Известные имена

Төлеген М. А.

Толеген М. А.

Төлеген Мұхтар Әділбекұлы (1980) – заң ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, философия докторы (PhD).

1980 жылғы 16 шілдеде Оңтүстік Қазақстан облысының Созақ ауданы, Шолақ қорғанауылында педагогтар отбасында дүниеге келген. 1997 жылы №1 Ы. Алтынсарин атындағы орта мектепті үздік бітірді. 1997 ж. 2001 ж. аралығында Қазақ мемлекеттік заң университетінде (Алматы қ.) білім алды. 2001 жылы сол жоғары оқу орнының тергеу-криминалистік факультетін «құқықтану» мамандығы бойынша үздік түлегі атанды.

2001 ж. 2003 ж. аралығында ҚазГЗУ Солтүстік Қазақстан заң институтында (Павлодар қ.) әртүрлі қызметтер атқарды: ұйымдастыру-кадрлық қамтамасыз ету бөлімінің бірінші санаттағы аудармашысы, заңгері, қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы, қылмыстық-құқықтық және азаматтық-құқықтық пәндер кафедрасының оқытушысы.
2002 ж. 2006 ж. аралығында ҚазГЗУ Мемлекет және құқық институтында аспирантурада оқыды. 2006 жылдың қазан айында «Қазақстан Республикасындағы қылмыстылықтың алдын алуды ақпараттық қамтамасыз ету» тақырыбында кандидаттық диссертациясын сәтті қорғап, «12.00.08-қылмыстық құқық және криминология, қылмыстық-атқару құқығы» мамандығы бойынша заң ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алды.
2003 ж. 2006 ж. аралығында ҚазГЗУ Алматы заң Академиясында қызмет атқарды: ректор көмекшісі, қылмыстық құқық және криминология кафедрасының оқытушысы, ҚазГЗУ ғылыми бөлімінің бас маманы.
2006 ж. 2007 ж. аралығында ҚазГЗУ Құқық және экономика колледжінің  құқықтық пәндер бөлімі меңгерушісі,
2007 жылдың маусым-тамыз айларында Алматы қ. Бостандық ауданының №169 сайлау учаскесінің төрағасы болды.
2007 ж. 2008 ж. аралығындаҚазГЗУ Алматы заң Академиясының кәсіпкерлік құқық және қаржы факультетінің деканы (Алматы қ.) қызметін атқарды.
2008 ж. 2012 ж. аралығында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық универитетінде қызмет атқарды: Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық универитеті ректорының кеңесшісі, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық универитеті халықаралық қатынастар факультеті деканының оқу және әдістемелік жұмыстары жөніндегі орынбасары (Алматы қ.).
2012 жылғы 26 қаңтардан 2016 жылғы 24 мамырға дейін Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының оқу және әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректоры қызметін атқарды.
2016 жылдың 24 мамырдан 2017 жылдың 7 сәуірі аралығында І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті ректор Аппаратының басшысы болды.
2017 жылғы 7 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Білім және ғылымминистрінің № 30-жқ бұйрығынасәйкес, І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің инновациялық жұмыс және стратегиялық даму проректоры қызметіне тағайындалып, қызмет атқарып келеді.
2011 жылы «құқықтану» мамандығы бойынша қауымдастырылған профессор (ҚР БжҒМ 30.06.2011ж. ДЦ №0002253 шешімі) ғылыми атағын алды. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің лейтенанты.
«Қылмыстылықтың алдын алу» (Алматы, 2009), «Жоғары оқу орындарындағы құқықтық тәрбие», «Қазақстан Республикасындағы адам және азаматтың конституциялық-құқықтық мәртебесі» (Қостанай, 2014) атты 3 оқу құралдарын және «Қылмыстылық пен күресудегі мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың және бұқаралық ақпарат құралдарының өзара әрекеттестік мәселелері» атты монография (Қостанай, 2014), 70-тен аса ғылыми мақалалар жариялады. Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар Түркияда, Германияда, Беларуссияда, Ресей Федерациясында («Іssues of state organs, social organizations and mass media interaction in struggle against crime in the Republic of Kazakhstan» Middle East Journal of Scientific Research журналы (Scopus, index, 2,0) ғылыми басылымдары бар.
2012 жылы Шығыс Еуропа құқығы Мюнхен институтында (Германия), 2013 жылы Валенсия политехникалық университетінде (Испания) ғылыми тағылымдамадан өтті. 2014 жылдың 9-26 маусымы аралығында «Назарбаев университеті» ДББҰ мен Ли Куан Ю атындағы Мемлекеттік саясат мектебінде (Сингапур) Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары басшыларының біліктілігін арттыру курстарында оқыды.
2012 жылдан бері Қазақмемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Республикалық оқу-әдістемелік кеңесінің,  ЕурАзЭҚ Білім беру бойынша Кеңестің интеграциялау Комитетінің (Минскқ.) мүшесі.
2012-2016 жылдары аралығында «НұрОтан» партиясының Қостанай облыстық филиалының Саяси кеңесінің мүшесі болды.
2017 жылғы 31 мамырда Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан Республикасында бірыңғай ақпараттық кеңістік құрудағы рөлі» атты ғылыми грант жеңімпазы атанды.
Еңбек атқару барысында көптеген ведомстволық және Үкіметтік наградаларға ие болды: 2014 жылы «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен, «Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтына 75 жыл» мерей тойлық медалімен марапатталды. 2014 жылы «ЖОО Үздік оқытушысы» мемлекеттік грантын иеленді, 2015 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хатын алды.
2018 жылдан ШҚМУ-дың ректоры.2021 жылы Өскеменнің «Берел» баспасынан «Абайдың құқықтық көзқарасы және «Қарамола ережесі» атты ғылыми еңбегі жарық көрді.

