Известные имена

Путорайкина П. А.

Путорайкина Пелагея Антоновна - сүзгіші-тығыздаушы, Социалистік Еңбек Ері.Путорайкина Пелагея Антоновна (1918-ө.ж.б.) сүзгіші-тығыздаушы, Социалистік Еңбек Ері.

1918 жылы Алтай өлкесі Чарыш ауданы Тулота ауылында шаруа отбасында дүниеге келген.

1935-1946 жж. Ново-Октябрь совхозы, «Жол құрылысы» басқармасы, Защита станциясы (Шығыс Қазақстан облысы) Рубцовка-Риддер теміржолында жұмыс істеді. 1947 ж. бастап В.И.Ленин атындағы Өскемен қорғасын-мырыш комбинатында (қазір Казцинк ЖШС) құрылыс цехында сырлаушы, ал, 1952 жылдан бастап сүзгіші-тығыздаушы жұмыстарын атқарды.

П. А. Путорайкина Өскемен қорғасын-мырыш комбинатының (қазір Казцинк ЖШС) ардагері. Ол комбинат құрылысы басталғаннан бері сонда жұмыс істеді. Пелагея Антоновна металлург мамандығын армандады. Кейін мырыш тотығын сілтіден айыру цехында сүзгіші болды.

Жұмыс өте ауыр болды. Цех жұмыстары қолмен атқарылды. Тіпті ерітінді тазартқыш технологиялар болмады. Мұндай жағдайлар еңбек өнімділігін арттыруды және мырыш шығаруды шектеді. Пелагея Антоновна мырыш шығару жұмысына техникалық прогресті енгізуге күш салды. Соның арқасында кемшіліктер жойылып, цехта көптеген өндіріс процестерін атқаратын қосымша механизмдер мен аппараттар қойылды, технология жетілдірілді.

Пелагея Антоновна 17 жыл бойы сүзгіші-тығыздаушы жұмысын атқарып, озат іс-тәжірибелерді үйренді. Ол ерітіндіні тазартудың көптеген әдістерін игеріп, білікті маман болды. Өйткені, комбинат шығаратын мырыш сапасы, сүзгілеу жұмысының дұрыс орындалуына байланысты болды. Пелагея Антоновна жетекшілік ететін бригада ерітінді сапасын үнемі жақсартумен қатар, еңбек өнімділігін арттырып, нормаларын 105-107 пайыз орындады.

Халықаралық әйелдер күні мерекесінің 50-жылдығына еңбекте қол жеткізген жетістіктері үшін КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1960 жылғы 7 наурыз Жарлығымен П.А.Путорайкинаға Социалистік Еңбек Ері атағы берілді.

Пелагея Антоновна цех, комбинат және қаланың қоғамдық өміріне белсене қатысты, Еңбекшілер депутаттарының Өскемен қалалық Кеңесінің депутаты болды.

Еңбекшілер депутаттарының қалалық Кеңесі және комбинат грамоталарымен марапатталды. Комбинаттың Құрмет тақтасынан орын алып, алғыс хаттарға ие болды.

Қайтыс болған жылы мен күні белгісіз.  

 

 

 

 

 

Деректер

Источники

 

 

Шығыс Қазақстан облысы [Мәтін] : энциклопедия. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2014. – Путорайкина Пелагея Антоновна: б. 623.

Герои Социалистического Труда - казахстанцы [Текст].

Т. 1. - Алма-Ата : Казахстан , 1969.

Кузнецов, И. Героиня [Текст] / И. Кузнецов // Знамя коммунизма. - 1960. - 22 марта.

Путорайкина Пелагея Антоновна [Электронный ресурс] : [биография] // Государственный архив Восточно-Казахстанской области : сайт. – Режим доступа : http://e-arhiv.vko.gov.kz/kk/SiteGallery/Album?albumId=42 (23.01.2018)