Известные имена

Дорофеева Е. Н.

Дорофеева (Иванова) Екатерина Николаевна

 Дорофеева (Иванова) Екатерина Николаевна (1962–1994) – альпинист

1962 жылы 1 сәуірде Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданындағы Платово ауылында (қазіргі Сарытау ауылы) дүниеге келген. 1972 жылы отбасы Күршім ауылына көшіп келеді. 1979 жылы Екатерина Ю. Гагарин атындағы №1 орта мектепті тәмамдап, кейін Иркутск политехникалық институтының геологиялық барлау факультетіне оқуға түседі.
Таулы өңірде өскен Екатерина жастайынан жартасқа өрмелеуге, альпинизмге, таулы туризмге және шаңғы спортына қызығушылық танытады. Аз уақыттың ішінде жоғары нәтижелерге қол жеткізеді. 1983 жылы жартасқа өрмелеуден спорт шеберлігіне үміткер атағын және шаңғы жарысынан I спорттық разряд алады. Сегіз жылдан кейін КСРО-дағы барлық жеті мың метрлік шыңдарды бағындырып, «Қар барысы» құрметті атағына ие болады. Бұл атақ Кеңес Одағының ең биік бес шыңына көтерілген альпинистерге ғана берілген.
1990 жылдың көктемінде Еатерина «Әлем шыңына өрлеу – 1990» атты халықаралық кеңес-қытай-америкалық экспедиция құрамында Эверестті бағындыру мақсатында жорыққа қатысады. 91 күнге созылған экспедиция барысында 1990 жылғы 10 мамырда ол Джомолунгма (Эверест) шыңына, 8848 метр биіктікке көтерілді. Екатерина Кеңес Одағында Эверестке көтерілген алғашқы әйел және әлемде бұл шыңды бағындырған он бірінші әйел атанды. Спорттағы айрықша шеберлігі, ерлігі мен батылдығы үшін «Жеке ерлігі үшін» орденімен марапатталып, «КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері» атағына ие болды.
Екатеринаның басты мақсаты – биіктігі 8000 метрден асатын планетадағы барлық 14 сегіз мыңдық шыңды бағындыру еді. Бұл жетістік әлемдік альпинизмдегі ең жоғары көрсеткіштердің бірі саналады және бейресми түрде «Жер патшасы» деп аталады. Соңғы экспедициясына дейін ол үш сегіз мыңдық шыңға көтеріліп үлгерді: Эверест (8848 м), Манаслу (8156 м) және Шиша-Пангма (8027 м).
1994 жылы Екатерина Сергей Новиков басқарған беларусь экспедициясының құрамында төртінші сегіз мыңдық шың – Канченджанганы бағындыру үшін жолға шығады. 1994 жылғы 10 қазанда экспедиция мүшелері қар көшкіні салдарынан қаза тапты.
2012 жылы Иркутск қаласының Университетский шағын ауданында Екатерина тұрған үйге оның туғанына 50 жыл толуына және алғашқы кеңестік экспедицияның (1982) 30 жылдығына орай мемориалдық тақта орнатылды. Мемориалдық тақтадағы жазуда: «Осы қабырға ішінде геолог мамандығын меңгерген, көрнекті альпинист – «Қар барысы», КСРО-дағы барлық жеті мыңдық шыңдарды, соның ішінде планетаның ең биік шыңы – Эверестті бағындырушы, РМ-79-1 тобының студенті, «Жеке ерлігі үшін» орденінің кавалері, еңбек сіңірген спорт шебері Екатерина Иванова (Дорофеева) тұрды. 1994 жылғы қазанда Гималайдағы Канченджанга шыңына көтерілу кезінде қаза тапты».


 Е. Н. Дорофеева туралы әдебиеттер

Литература о Дорофеевой Е. Н. 

 

Тауанова, Б. Шың басында ұлықталған есім: [Эверест шыңына шыққан жерлесіміз Е. Дорофеева туралы] / Б. Тауанова // Менің өлкем. - 2014. - 19 маусым. - б. 8

Мұқатай, Ж. Эвересті бағындырған ару-Күршімнің қызы: / Ж. Мұқатай// Дидар. - 2019-. - 20 маусым. - Б. 12.; 27 маусым. - Б. 12  

*** 


Жантыкеев, Р. Вершины Дорофеевой / Р. Жантыкеев // Рудный Алтай. - 2005. - 15 сентября. - С. 4
 

 

Интернет ресурстар

Интернет ресурсы

 

Русское географическое общество клуб альпинистов «Санкт-Петербург» // Альпинисты Северной Столицы: сайт. – Режим доступа: http://www.alpklubspb.ru/persona/ivanovadorofeeva.htm

Иванова (Дорофеева), Екатерина Николаевна // Иркипедия: сайт. - Режим доступа: http://irkipedia.ru/content/ivanova_dorofeeva_ekaterina_nikolaevna