Машанов Ақжан Жақсыбекұлы (1906-1997 жж.) - геология-минералогия ғылымдарының докторы, профессор.
Машанов Ақжан Жақсыбекұлы – тау-кен инженері, геология-минералогия ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының алғашқы құрылтайшыларының бірі және корреспондент мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері, Қазақстанда геомеханиканың негізін салушы, жазушы. Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында туған. Қазақ тау-кен металлургия институтын бітірген. КСРО Ғылым академиясының Қазақстан бөлімшесінде, Геология ғылымдары институтында, Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтында, Қазақ политехникалық институтында ғылыми-зерттеу және педагогикалық жұмыстармен айналысты. Негізгі ғылыми бағыты геомеханиканың құрылымы кристалдық заңдылықтарды зерттеуге арналған. Ол геометрия, оптика, механика, химия, геохимия, кристалдық химия, география, геология, технология тәрізді пәндердің сабақтастығын анықтау кезінде біртұтас геомеханика заңдылығын ашып, қағидасын тұжырымдады. Сөйтіп, өз алдына дербес ғылым саласының ортақ өзегін іздеу барысында Эйлер теориясын жаңғыртатын жаңалық жасады.
Ғалым тау-кен өндірісінде геомеханика заңдарын іс жүзінде қолдана отырып, бір-біріне қарама-қарсы екі мәселені шешуді мақсат етті:
1) тау жыныстарының кернеулі-деформация күйінің теориялық негізін анықтау;
2) тау-кен жұмыстары кезінде күрделі кен қазбаларының, жер бетінің орнықтылығын және жұмыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын жасау. Осы мәселелерді біріктіре шешу тау жыныстарының жер қойнауындағы жай-күйін, құрылымдық ерекшеліктерін және беріктілік қасиеттерін зерттеуге негізделген. Жер астындағы кеннің геологиялық құрылымын анықтау үшін алғаш рет жер қойнауының геометриясы әдісін қолдана отырып, Ақбастау, Құсмұрын кен өрісін ашты. Қазақстанда геомеханика мектебін құруға және соғыс жылдарында Лениногор, Зырян, Торғай, Жезқазған, Қаратау кен орындарын ашуға қатысты. Машанов геология, тау-кен ісі, маркшейдерия ғылымдарының мемлекеттік тілде дамуына ерекше көңіл бөліп, қазақ тілінде оқулықтар мен сөздіктер шығарды. Жаратылыстану ғылымдарындағы ұлттық құндылықтарды сабақтастыра отырып, гуманитарлық мазмұн-сипатта дамытуда көп іс атқарды. Сонымен қатар қазақ әдебиетінің ғылыми-көпшілік, фантастикалық жанрларына да үлес қосты. Оның «Жер астына саяхат» атты кітабы көптеген оқырмандардың геолог, тау-кен мамандықтарына деген қызығушылығын оятты.
А. Машанов әл-Фараби еңбектерін түп нұсқасында оқу үшін 60 жасқа таяған шағында араб тілін меңгеріп, ғұлама ғалым еңбектерін тереңінен зерделеуге мүмкіндік алады. Иоганн Кеплердің «Аспан музыкасы» деген кітабындағы көп деректердің әл-Фарабидің «Астрологиялық трактаттарынан» алынғандығына көз жеткізеді. Осы жөніндегі өз ғылыми тұжырымдамасын «Орта Азияның мәдениет шамшырақтары» мақаласында түйіндеп, оны 1972 жылы Кувейтте жарық көретін «әл-Фараби» журналында жариялайды. Артынша Кувейттің белгілі ғалымдары «жұлдыздар туралы алғашқы ғылыми пікір білдірген Әбу Насыр әл-Фараби екенін қазақстандық Ақжан әл-Машани мырза толық дәлелдеді» деп жазды. Ақжан Жақсыбекұлының баға жетпес, ерлікке пара-пар еңбегі - ұлы бабамыз Әбу Насыр әл-Фарабидің ғылыми мұрасын зерттеп, оның Отырар өлкесінің перзенті, қазақ екендігін дүниежүзі ғалымдарына мойындатқаны еді. Бұл жолда ол Батыс Еуропа, Азия елдерінің, Лиссабон, Лондон, Париж, Берлин, Қазан қалаларындағы кітапханалардан әл-Фараби еңбектерін жинады. 1968 жылы Дамаск қаласындағы зираттан әл-Фараби жерленген қабірді тауып, 1978 жылы Алматыда бабамыздың 1100 жылдығына арналған халықаралық конференцияны өткізудің көшбасшысы болды.
