Известные имена

Алтай Х.

Халифа Алтай (1917- 2003 жж.) – ғұлама ғалым, діни ағартушы.

Ғұлама ғалым, діни ағартушы ұстаз Халифа Алтай Ғақыпұлы 1917 жылдың 18 желтоқсанында Шығыс Түркістан аймағы Шіңгіл ауданының Жарынты өзенінің бойында дүниеге келген. Сауатын алғашында әкесі Ғақып Қаракеленұлынан, кейін ауыл молдасынан ашқан ол бүкіл өмірінің бастапқы кезеңі қуғын-сүргін, көші-қон азаптарымен өтсе, кейінгі ғұмырында діни, ағартушылық, имандылық бағытында өнімді еңбек еткен.

1933-1938 жылдары Қытайдағы қуғын-сүргінге байланысты ел-жұрты Баркөл, Гансу, Цинхай аймағына қоныс аударған. 1950 жылдың соңына қарай Солтаншәріп, Құсайын тайжы бастаған көш Гималайдың солтүстігінен Тибет заңғарынан асып, 1951 жылы Кашмир өлкесіне табан тірейді.

1952 жыл араб, урду тілдерін білген Халифа Алтай алғашында Пәкістанның Пешавар қаласында қызмет етеді. Сонда құрылған «Шығыс түркістандық қазақ көшіп келушілері қоғамының» жауапты хатшысы болады. 1953-1954 жылдары Пәкістандағы қазақтардың Түркияға көшін ұйымдастырған қайраткер ретінде танылды.

Алтай Халифа Түркияда шығармашылықпен айналысып, Шығыс Түркістаннан басталған азапты сапар туралы «Естеліктерім», «Атажұрттан Анадолыға дейін», «Алтайдан ауған ел» атты өмірбаяндық кітаптар жазды. 1977 жылы Ыстамбұлда «Қазақ түріктерінің шежіресі» атты зерттеу еңбегін шығарған.

Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін Халифа Алтай Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей қолдауымен атажұртқа қоныс аударды. Халифа Алтай – Қазақ елінде үлкен беделге ие болған ірі тұлға. Дін қайраткері ретінде оның 1991 жылы аударған «Құран Кәрімнің қазақша мағынасы мен түсінігі» Фахд баспаханасында басылып, 800 мың данамен таратылды. Сондай-ақ Дүние жүзі қазақтары қауымдастығының жанынан құрылған «Инабат» имандылық тәрбие орталығының төрағасы , Ислам дінін уағыздап, діни кітаптар аударып, таратуға еңбек сіңірген. 1995-2000 жылдары Қазақ радиосынан әр жұма сайын ислам дініне байланысты арнайы хабар жүргізді. Халифа Алтай өмірінің соңғы кезеңінде біржола шығармашылық жұмыстармен айналысты. «Сияри Нәби» (Хазірет пайғамбар Ғалаһіссаламның өмірбаяны) еңбегін шығарып, 1911 жылы Қазан қаласында «Ел-Итқан» деген атпен татар тілінде шыққан кітапты қайта қарап, қалыпқа келтіріп бастырды. «Бір жылдың 48 жұмасы мен екі мейрам құтпасы», «Қысқаша ислам тарихы» атты кітапты қазақшаға аударып шықты. «Ғибадатул ислам», «Құран әліппесі және имамның шарттары», «Иманшарт», «Ғылымхал» (Діни қағидалар), «Таңдаулы хадистер» секілді зәру тақырыптарда 11 діни кітап жазып, елінің рухани-діни кеңістігіндегі білімін толықтыруға ерік-жігерін сарқа жұмсады.  Халифа Алтай – әдебиет тарихында халықаралық «Алаш» сыйлығын алғаш иеленген қаламгер. Сонымен қатар оны «Түрік әлемінің ғұламасы» деп жоғары бағалаған.

Ақыл-парасатымен жұртқа жаққан, халқына қадірлі, еліне шапағатшыл болған қария 2003 жылы 86 жасында Алматы қаласында өмірден өтті. Қазақстандағы Ислам дінінің таралуына баға жетпес еңбек сіңірген Халифа Алтай есімі республика бойынша сыйымдылығы жағынан үшінші орын алатын Өскемен қаласындағы үлкен мешіт пен Алматы облысының Қырғауылды ауылындағы жаңа мешітке берілді.

 

Халифа Алтай ғылыми еңбектері

Научные труды Х. Алтая

 

Алтай, Х. Естелiктерiм [Мәтін] : [дастанды латын әрпiнен кириллицаға түсiрген Ш. Төлеубеков ] / Х. Алтай. - Астана : Елорда, 2000. - 136 б.

Алтай, Х. Ғибадатул – ислам [Мәтін] : дiни уағыз, насихаттар / Х. Алтай. - Алматы : Кiтап, 2001. - 144 б.

