Известные имена

Жайлауов Т. Б.

Жайлауов Талғат Бақытбекұлы – қазақстандық хоккейшіЖайлауов Талғат Бақытбекұлы (1982 ж.т.) – қазақстандық хоккейші, шеткі шабуылдаушы, Өскемендік хоккейдің тәрбиеленушісі.
1985 жылы 7 шілдеде Өскемен қаласында дүниеге келген. Спорттық карьерасын жергілікті «Торпедо» клубында бастады. «Мені «Торпедоға» қабылдаған Борис Александров еді» – дейді естеліктерінде хоккейші.
Спорттық жолы
«Торпедо» хоккей клубынд оның жаттықтырушысы Владимир Беляев болды. Сол клубтың сапында Қазақстан чемпионатында екі жыл ойнады. ҚХЛ құрылғаннан кейін астаналық «Барыс» командасының құрамын күшейту қажет болды. Осылайша Өскемендік түлек Талғат Жайлауов Астанаға қоныс аударып, 12 маусым бойы «Барыстың» намысын қорғады.
Талғат Жайлауов – ҚХЛ-дағы барлық маусымды команда сапында өткізген «Барыс» хоккей клубының аңызға айналған ойыншысы. Қазақстандық ең үздік хоккейші (2007).
Қазақстан мұзды хоккей ұлттық құрамасының капитаны 2007 және 2011 жылғы қысқы Азия ойындарының ашылу салтанатындағы Қазақстан делегациясында Қазақ елінің көк байрағын ұстап шығу құрметіне бөленді. Форвард Қазақстан құрамасы сапында 9 әлем чемпионатында да өнер көрсетті.
2019 жылы команда өз ардагеріне ерекше құрмет көрсетіп, оның ойын кезінде киген жейдесін стадионның төбесіне салтанатты түрде орналастырды.

Ойын карьерасы:
2002-2007 Қазақстан Казцинк-Торпедо
2007-2018 Қазақстан Барыс
2018-2019 Қазақстан Торпедо
2019-2020 Қазақстан Барыс
2020-2021 Қазақстан Сарыарқа

Жетістіктері:
2007 жылғы қысқы Азия ойындарының күміс жүлдегері.
2005, 2007 жылдары Қазақстан чемпионы.
2011 жылғы қысқы Азия ойындарының чемпионы.

Ойындық мансабын аяқтаған Талғат Жайлауов «Номад» пен «Барыста» жаттықтырушы, «Сарыарқа» клубының директоры қызметін де атқарды.

Талғат Жайлауов 2025 жылғы 17 қарашадан хоккейден Қазақстан құрамасының бас бапкері.
Отандық хоккейдің дамуына елеулі үлес қосқан Талғат Жайлауов Астана қаласында тұрады.

Т. Б. Жайлауов туралы әдебиеттер
Литература об Жайлауове Т. Б.
Кітаптар - Книги

Мыңбай, У. Чемпиондыққа жетелеген арман: болашақ чемпиондарды шабыттандыратын әңгімелер / У. Мыңбай; ауд.: А. Сейтқазы. - Астана: S.E.N. Creative Ltd, 2023. - 208 б.

Мақалалар - Статьи

Қасым, А. Талғат Жайлауов - Өскеменнің төрінде / А. Қасым // Егемен Қазақстан. - 2017. - 10 тамыз. - Б. 12
Әбенов, Ж. Мені "Торпедоға" қабылдаған Борис Александров еді: хоккейші Талғат Жайлауовпен сұхбат / Ж. Әбенов // Дидар. - 2016. - 26 қараша. - Б. 1,8,16
Қадылбекұлы, Ә. Талғаттың тұғыры: ["Торпедо-1" командасының хоккейшісі Талғат Жайлауов Латвияда өткен әлем чемпионатының үздік хоккейшісі] Ә. Қадылбекұлы // Дидар. - 2001. - 16 маусым. - Б. 4

***

Саудегеров, Е. Талгат Жайлауов: "В любом случае выйду на свой уровень" / Е. Саудегеров // 7 дней. - 2016. - N 47. - С. 9: портр.
Столбовская, Н. Талгат Жайлауов: "Трибуны ждут результатов" Н. Столбовская // Семь дней. - 2007. - 23 марта. - С. 6.