Ол әл-Фараби мұрасын ислам дінімен және қазақ халқының ұлттық дүниетанымымен сабақтастыра зерттеу нәтижесінде фарабитанудың негізін салушылардың бірі ретінде де кеңінен танылды. «Әл-Фараби» тарихи романында оның көркем бейнесін сомдаса, «әл-Фараби және Абай» еңбегінде екі ғұлама арасындағы ғылыми және рухани байланыстар мәселесін зерделеді. Түркі тілдес халықтардың мәдени мұраларын, ғылым тарихын, ислам ғылымын зерттеуде де көп тер төкті. 1984 жылы Кувейтте шығатын «әл-Ғараб» мерзімдік басылымында «әл-Машани» бүркеншік атымен өзінің зерттеулерін жариялады. Машанов 200-ден астам ғылыми мақалалар, 10 монография, 5 оқулық, және 8 ғылыми көпшілік кітаптар жазып, артына өшпес мұра қалдырды. Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті Жаратылыстану институтына әл-Машани аты беріліп, әл-Машани мұраларын зерттейтін орталық пен Машани аудиториясы ұйымдастырылды.
А. М. Машановтың ғылыми еңбектері
Научные труды Машанова А. М.
Кітаптар - Книги
Машанов, А.Жер астына саяхат [Электрондық ресурс] : ғылыми- фантастикалық әңгімелер / А. Машанов. - Алматы : Қазмемкөркемәдеббаспасы, 1957. - 230 б.
Машанов, А.Ғажайып от ошағында [Мәтін] / А. Машанов, Ж. Машанова. - Алматы : Қазақстан, 1978. - 144 б.
Машанов, А. Табу [Мәтін] : ғылыми фантастика / А. Машанов. - Алматы : Қазақстан , 1982.
Машанов, А.Әл-Фараби және Абай [Мәтін] / А. Машанов. - Алматы : Қазақстан, 1994. - 192 б.
Машани, А. Многотомное собрание сочинений [Текст] / А. Машани; ред. Ш. А. Абдраман.
Т. 8 : Аль-Фараби и современная наука. Солнечные часы в Казахстане : монография, научная статья / ред. Ш. А. Абдраман. - Алматы : Алатау, 2008. - 218 с. - Библиогр.: с. 201-205, 216.
Мақалалар - Статьи
Машани, А. Бюджеттік бәсірені бөлісу: қиындықтар мен қайшылықтар [Мәтін] / А. Машани // Заң газеті. - 2004 - № 12.
Машанов, А. Дүние емес, білім жиған ғұлама [Мәтін] / А. Машанов // Аңыз адам . - 2011. - № 17. - Б. 37. - Ғұлама ғалым Әбу Насыр әл-Фараби туралы.
Машанов, А. Жаңа идеяны батыл қолдайтын [Мәтін] / А. Машанов // Аңыз адам . - 2012. - № 13. - Б. 15. - Геолог ғалым Қ. Сәтбаев туралы естеліктер.
Өмірі мен ғылыми шығармашылығы туралы әдебиеттер
Литература о жизни и деятельности
Казахстан [Текст] : национальная энциклопедия. Т. 3. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы. - 2005. -Машанов Акжан Жаксыбекович: с. 503-504.
Казахстан[Текст]: краткий энциклопедический словарь. - Алматы: Алматыкитап. - 2005. -Машанов Акжан Жаксыбекович: с. 305.