Алтай, Х. Хұтпалар [Мәтін] : дiни уағыз, насихаттар/ Х. Алтай. - Алматы : Кiтап, 2001. - 192 б.

Алтай, Х. Естелiктерiм [Мәтін] : [дастанды латын әрпiнен кириллицаға түсiрген Ш.Төлеубеков]. /Х. Алтай. - Алматы: Мұнайгаз, 2002. - 116 б.

Алтай, Х. Алтайдан ауған ел [Мәтін] / Х. Алтай. - Астана, 2011. - 280 б.

 

Х. Алтайдың қатысуымен жарық көрген кітаптар

Книги, вышедшие с участием Х. Алтая

 

Құран әлiппесi және иманның шарттары [Мәтін] / жинақтап бастырушы Х. Алтай. - Алматы : Кiтап, 2001. - 112 б.

 

Мақалалар - Статьи

 

Алтай, Х. Ата жұрттан Анадолыға дейін [Мәтін] : деректі хикаят / Х. Алтай. // Жалын . - 1995. - № 3-4. - Б. 79-142.

Алтай, Х. Құрбан   айтының құтпасы [Мәтін] : 27-29 наурыз-құрбан айт / Х. Алтай // Түркістан. - 1999. - 24 - 30 наурыз. - Б. 4.

Алтай, Х. Мұсылмандық насихат үлгілері [Мәтін] / Х. Алтай // Түркістан. - 1999. - 5-11 мамыр. - Б. 4.

 

Х. Алтайдың аудармалары

Переводы Х. Алтая

Құран Кәрим : қазақша мағына және түсiнiгi / ауд. Х. Алтай. - Шарапатты екi харамның қызметкерлерi Фаһд патшаның Құран шәриф басым комбинаты, 1991. - 604 б.

Таңдаулы Хадистер аудармасы / түрiкшеден қазақшаға аударған Х. Алтай. - Алматы : Берен, 1994. - 120 б.

 

Х. Алтай туралыәдебиеттер

Литература о Х. Алтае

 

Кітаптар - Книги

 

Тасада қалған тарландар [Мәтін] : танымдық мақалалар / Н. Қазыбек. - Алматы : Білім, 2003. - 76 б.

Асыл дін және ұлт зиялылары [Мәтін] / ред. А. Ахмет. - Алматы : 2008. - 223 б.

Ұлтым деп соққан жүректер [Мәтін] : өмірдерек. - Алматы : КИЕ, 2009. - 200 б.

Баянғазыұлы, Е. Шығысым - шырайлы мекенім [Мәтін] : естеліктер, толғаныстар мен мөлтек сырлар / Е. Баянғазыұлы. - Өскемен : Медиа-Альянс, 2012. - 275 б.

 

Мақалалар - Статьи

 

Жасынова, Р. Абыз [Мәтін] : [түрколог-ғалым, этнограф, жазушы Халифа Алтай туралы] / Р. Жасынова // Егемен Қазақстан. - 1997. - 18 қазан. - Б. 2.

Абдаллаһ, Б. А. Иманды жүрек тағлымы - Аллаһтың адал құлы, ислам дінінің зор білгірі, Халифа Алтайды еске алғанда [Мәтін] / Б. А. Абдаллаһ // Түркістан. - 2003. - 28 тамыз. - Б. 5.

Махмұт, К. Ғұлама [Мәтін] : қоғам қайраткерi, көрнектi ғалым, этнограф, теолог, аудармашы Халифа Алтай Ғақыпұлының еңбегi жайлы / К. Махмұт // Алматы ақшамы. - 2005. - 13 қыркүйек. - Б. 1, 4.

Аймағанбет, Г. Қазақтың Халифа Алтайы [Мәтін] / Г. Аймағанбет // Астана хабары. - 2007. - 20 қазан. - Б. 2 .

Қара, Ә. Қазақ халқының рухани өмiрiнде өшпес iз қалдырған Халифа Алтай [Мәтін] / Ә. Қара // Көрнектi дiн және қоғам қайраткерi Халиф Алтай: елдiк iс пен имани құндылықтар : халықаралық ғыл. - практ. конф. материалдары (Астана, 2007 ж. 6 желтоқсан). - Алматы, 2008. - Б. 56-59.

Дәуiтұлы, С. Дiни насихат және Халифа Алтай тағылымы [Мәтін] / С. Дәуiтұлы // Көрнектi дiн және қоғам қайраткерi Халиф Алтай : елдiк iс пен имани құндылықтар : халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары (Астана, 2007 ж. 6 желтоқсан). - Алматы, 2008. - Б. 44 - 48.

