Воронков Анатолий Дмитриевич (1918-1966) - қайраткер, Екінші Дүниежүзілік соғысына қатысқан, Социалистік Еңбек Ері.
1918 жылы Өзбекстанда Ташкент қаласында дүниеге келген. 1936 жылы Алматы қаласындағы Зооветеринарлық институты (қазір Қазақ ұлттық аграрлық университеті) бітірген. Еңбек жолын 1936 жылы Жарма ауданының «Скотовод» колхозында бастады.
2-дүниежүзілік соғысқа қатысқан.
1945-1952 жылдары Семей облысының (қазір Шығыс Қазақстан облысы) ауыл шаруашылығы басқармасында ветеринария басқармасының бастығы қызметін атқарды. 1952-1954 жылдары Алматы қаласындағы Зооветеринарлық институтында ассистент, 1954-1961 жылдары Үржар ауданындағы «Қызыл тау қырандары» ұжымшарының төрағасы, 1961-1963 жылдары Семей облысы (қазір Шығыс Қазақстан облысы) ауыл шаруашылығы бөлімінің меңгерушісі, 1963-1966 жылдары облыстық партия комитетінің хатшысы қызметтерін атқарған. Ұзақ жылдар Семей облысы (қазір Шығыс Қазақстан облысы) партия комитетінің мүшесі болып сайланған. Ауыл шаруашылығын дамытуда зор жетістіктерге жетті.
Ауыл шаруашылығында елеулі табыстарға жеткені үшін КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен 1957 жылы 11 қаңтарда Социалистік Еңбек Ері атағы берілді.
Ленин, Қызыл Жұлдыз ордендері, бірнеше медальдармен марапатталды.
1966 жылы қайтыс болды.
А. Воронков туралы әдебиеттер – Литература о А. Воронкове
Кітаптар-книги:
Шығыс Қазақстан облысы [Мәтін] : энциклопедия. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2014. – Воронков Анатолий Дмитриевич: б. 301.