kk/SiteGallery/Album?albumId=42   (10.01.2018)

Ярох Елена Нестеровна [Электронный ресурс] // Герои страны : сайт. - Режим доступа : http://www.warheroes.ru/hero/hero.asp?Hero_id=24968 (09.01.18)