Известные имена

Есімдер

Как правильно класть плитку. Как класть плитку на стену быстро. Класть плитку своими руками. Как выбрать ламинат для квартиры. Какой лучше выбрать ламинат сегодня. Какого цвета выбрать ламинат. Как правильно клеить обои. Как клеить обои на потолок вертикально. Как правильно клеить углы обоями. Интересные самоделки своими руками. Качественные самоделки своими руками фото. Самоделки для дома своими руками. Как сделать потолок в доме. Чем лучше утеплить потолок дома на сегодняшний день. Утепление потолка дома своими руками. Бизнес идеи с минимальными вложениями. Успешные идеи малого бизнеса с нуля. Прибыльные бизнес идеи. Как сделать мебель своими руками. Сделать деревянная мебель своими руками. Сделать мебель своими руками видео. Опалубка для фундамента. Как сделать опалубку для фундамента быстро. Опалубка для фундамента купить.

Плотников Б. В.

Плотников Борис Васильевич – кенші, Социалистік Еңбек Ері.Плотников Борис Васильевич (1929-ө.ж.б.) – кенші, Социалистік Еңбек Ері.

1929 жылы СССР (қазір РФ) Воронеж облысы Нижний Икорец селосында шаруа отбасында дүниеге келген. 1945 жылы колхозда жұмыс істеп, ФЗО (фабрика-зауыт оқуы) мектебінде ағаш шебері курсын бітірді.

1947-1948 жж. – Россош қаласында құрылыс учаскесінде ағаш шебері болып жұмыс істеді. Воронеж облысы Лиски станциясында паровоз депосында от жағушы болды. 1953 жылы тау-кен өнеркәсібінің озық әдістерін меңгеруде іс-тәжірибе алмасу үшін Болгарияға жіберілді. Армиядан кейін Лениногорскіде (қазір Риддер, Шығыс Қазақстан облысы) «Шахтостройуправление» басқармасына жұмысқа орналасты. 1955 жылы ВЛКСМ 40-жылдығы атындағы Лениногор полиметалл комбинаты (қазір Казцинк ЖШС құрамында) шахтасында бригадир болды. ВЛКСМ 40-жылдығы атындағы кеніште Б. В. Плотников шахтерлер бригадасын басқарды. Мұнда еңбекті ұйымдастыруға үлкен мән берді. Бригадада бұрғылау, тау-кен массасын тазарту жұмыстарында   еңбекті кешенді ұйымдастыру енгізілді. Б.В.Плотников кеніште алғашқының бірі болып бригада орындайтын бұрғылау-жару жұмысында кешенді іс-шаралар енгізді. Сонымен, ұжымның еңбек өнімділігін кеңейтті.

Кәсіби біліктілікті көтеру және оқулар нәтижесінде бригада мүшелері қосымша бұрғышы, бекітуші, жарушы, электр слесарі, машинист мамандықтарын игерді. В.Плотников жетекшілік ететін бригада комбинатта үздіктер қатарынан көрінді. Еңбек нормасының орындалуы ай сайын 110-135 пайыз құрады. 1959 жылы бұл бригада коммунистік еңбек бригадасы атағына ие болды.

Түсті металлургия саласында қол жеткізген жетістіктері үшін КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1961 жылғы 9 маусым Жарлығымен Б. В. Плотниковқа Социалистік Еңбек Ері атағы берілді. Ол 1966 жылы өндірістен қол үзбей үшжылдық тау-кен мастері мектебін бітірді. Еңбекшілер депутаттарының қалалық Кеңесінің депутаты, обком партия пленумының мүшесі, ВЦСПС пленумы және комбинат партия комитетінің мүшесі болды.

Қайтыс болған жылы мен күні белгісіз.

 

 

 

Деректер

Источники

 

Шығыс Қазақстан облысы [Мәтін] : энциклопедия. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2014. – Плотников Борис Васильевич: б. 616.

Герои Социалистического Труда - казахстанцы [Текст].

Т. 1. - Алма-Ата : Казахстан , 1969.

Плотников Борис Васильевич [Электронный ресурс] : [биография] // Государственный архив Восточно-Казахстанской области : сайт. – Режим доступа : http://e-arhiv.vko.gov.kz/kk/SiteGallery/Album?albumId=42 (25.01.2018)