Жүз тұңғыш [Мәтін] : жинақ. 2-ші кітап. - Алматы : Жалын, 2005 - 352 б.
Әбдіраман, Ш. Ақжан Машани [Мәтін] : ғұмырнамалық деректі хикая / Әбдіраман Ш. - Алматы : Қазақстан, 2007. - 392 б.
Қыдыр, Е. Отырар [Мәтін] / Е. Қыдыр. - Астана : Фолиант, 2009. - 300 б.
Ләмбекұлы, С. Қарқаралы [Мәтін] / С. Ләмбекұлы. - Астана : Фолиант, 2011. - 280 б. – Машанов А. Ж. туралы акпараты бар.
Әбдраман, Ш. Баба батасы [Мәтін] : А. Машановтың туғанына 100 жыл толуына орай / Ш. Әбдраман // Жұлдыз. - 2003. - № 11. - Б. 30-102.
Ғұлама ғалым Ақжан Машанидың 100 жылдығын қалай атап өтеміз? [Мәтін] // Қазақ әдебиеті. - 2003. - 4 сәуір. - Б. 4-5.
Төлеубаев, Е. Ақжан әл -Машани [Мәтін] / Е. Төлеубаев // Жас алаш. - 2003. - 19 маусым. - Б. 5.
Әбдіраман, Ш. Дүниетанымы аспанмен астасқан ұлт [Мәтін] : А. Машановтың туғанына 100 жыл толуына орай / Ш. Әбдіраман // Жұлдыз. - 2004. - № 3. - Б. 148-165.
Төлеубаев, Е. Ақжан Жақсыбекұлы әл Машани (Машанов) және Семей [Мәтін] / Е. Төлеубаев // Семей таңы. - 2004. - 23 шілде. - Б. 4.
Әбдіраман, Ш. Дегдар [Мәтін] : [Машанов А. Ж. туралы] / Ш. Әбдіраман // Егемен Қазақстан. - 2005. - 17 мамыр. - Б. 4.
Бейсенова, Ә. Ақжан ағаның алыптығы [Мәтін] / Бейсенова Ә. // Егемен Қазақстан. - 2006. - 13 қазан. - Б. 4.
Әбдіраман, Ш. Естен кетпес бір сұхбат. Ғұлама ғалым Ақжан Машанидың қоңыр үні әлі күнге құлағымда тұрғандай [Мәтін] / Ш. Әбдіраман // Түркістан. - 2007. - 5 сәуір. - Б. 10.
Назырбаев, Қ. Ақжан атаның Алтайдағы күндері [Мәтін] / Қ. Назырбаев // Егемен Қазақстан. - 2013. - 30 қаңтар. - Б. 10.
Кішібеков, Д. Әулиедей адам еді [Мәтін] / Д. Кішібеков // Қазақ әдебиеті. - 2015. - 8 - 14 мамыр. - Б. 12 . - Ғалым Ақжан Жақсыбекұлы Машанов туралы.
Панзабеков, К. Ақжан Машаниге жазылған арыздың ақыры [Мәтін] / К. Панзабеков // Қазақ әдебиеті. - 2016. - 30 қыркүйек - 6 қазан. - Б. 12.
Тәшенов, Т. Пайғамбарлар есебін неге пайымдай алмадық? [Мәтін] / Т.Тәшенов // Айқын. - 2016.- 24 қыркүйек. -Б. 23. - Еврейлердің Каббаласы мен Абжад(әбжад) есебі, ежелгі құпия ілім туралы.
***
Они были первыми [Текст] : [справочник]. - Алматы : Алматыкiтап, 2007. - 296 с.
Сарсеке, М. Евней Букетов [Текст] : феномен личности / Сарсеке М. - Астана : Фолиант, 2007. - 647 с. - Есть информация о Машанове А. Ж.
Путешествие в глубь земли продолжается... [Текст]: к 100-летию академика А. Ж. Машани// Рудный Алтай.- 2006. - 14 октября. - С. 6.