Известные имена

Чжан Е. Е.

Chzhan E EЧжан Елена Евгеньевна(1967 ж.) - педагог-ағартушы, көптілді білім беру саласының маманы, синхронды аудармашы, педагогика ғылымдарының кандидаты, С.Аманжолов атын. ШҚМУ профессоры.

ШҚО, Семей қаласында дүниеге келген. Өскемен педагогикалық институтының шет тілдері факультетін аяқтаған соң, неміс тілі мұғалімі болып қызмет атқарады; 1993 жылдан - С. Аманжолов атын. ШҚМУ-да оқытушыдан профессорға дейін қызмет атқарған. Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде кандидаттық диссертациясын қорғаған. Әр жылдары ШҚМУ және ШҚ Аймақтық университеттерде тіл кафедраларына басшылық еткен.    

Ғылыми бағыты: кәсіби білім беру теориясы мен әдістемесі, шет тілдерін оқыту әдістемесі. 60-тан астам ғылыми-әдістемелік еңбектің, соның ішінде монография, оқу құралдары, республикалық, халықаралық ғылыми басылым беттеріндегі жарияланымдардың авторы; мемлекеттік авторлық құқық тіркелімі туралы куәлігі бар.

Іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер бойынша республикалық жобалардың жетекшісі әрі орындаушысы. Соның ішінде, «Мультимедиа арқылы ІТ-мамандық студенттерінің үштілділік құзіреттілігін қалыптастыру» гранттық жобасы. Педагогикалық зерттеулер академиясында тағылымдамадан өткен соң (Франция, 2012 ж.), келесі авторлық курстарға жетекшілік еткен: «Жазғы Жастар Көшбасшылық мектебі» бағдарламасы аясында ШҚО ағылшын тілі мұғалімдеріне арналған курс; үштілді студенттерді кәсіби ағылшын тіліне үйретуге арналған «English for IT-specialists» мультимедиялық кешені. Е. Чжанның жетекшілігімен 1Ph.D докторы, 20 магистр даярланған. Сондай-ақ, халықаралық, республикалық, өңірлік олимпиадалардың жеңімпаздары, «Кедергісіз ағылшын» сайысының жеңімпаз оқушыларына да тікелей жетекшілік еткен.

Е.Е. Чжан – ғылыми, қоғамдық-саяси үштілділік бағытының синхронды аудармашысы, Қазақстанның мемлекеттік аттестациялық комиссиясы жұмысына қатысқан. «Мир Большого Алтая» халықаралық ғылыми журналының Редакциялық кеңесі мүшесі ретінде, Америкалық орталық (А. С. Пушкин атында,ы ШҚО кітапханасы), лингвистикалық сайыстар комиссиясының құрамында ағартушылық жұмыстар атқарған.

Гете Институты, АҚШ Елшілігі, Орталық-Азия Америкалық университеті гранттарының жеңімпазы. «Студенттерді сапалы даярлағаны үшін», «Өскемен қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін» Алғыс хаттарымен марапатталған.

Е. Е. Чжанның ғылыми еңбектері

Научные труды Чжан Е. Е.

 

Чжан, Е. Е. Базалық шет тілі бойынша әдістемелік оқу құралы [Мәтін] : А1, А2 деңгейі / Е. Е. Чжан, К. П. Соломина. - Өскемен : С. Аманжолов атындағы ШҚМУ баспасы, 2013. - 28 б.

Чжан, Е. Е. Мониторинг качества университетского образования в условиях информатизации [Текст] : монография / Е. Е. Чжан; М-во образования и науки РК. - Усть-Каменогорск : Изд-во ВКГУ, 2012. - 146 с.

 

Интернет-сілтемелер

Интернет-ссылки

 

vkgu.kz›sites/default/files/files/nauka…chzhan.doc

http://referatdb.ru/literatura/112070/index.html

http://nauka.kz/page.php?page_id=107&lang=1&month_to=12&year_to=2016&page=1434

http://www.nomad.su/?a=17-201001130012