Янушкин Михаил (1923 ж.) - механизатор, Социалистік Еңбек Ері.
Еңбек жолын 1939 жылы колхозында бастады, алғашында тіркеуші, кейін трактор жүргізуші болды. 1957 жылдан Бородулиха ауданының (Шығыс Қазақстан облысы) «Қызыл Қазақстан» ауыл шаруашылығының артелінде механизатор болып еңбек етті. 1964 жылы ДТ-54 тракторымен 1209 га орнына 1638 га, ал, 1966 жылы тапсырмадағы 1095 га орнына 1728 га жер жыртты. 1964-1966 жылдары орта есеппен жоспардағы 1140 га орнына 1692 га жер жыртты. Бұл кезде ол ауысымдық тапсырмасын әдеттегідей бір жарым есе орындады. 748 сомның қосалқы бөлшегін және жанармай үнемдеді. Өзі жұмыс істеген уақыт ішінде көптеген жастарға тракторды меңгерудің озық әдістерін үйретті.
1967 жылғы 19 сәуірде КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен Социалистік Еңбек Ері атағы берілді.