Кириленко Федор Петрович (1886-1955) - қой шаруашылығының жетекшісі, Социалистік Еңбек Ері.
1886 жылы Ресейдегі Краснодар өлкесіндегі Славский станциясында туған.
1905 жылдан бастап Шығыс Қазақстан облысы, Бородулиха ауданы, Троицк ауылында тұрады.
1929-1948 жылдары ауылшаруашылық артелінің, «Прогресс» шаруа қожалығында жұмыс істеді. 1948-1955 жылдары қой фермасының меңгерушісі болды.
КСРО Жоғарғы Кеңесінің Жарлығымен 22 наурыз 1948 жылы Социалистік Еңбек Ері атағы берілді.
1955 жылы қайтыс болды.
Деректер
Источники
Шығыс Қазақстан облысы [Мәтін] : энциклопедия. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2014. – Кириленко Федор Петрович: б. 393.