Қыдырбайұлы, Б. Салт-дәстүр және елдiк-дiни ұстаным / Б. Қыдырбайұлы // Көрнектi дiн және қоғам қайраткерi Халиф Алтай : елдiк iс пен имани құндылықтар: халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары (Астана, 2007 ж. 6 желтоқсан). - Алматы, 2008. - Б. 2.

Нуриден, Р. Халифа Алтай - халықтың рухани ұстазы [Мәтін] / Р. Нуриден // Көрнектi дiн және қоғам қайраткерi Халиф Алтай : елдiк iс пен имани құндылықтар : халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары (Астана, 2007 ж. 6 желтоқсан). - Алматы, 2008. - Б. 77-79.

Әбдiманапов, С. Елдiктiң асыл арқауы [Мәтін] / С. Әбдіманапов // Көрнектi дiн және қоғам қайраткерi Халиф Алтай: елдiк iс пен имани құндылықтар : халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары (Астана, 2007 ж. 6 желтоқсан). - Алматы, 2008. - Б. 3-7.

Тоқашбаев, М. Ұлтымыздың ұстазы [Мәтін] : [дiн және қоғам қайраткерi, көрнектi ғалым, этнограф, теолог, аудармашы Халифа Алтай жайлы] / М. Тоқашбаев // Көрнектi дiн және қоғам қайраткерi Халиф Алтай : елдiк iс пен имани құндылықтар : халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары (Астана, 2007 ж. 6 желтоқсан). - Алматы, 2008. - Б. 83-89.

Кирхнер, М. Қазақтың тiлi мен мәдениетiн зерттеуге құлшындырған Халифа Алтай туралы [Мәтін] / М. Кирхнер // Көрнектi дiн және қоғам қайраткерi Халифа Алтай : елдiк iс пен имани құндылықтар : халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары (Астана, 2007 ж. 6 желтоқсан). - Алматы, 2008. - Б. 16-20.

Қамзабекұлы, Д. Алаш қайраткерi мен Халифа Алтай арасындағы рухани сабақтастық [Мәтін] / Д. Қамзабекұлы // Көрнектi дiн және қоғам қайраткерi Халиф Алтай : елдiк iс пен имани құндылықтар халықаралық ғылыми. - практ. конф. материалдары (Астана, 2007 ж. 6 желтоқсан). - Алматы, 2008. - Б. 25-30.

Ескендiрұлы, Ә. Халифа Алтайдың өнегелi ғұмыр жолы [Мәтін] / Ә. Ескендірұлы // Көрнектi дiн және қоғам қайраткерi Халиф Алтай : елдiк iс пен имани құндылықтар : халықаралық ғылыми- практикалық конференция материалдары (Астана, 2007 ж. 6 желтоқсан). - Алматы, 2008. - Б. 31-36.

Харун, Я. Эволюция теориясының күйреуi һәм оның идеологиялық қитұрқы астары [Мәтін] : [аят мағыналары Х. Алтайдың нұсқасы бойынша алынды] / Я. Харун // Отбасы және денсаулық. - 2009. - № 4/5. - Б. 26-27.

Нұржекеұлы, Б. Ұлттық дәстүрiмiз дiнге қайшы ма? [Мәтін] : [Халифа Алтайдың "Түркi әлемiнiң ғұламасы" атты мақаласына пiкiр] / Б. Нұржекеұлы // Экономика. - 2010. - 22-28 сәуiр. - Б. 8.

Бабаев, И. Ұлты мен ұлысының ұлы перзентi жайлы [Мәтін] : [ғалым, турколог, этнограф Халифа Алтай туралы] // Қазақ. - 2010. - 24-31 желтоқсан. - Б. 15.

Байырбек, Н. Кемел тұлғамен кездесу [Мәтін] : [дiн және қоғам қайраткерi, көрнектi ғалым Халифа Алтай жайлы] / Н. Байырбек // Астана ақшамы. - 2013. - 31 қаңтар. - Б. 14-15.

Мешiтiмiзге Халифа Алтай аты берiлсе... [Мәтін] // Дидар. - 2015. - 22 сәуiр. - 5 б.

 

Интернет-ресурстар

Интернет-ресурсы

Мырзахожа, М. Не властно время перед ним [Электронный ресурс] / М. Мырзахожа. - Наш мир : сайт. – Режим доступа: http://nm2000.kz/news/2007-09-13-1301

Кәрімхан, З. Халифа Алтай [Электронный ресурс] / З. Кәрімхан – National digital history of Kazakhstan : сайт. – Режим доступа: http://e-history.kz/ru/publications/view/1291

Памяти шейха. Скончался один из самых авторитетных мусульман Казахстана Халифа Алтай [Электронный ресурс]. – ЦентрАзия : сайт. – Режим доступа: http://www.centrasia.ru/newsA.php?st=1062274620