 

М. А. Төлеген еңбектері
Труды Толеген Мухтара

Төлеген, М. Ә. Қазақстан Республикасындағы қылмыстықтың алдын алуды ақпараттық қамтамасыз ету: заң ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның авторефераты / Төлеген М. Ә. - Алматы: [б. и.], 2006. - 32 б.
Төлеген М.Ә. Абайдың құқықтық көзқарасы және «Қарамола ережесі»: Монография / М.Ә. Төлеген. - Өскемен. – С. Аманжолов атын. Шығыс Қазақстан Университеті «Берел» баспасы, 2021. -176 б.

 

М. А. Төлегеннің мерзімді басылымдар мен жинақтардағы мақалалары
Публикации Толеген М. А. на страницах периодической печати

Төлеген М.Ә. Қылмыстылықтың алдын алудағы бұқаралық ақпараттар құралдарының рөлі. /М. Төлеген // ҚазҰУ хабаршысы. Халықаралыққатынастаржәнехалықаралыққұқықсериясы = Вестн. КазНУ. Сер. междунар. отношения и междунар. право. - 2009. - № 3.- Б.72-75 б.
Төлеген М.Ә. Бұқаралық ақпарат құралдары және құқықтық тәрбие. /М. Төлеген. // ҚазҰУ хабаршысы. Халықаралыққатынастаржәнехалықаралыққұқықсериясы = Вестн. КазНУ. Сер. междунар. отношения и междунар. право. - 2010. - № 5/6.- Б.240-244 б.
Төлеген М. Даналар дәріс алған кітап / М. Төлеген. // Түркістан. - 2012. - 21 маусым (№ 25). – Б.7.
Төлеген М. Дамыған ел - белсенді, білімді, денсаулығымықтыазаматтар. / Төлеген М. // Егемен Қазақстан. - 2014. - 5 ақпан (№ 24). – 5
Төлеген М. Ә.Қазақтың руханияты да, мәдениеті де бай. / М. Төлеген // Айқын. - 2017. - 25 шілде (№ 109). - 4

***

Толеген М. Безграничный в познании / ТолегенМухтар // Казахстанская правда. - 2020. - 23 января. - С. 3.
Толеген М. Аманжолов Университет: вуз XXI века: [о ровеснике Независимости Университете им. С. Аманжолова] /М. Толеген // Казахстанская правда. - 2021. - 16 апреля. - С. 3.

 

М. А. Төлегеннің қатысуымен шыққан басылымдар
Издания, вышедшие при участии Толеген М. А.

Курмангали М.Ш. Некоторые проблемы взаимовлияния государства, средств массовой информации и гражданского общества при формировании общественного мнения по вопросам борьбы с преступностью: на примере "дела В. Челаха", связанного с убийством военнослужащих на казахстанско-китайской границе) / М. Ш. Курмангали, М. А. Толеген // ҚазҰУ Хабаршысы. Халықаралық қатынастар және Халықаралық құқық сериясы. - Алматы: Қазақ университеті, 2014. - № 1. - С. 130-138

 

М. А. Төлегеннің өмірі мен еңбектері туралы әдебиеттер
Литература о жизни и трудах Толеген. М. А.

Абылқасым, А. .Арманы асқақ азамат / А. Абылқасым // Дидар. - 2019. - 8 қазан. – Б. 2.
Қайрат. Т.Дәстүр және жаңашылдық / Т.Қайрат. // Менің өлкем. - 2019. - 19 желтоқсан. - Б. 9.
Екпін, М..Түлектердің 98 пайызы жұмысқа орналасқан: / М. Екпін // Дидар. - 2020. - 10 қазан. - Б. 5.
Нұхұлы, А. Біліктілікті руханиятпен ұштастырған: / [С. Аманжолов атындағы университет ректоры М. Төлеген туралы] // Дидар. - 2020. - 8 желтоқсан. - Б. 4.

***

Омаров. Д. Дань уважения ветерану: [об открытии в ВКГУ им. С. Аманжолова кабинета цифровой гуманитаристики имени ветерана-преподавателя кафедры истории Казахстана Журсунгали Ахмерова, при участии министра обороны РК Нурлана Ермекбаева, ректора университета Мухтар а Толегена и др. творческий путь, биографические данные] / Д. Омаров. // Рудный Алтай. - 2019. - 30 апреля. - С. 3.